Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2028 2029 жылдардағы тұрақты емес мүшесіне үміткер ретінде Тәжікстанның кандидатурасын қолдайды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Президент мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту шараларына арнайы тоқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
– Тұрақты түрде өткізіліп тұратын Мәдениет күндері, шығармашыл зиялы қауым өкілдері арасындағы белсенді диалог, көрнекті тұлғаларға ескерткіш ашу – мұның бәрі азаматтарымыздың қызығушылығын тудыратын дүниелер. Сондай-ақ біз білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделіміз. Қазақстан аймақ елдері ішінде Тәжікстан студенттеріне ең көп білім грантын береді. Жыл сайын 100 орын бөлінеді. Тәжік әскерилерін Қазақстанның оқу орындарында оқытуды жалғастыруға дайынбыз. Бұл жұмысты жүйелі әрі ұзақмерзімді негізде жүргізу үшін әскери кадрларды даярлау саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойылды, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, екі елдің өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымы бір екенін айтты. Қазақстан мен Тәжікстан көпжақты алаңдарда ортақ мүддені бірлесе ілгерілетуге әзір.
– Келіссөз барысында Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше ден қойдық. Өңірдің орнықты дамуы – бауырлас халықтардың түпкілікті мүддесіне сай келетін ортақ мақсат. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2028-2029 жылдардағы тұрақты емес мүшесіне үміткер ретінде Тәжікстанның ұсынылуын қуана қабыл алды. Біз Тәжікстанның кандидатурасын қолдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2026 16:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















