Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионатында Қытайды ойсырата жеңді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстанның хоккей құрамасы Оңтүстік Кореяның Дженджу қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Талғат Жайлауов жаттықтыратын ұлттық құрама Қытайды 5:0 есебімен ойсырата жеңді.
Кездесуде Саян Данияр екі шайба соғып, дубль авторы атанды. Артур Гатиятов, Кирилл Никитин және Оскар Юлбарисов бір-бір голдан салды. Юлбарисов Қазақстан құрамасындағы алғашқы шайбасын соқты.
Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Жапонияны 3:2 есебімен жеңген болатын.
8 қарашада Қазақстан құрамасы шешуші кездесуде Оңтүстік Кореямен ойнайды.
Айта кетейік, Қазақстан – Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Ұлттық құрама 2024 және 2025 жылдары қатарынан чемпион атанған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:29
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2026 18:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















