Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

Ыстамбұлдағы сұлулық салонының клиенттерін жасырын түсіріп, жазбаларды Telegram да сатқан

Жаһандық сенім қағидаттары

Жаһандық сенім қағидаттары

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Кеше Астанада екінші Astana Think Tank Forum 2025 өз жұмысын бастады. Әлемнің 20-дан аса елінен 40-қа жуық халық­аралық және академиялық сарапшы, жетекші «ақыл-ой орта­лықтарының» басшылары мен зерттеушілердің басын қос­қан биылғы форумның тақырыбы – «Поляризациядан серіктес­тікке: халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру».

Суретті түсірген – Игорь БУРГАНДИНОВ

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу­лер институты ұйымдастырған форум Astana International Forum (AIF) аясында өтіп жатыр. Айта кетсек, былтыр бірінші Astana Think Tank Forum да AIF аясында ұйымдастырылып, жаһандық тәртіптегі орта державалар­дың рөліне арналған еді. Содан бері форум халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған беделді сараптамалық алаң ретінде танылып отыр.

Жиынды ашып, қатысушылар алдында алғысөз сөйлеген Прези­дент кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев форумның күн тәртібінде жаһандық басқару реформасы мен бірполярлық дәуір­дің аяқталуынан бастап ядро­­лық сын-қатерлерге, жасан­ды интеллектінің дамуына, кли­мат, су ресурстары және демо­гра­­фия арасындағы өзара байла­ныс­­тарға қатысты заманауи ха­лық­ара­лық қатынастар жүйесі әңгі­ме өзегіне айналатынын айтты.

«Қазақстан сенім – бейбіт­ші­­лік­­тің іргетасы, ал диалог – бел­­гі­­сіздік арқылы өтетін ең сенім­ді жол екенін жақтайды. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы саясатын басшылыққа ала отырып, еліміз бейбітшілік, сенім және жауапты дипломатия құндылықтарын дәйекті түрде қолдайды», деді ол.

Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Жандос Шай­марданов бүгінгі таңда Қазақ­стан саясат пен экономика ғана емес, идеялар мен білім­нің де орталығына айналып келе жатқанын атап өтті. Astana Think Tank Forum-ның екінші мәрте жоғары деңгейде ұйым­дастырылуы – соның бір дәлелі. Оның айтуынша, бүгінгі күрделі халықаралық жағдай форумның өзектілігін айқындап отыр. Сондай-ақ Қазақ елі орта держава ретінде көптеген өзекті мәселе бойынша өз көзқарастары мен бастамаларын ортаға сала алады. 

«Біздің мақсатымыз – мәлімдемелермен ғана шектеліп қалмай, одан әріге қадам жасау. Атап айтқанда, нақты шешімдерді тауып, болашаққа ортақ көзқарасты қалыптастыру. Бұл тұрғыда талдау орталықтары маңызды рөл атқарады. Олар білім мен шешім, талдау мен әрекет арасындағы көпір. Белгісіздік пен бытыраңқылық жаһандық саясатты қалыптастырып жатқан кезеңде ғылыми-зерттеу институттарының жұмысы ерекше маңызға ие. Олар әрбір қоғамға болып жатқан үрдістерді түсінуге, шешімдерді табуға және диалогке деген сенімді қалпына келтіруге көмектеседі. Қазақстан үшін мұның стратегиялық маңызы бар. Өйткені еліміз салиқалы саясат тегеурінді талдаудан басталады деп есептейді. Сондықтан білімге, зерттеулерге және отандық әрі шетелдік серіктестерімізбен ашық ынтымақтастыққа инвестиция жасап келеміз. Қазақстандағы аналитикалық орталықтар жай бақылаушылар емес, олар – өзгерістерді бірлесіп жасаушылар. Сонымен қатар саяси жаңаруға, цифрлық трансформацияға және аймақтық ынтымақтастыққа да үлес қосады», деді ол.

Ж.Шаймарданов өз сөзінде бұл форум аясында өтетін бірқатар маңызды жаңалықтар мен іс-шараларға да тоқталды. «Биыл біз алға маңызды қадам жасаймыз. InsightsCentral.Asia – Орталық Азия тәжірибесін жаһандық зерттеу қауымдастығымен байланыстыратын жаңа цифрлық платформаны іске қосамыз. Осы форумға дайындық барысында бірқатар баяндама мен талдау материалдарын әзір­ледік. Мен барлық қатысушыны платфор­­мада оларды зерттеуге және жаңа бірлескен зерттеу тақырыптарын ұсынуға шақырамын. Бұл форумды талқылау үшін ғана емес, сонымен қатар аймақтық идея­лар мен серіктестіктердің келесі буынын қалыптастыру үшін де маңызды», деді ҚСЗИ директоры.

Сонымен қатар ол Астана әрқашан идеялар қаласы, көзқарас пен диалогтің тоғысқан жері болып келе жатқанын тілге тиек етті. Оның пікірінше, бұл форум аталған игі дәстүрді одан әрі нығай­тып, Орталық Азияның инновация мен ынты­мақ­тастық аймағы ретіндегі бола­шағын қалыптастыруға өз үлесін қоспақ.

Astana Think Tank Forum 2025 бірінші сессиясы «Көпжақтылықтың жаңа бетбұрысы: бөлшектелген əлемдегі жаһандық басқа­руды реформалау» тақырыбына арналды. Сессияға БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагка моде­раторлық етті. Қатысушылар халық­аралық институттардың қазіргі жағ­дайын талқылап, халықаралық қауым­дас­тықтың өсіп келе жатқан поляризациясы мен бөлшектенуі жағдайында өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын іздеуге назар аударды.

Талқылау барысында трансформа­цияның орталық элементі ХХІ ғасырдағы қауіпсіздікті, тұрақтылықты, әділдікті және халықаралық тәртіптің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған БҰҰ және басқа да көпжақты институттардың рөлі мен құрылымын қайта қарау идеясы бірнеше рет көтерілді. Осы тұрғыда Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев өз сөзін орта державалардың рөлі артып келе жатқанынан бастады.

«Бүгінгі таңда «сындарлы консенсусты» құру және көпжақтылықты нығайту ерекше маңызды, өйткені тұрақты және әділ әлемдік тәртіпті қолдауға жауапкершілік көп мемлекеттің мойнына жүктеліп отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, орта державалар өз аймақтарында және одан тыс жерлерде тұрақтылықты, бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз ететін негізгі субъектілер ретінде көбірек әрекет етеді. Олар жаһандық ойыншылардың мүдделері тоғысатын бағыттар бойынша өз жерінде диалог алаңын ұсынады», деді Е.Ашықбаев.

Панельдік сессия барысында сөз алған Үндістандағы Ғаламдық зерттеу­лер институтының президенті Ашок Саджанхар тек аймақ елдерін емес, жалпы әлемді алаңдатып отырған маңызды мәселеге тоқталды. Ол – Қытай мен Үндістан арасындағы кейбір шекаралық түйткілдер мен оны реттеу үшін қолға алынып жатқан шаралар. Сарапшының айтуынша, халқы көп екі алып ел арасындағы шекара мәрте­бе­сі әлі толық айқындалмаған.

«Қытай – әлемдегі екінші ірі экономика. Ал Үндістан бүгінде әлемнің төртінші экономикасы. Жақын уақытта ол да әлемдегі екінші ірі экономикаға айналуға жақын тұр. Осы екі ел арасындағы шекара ұзындығы ­3 500 шақырымды құрайды. Бұл шекараның мәртебесі толық айқындалмаған. Қазір Қытай тарапымен осы мәселе бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Сондықтан Үндістан мен Қытай үшін, сондай-ақ бүкіл өңір мен әлем үшін екі ел арасындағы қатынастың қалыпты, бейбіт, болжамды және тұрақты болуы аса маңызды. 2000 жылы кейбір аумақтар Үндістанға тиесілі деп танылып, сол жағдай шиеленіске себеп болған еді. Алайда бүгінде негізгі мақсат – сол кездегі жағдайды қалпына келтіріп, қарым-қатынасты тұрақтандыру болып отыр. Қазір дәл осы бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп келеді», деді шетелдік сарапшы. Оның айтуынша, екі ел арасындағы сауда қатынастары да қалыпқа келтірілмек.

Ал «Бірполярлық дәуірдің аяқталуы: Күштер тепе-теңдігінің өзгеруі және көпжақ­ты­лықтың болашағы» атты кезекті сессия­да сөз сөйлеген Корея Республикасының өкілі, Корея қоры жанындағы Корея-Орталық Азия ынтымақтастық форумы хатшылығының атқарушы директоры Чон Гук Ри өз елі мен Орталық Азия арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың маңызы туралы баяндама жасап, тараптардың өзара байланысы жаңа белеске шыққанын атап өтті. Сондай-ақ ол қазіргі күрделі халықаралық жағдайда көпжақты әріптестіктің де рөлі күшейіп отырғанын жеткізді.

«Бүгінде әлем көпполярлықтан кейінгі жаңа кезеңге аяқ басты. Мұндай жағдайда халықаралық ынтымақтастықтың өзегі ретінде Орталық Азияның маңызы артып келеді» деген спикер Корея мен Орталық Азия елдері арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнағанына, кейінгі 30 жылда саясат, экономика және мәдениет салаларындағы байланыстар тұрақты түрде кеңейіп келе жатқанына тоқталды.

«Егер 1990 жылдары екіжақты сауда айналымы небәрі 200 млн доллар болса, бүгінде бұл көрсеткіш шамамен 9 млрд долларға жеткен. Корея мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі 2007 жылы басталды. Сол жылы екі тарап Корея-Орталық Азия ынтымақтастық форумын құрып, өзара іс-қимылды институцио­­нал­ды деңгейге көтерді. Ал 2017 жылы форум шешімдерін жүйелі түрде іске асыру үшін тұрақты хатшылық құрылды», деді ол.

Баяндамашының айтуынша, Корея мен Орталық Азия елдері арасындағы серіктестік аймақтың тұрақтылығын нығайтып қана қоймай, жаһандық ынтымақтастықты да ілгерілетуге ықпал етіп отыр.

Бұған қоса форумның бірінші күні «Ядролық сынақ: стратегиялық бәсеке­лес­тік дәуірін­дегі қарусыздану», «Орталық Азия және Ауғанстан: аймақтық ынты­мақ­тастық­тың жаңа тарауы» атты панельдік сессия­лар мен «Жаһандық қауіпсіздік архитек­ту­ра­сының өзгеруі жағдайындағы Орталық Азия» атты ІІІ Орталық Азиялық қауіпсіздік пен ынтымақтастық форумы, сондай-ақ «Орталық Азия-Ауғанстан ынты­мақ­тастығы: қиындықтар мен мүмкіндіктер» баяндамасының тұсаукесері өтті.

Мұнда Флетчер мектебінің Халықаралық құқық және басқару орталығының (Тафтс уни­верситеті) аға ғылыми қызметкері және Оксфорд университетінің Келлогг коллед­жі­нің қызметкері Джошуа Линкольн, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Даму зерттеу орталығының Еуропа­лық және Азия­­лық әлеуметтік даму инс­титу­тының ғылыми кеңесінің жетекшісі Ли Юнчуань, Borderless Consulting Group негізін қалаушы және бас­қарушы директоры Чарльз Маклин, т.б. ха­­лықаралық сарапшылар өз ойын орта­ға сал­ды.

Форумның бірінші күні негізінен саяси мәсе­­лелерге арналса, бүгін жалғасын таба­тын екінші күнінде мемлекеттер арасын­дағы экономикалық байланыстар жайында әңгіме өрбімек.

Жасұлан СЕЙІЛХАН,

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 08:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see164

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see162

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see160

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see156

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see154

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see152

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see150

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see149

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see148

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

29 Тамыз 2026 21:14see145

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

29 Тамыз 2026 21:13see143

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

29 Тамыз 2026 21:13see138

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

29 Тамыз 2026 21:14see135

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

30 Тамыз 2026 11:40see133

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

29 Тамыз 2026 21:27see130

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

29 Тамыз 2026 21:14see129

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

30 Тамыз 2026 17:24see126

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

31 Тамыз 2026 00:46see117

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

30 Тамыз 2026 22:45see116

Ыстамбұлдағы сұлулық салонының клиенттерін жасырын түсіріп, жазбаларды Telegram да сатқан

29 Тамыз 2026 18:37see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары