Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Пайымы биік преамбула

Көкке көз тіккен күн

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

Қазақстан Украина мен Иранда сайлау учаскелерін ашпайды

Шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл орталықтың қызметі әшкереленді бас прокурор

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды олар неге жұмсалуда

Күміс Сейітова: Адамның тәрбиесі оның сөзінен көрінеді

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

АҚШ Қазақстанды туристер үшін қауіпсіз елдердің қатарына қосты

FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

Recovery scam қалай жұмыс істейді?

Бестеректегі трагедия, 12 адамның өлімі: 2025 жылы бүкіл елді дүрліктірген оқиғалар

Бестеректегі трагедия, 12 адамның өлімі: 2025 жылы бүкіл елді дүрліктірген оқиғалар

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Жылан жылында елді дүрліктірген оқиғалар аз болған жоқ. Шымкентте шенеунікке оқ атылды. Одан кейін миллиондаған қазақстандықтың жеке мәліметі желіде тарап кетті. Ақтөбе облысында болған жол апатынан 12 адам қайтыс болса, Түркістан облысында 12 адам тірідей жанып кетті. Sputnik Қазақстан 2025 жылы ел назарында болған оқиғаларды еске алды.

Шенеунікке оқ атылды

Сәуір айында сол кездегі Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық елді дүрліктірді. Халық арасында сан алуан алыпқашпа әңгімелер тарала бастады. Бұл оқиғаға күдікті ретінде Ернар Жиембай ұсталды.

Сот кезінде Жиембай "қызғаныштан" эмоцияға беріліп, оқ атқанын, әйелінің Берденовпен жазысқанын көргенін, Берденовтің жұмыста дөрекілік танытып, намысына тиетін сөздер айтқанын жеткізді.

Берденов күдіктінің айтқандарын жоққа шығарды. Соттың шешімімен оқ атқан Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бірнеше айдан кейін Берденов жаңа қызметке тағайындалды.

Шерзат Полатты өлтіргендер сотталды

Жазда екі айға созылған сот отырысы аяқталды. 16 жастағы Шерзат Полатты өлтірген қылмыскерлер өз жазасын алды. Атап айтқанда, жасөспірімге пышақ сұққан Абзал Шынасыл 23 жылға сотталса, Равиль Сакиев 20 жылға, ал Азамат Тоқтаубаев 15 жылға түрмеге тоғытылды. Қалған бесеуі 7-9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Олар апелляцияға да беріп көрген. Бірақ сот үкімі өзгеріссіз қалды.

Ал кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқақ бір айдан кейін түрмеден шықты. Артынан "Хутор" қылмыстық тобының басшысы ретінде есімі елге танылған Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластары сотталды.

Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, Шерзатқа дер кезінде көмек көрсетілгенде аман қалатын еді.

Желіде жеке мәлімет тарап кетті

Маусым айында халықты дүрліктірген тағы бір ақпарат шықты. 16,3 млн қазақстандықтың жеке мәліметтері желіде тарап кетті. Соның ішінде әрбір адамның аты-жөні, туған күні мен жылы, ЖСН, мекенжайы, ұялы және үйдің телефон нөмірлері бар.

Үкімет миллиондаған адамның жеке мәліметтері мемлекеттік базалардан емес, жеке меншік ұйымдардан тарап кеткенін мәлімдеді. Осы факт бойынша қылмыстық іс те қозғалған болатын.

Жылдың соңында президент жарлығымен ұлттық қауіпсіздік комитетіне ақпараттық қауіпсіздік бойынша жаңа өкілеттіліктер берілді.

Перизат Қайраттың соты

Биыл қайырымдылықтың ашықтығына көлеңке түсірген іс сотта қаралды. "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігінің экс-басшысы Перизат Қайрат 10 жылға, ал оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар қайырымдылыққа жиналған 3,5 млрд теңгені ұрлағаны үшін айыпталған болатын. Бұл ақшаны қымбат үйлер, автокөліктер, әшекейлер, киім-кешек пен, жиһаз сатып алуға жұмсаған. Тергеу кезінде Перизат Қайраттың изолятордағы видеосы да жарияланды.

14 жастағы қыз босанды

Актөбе облысының Ойыл ауданында 9-сынып оқушысы жүктіліктің 38-аптасында сәбиін дүниеге әкелді. Білім басқармасы 14 жастағы қыздың бұған дейін үш рет медициналық тексерістен өткенін хабарлады. Алдымен аудандық ауруханада, одан кейін жазғы лагерьге тіркелу кезінде, ал оқу жылының басында ата-аналармен бірлескен тексерістен өткен.

"Ешбір жағдайда дәрігерлер ерте жүктіліктің белгілерін анықтамаған", – дейді шенеуніктер.

Ал полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні анықтады. Ол әжесінің күйеуі болып шықты. Бірақ оқушының туған атасы емес екен.

Жантүршігерлік жол апаты

Ақтөбе облысында қазанның аяғында жантүршігерлік жол апаты болды. Белқопа ауылының маңында жүк көлігі мен "ГАЗель" соқтығысып, оқиға орнында екі көлік жүргізушісі және 10 жолаушы қайтыс болды. Олардың арасында екі бала бар. Аман қалған 6 жолаушы ауруханаға жеткізілген болатын. Осы оқиғадан кейін облыста мерекелік шараларды өткізбеуге шешім қабылданды. Ал үкіметте арнайы комиссия құрылды.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында Toyota Camry және Volkswagen Sharan автомобильдері соқтығысып, бір көлік өртеніп кеткен. Оқиға орнында 8 адамның мәйіті табылды. Төртеуі ауруханаға жеткізілген болатын.

Төрт баланың өлімі

19 тамызда Бестерек ауылы қайғыдан қан жұтты. Көлік мінген ер адам жоғары жылдымдықпен жеке үйдің ауласына соғылып, ойнап жүрген 6 баланы қағып кеткен. Жол апатынан үш бала көз жұмса, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды. Артынан комада болған қыз көз жұмды. Екі бала ғана аман қалды.

Балаларды қағып кеткен жүргізуші 10 жыл бойы эпилепсия диагнозымен есепте тұрғаны анықталды. Ал Үржар аудандық соты оны көлікті басқару құқығынан айырған. Соған қарамастан жүргізуші куәлігін қалай алғаны белгісіз.

Сот шешімімен 55 жастағы ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса қайтыс болған бір баланың отбасына 20 млн, ал үш бірдей баладан айырылған ерлі-зайыптыға 30 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

12 адам тірідей жанып кетті

Қараша айында Түркістан облысында қайғылы оқиға болды. Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты үй толығымен жанып кетті.

Құтқарушылар 12 адамның денесін тапты. Олардың ішінде 9 бала болды. Үш адам - 39 жастағы ер адам, 35 жастағы әйел және 7 жасар бала Шымкенттегі гипербариялық орталыққа жеткізілген болатын. 30 қарашада бала көз жұмды.

Үкімет осы оқиғадан кейін де арнайы комиссия құрды.

Астанада тіркелуге шектеу енгізілді

Жылдың соңында елорданың мәслихаты тұрақты және уақытша тұруға тіркеу жағынан шектеу енгізді. Бұдан былай ерлі-зайыптыны, балаларды және бір үйде бірге тұратын жақын туыстарды қоспағанда белгілі бір мекенжайда 15 шаршы метрге бір адамды ғана тіркеуге болады.

Айта кетері, заң бойынша жаңа мекенжай бойынша бір айдың ішінде тіркеуге тұру қажет. Осы талапты бұзғандарға 13 АЕК-ке (2026 жылы - 56 225 теңгеге) айыппұл салынады. Ал үй иесі 20 АЕК (2026 жылы – 86 500 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қаңтар 2026 14:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Пайымы биік преамбула

18 Тамыз 2026 07:04see126

Көкке көз тіккен күн

18 Тамыз 2026 04:03see125

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

18 Тамыз 2026 13:08see123

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

18 Тамыз 2026 13:07see122

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

18 Тамыз 2026 13:12see122

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

18 Тамыз 2026 22:08see120

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

18 Тамыз 2026 20:29see117

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

19 Тамыз 2026 17:29see116

Қазақстан Украина мен Иранда сайлау учаскелерін ашпайды

18 Тамыз 2026 16:45see115

Шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл орталықтың қызметі әшкереленді бас прокурор

18 Тамыз 2026 10:19see114

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды олар неге жұмсалуда

18 Тамыз 2026 20:52see114

Күміс Сейітова: Адамның тәрбиесі оның сөзінен көрінеді

18 Тамыз 2026 14:23see114

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

19 Тамыз 2026 10:00see112

АҚШ Қазақстанды туристер үшін қауіпсіз елдердің қатарына қосты

18 Тамыз 2026 14:08see112

FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді

18 Тамыз 2026 21:56see110

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

18 Тамыз 2026 09:18see109

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

19 Тамыз 2026 08:42see109

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

19 Тамыз 2026 17:00see108

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

19 Тамыз 2026 22:32see108

Recovery scam қалай жұмыс істейді?

18 Тамыз 2026 11:42see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары