2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Әлеуметтік желіде «Лашын құс» есімімен танылған Ақгүл Әсетқызы алдағы жылы елге белгілі адамдардың құпиясы ашылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Өзін көріпкел ретінде таныстыратын Ақгүл Әсетқызы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында 2027 жылға қатысты болжамын бөлісті. Оның айтуынша, халық алдында жүрген кейбір танымал тұлғалардың жұрт біле бермейтін әрекеттері әшкере болуы мүмкін.
«Бірақ 2027 жылы "Біз елге көмектесеміз", "Халқым менің", "Ел үшін" деп жүрген көп адамның бетпердесі сыпырылып шешіледі», – деді ол.
Көріпкелдің сөзінше, ел алдында жүрген адамдардың арасында жеке көріпкел ұстап, түрлі тылсым рәсімдерге жүгінетіндер де бар. Ол мұндай қызметті пайдаланатын адамдардың көп екенін айтып, көпшілікті таңғалдырды.
Ақгүл Әсетқызының бұл мәлімдемелері әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Бұған дейін ол Қазақстанда ашаршылық болуы мүмкін екенін, Каспий теңізінің қатты тартылатынын және табиғи апаттарға қатысты болжамдарын айтқан еді.
Дегенмен оның болжамдарының ғылыми негізі немесе шындыққа сәйкес келетінін растайтын тәуелсіз дәлелдер ұсынылған жоқ. Сондықтан айтылған пікірлерді нақты болатын оқиғалар ретінде қабылдауға негіз жоқ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:122
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2026 09:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















