Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Kazinform рейтингі: 2025 жылы әлемді өзгерткен адамдар мен оқиғалар

Kazinform рейтингі: 2025 жылы әлемді өзгерткен адамдар мен оқиғалар

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жыл адамы: Дональд Трамп

Көп сарапшының пікірінше, АҚШ-тың дәл осы 47-ші президенті жылдың басты ньюсмейкері атануға лайық, оның ықпалымен халықаралық оқиғалар құбылып, әлем біршама өзгергенін жасыруға болмас. «Жыл адамы» деген айдардың өзі ықпалы мен билік ұғымымен қатар жүретінін ескерсек, таңдау дұрыс секілді.

Саясаттанушылардың пайымдауынша, Дональд Трамп жыл бойы өзін ғаламдағы басты бітімгер ретінде танытуға тырысты. Бастысы, келешек қадамын болжап болмайтын саясаткердің бейнесін сәтті қалыптастырды. Ол мінберге шыға қалса, бейбітшілік, келіссөз, өзінің халықаралық қатынастағы маңызды рөлі туралы көп айтатын, тіпті Нобель сыйлығына талпынғанын білеміз.

– Трамп өзін жалқы батыр көреді. Аласапыран әлемді тәртіпке келтіру үшін ХХІ ғасырға тап болған жалғыз ковбой дерсіз. Оның «мықты жігіт» имиджі – Трамтың капиталы. Сол имиджі үшін өзге президенттер одан ығады. АҚШ президентіне де өзгелердің қобалжығаны, ыңғайға келгені керек, – дейді ресейлік тележүргізуші, тарихшы Леонид Млечин.

Дональд Трамптың биыл қаңтарда өткен инаугурациясы көптеген маңызды саяси процестің бастамасы болғаны сөзсіз. Оған бірнеше себеп бар.

- Біріншіден, АҚШ әлемдегі ең ықпалды ел ретінде позициясын бекітті. Екіншіден, Дональд Трамп – шатақ әрі өте танымал медиатұлға. Үшіншіден, кейінгі жылда жаһандық оқиғалар әлемдік БАҚ-та көп айтыла бастады. Осы факторлар Трампты әлемдік саяси аренадағы басты адамның біріне айналдырды, – деп түсіндірді саясаттанушы Ғазиз Әбішев.

Дональд Трамп президент лауазымына кіріскен сәттен ауқымды «тариф соғысын» бастады. Мұндай ауқымды шаралар Қытай секілді экономикалық және геосаяси бәсекелестеріне ғана емес, одақтастарына да қарсы қолданылды. Сонымен қатар ол Таяу Шығыс пен Украинадағы қақтығыстарды реттеуге белсенді қатысты – қазір де сол жолда.

Фото: Kazinform

– Трамптың қайта сайлануы халықаралық жүйені өзгертті: Еуропа қауіпсіздік пен Ресейге деген көзқарасын өзгертті, Қытай батыс елдеріне қатысты ұзақмерзімді экономикалық стратегиясын түзетті. Сондай-ақ еркін сауда, протекционизм, АҚШ-тың халықаралық экономикалық жүйе мен сыртқы саясаттағы рөлі туралы түсінік өзгеруде, – дейді Халықаралық салық және инвестициялық орталығының (АҚШ) энергетика, экономикалық өсім және қауіпсіздік жөніндегі бағдарламасы директорының орынбасары Уэсли Александр Хилл.

Сарапшы Дональд Трамптың инаугурациясынан кейін болған АҚШ пен НАТО арасындағы келіссөзге ерекше тоқталды. Айтуынша, Кауіпсіздік жөніндегі конференцияда НАТО мен АҚШ ұжымдық қауіпсіздік кепілдіктері туралы алғаш ұстанымдарын айта бастаған.

Сондай-ақ Дональд Трамп Венесуэламен, соның ішінде Кариб теңізі акваториясындағы шиеленістің шешілуіне бастамашы болды. Нәтижесінде АҚШ президенті бір сәтте әлемдегі ықпалды тұлғаға айналып шыға келді.

Қазір сарапшылар бір ұстанымда: халықаралық қатынаста күшпен иліктіру әдісі пайда болды – бұрын мұны саясатта «канонер дипломатиясы» деп атайтын. Бұл әдіс ХХ ғасырға дейінгі әлемдік саясатта кең қолданылды әрі realpolitik (реализм саясаты) қағидаттарының бірі саналатын. Демек, бүгінде күш көрсету жаһандық саясат пен экономикаға қайта оралды.

– Прагматизм алдыңғы орынға шығады. Ұлттық мүдде ең жоғары құндылық деп саналып, кемінде алдағы бірнеше жыл осы ойын ережесімен жүретініміз анық. Экономикада осы қисынды байқап отырмыз, – деді ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Санат Көшкімбаев.

Әлемдік ахуалға тікелей араласу бір бөлек. Мысалы, Дональд Трамп бейтарап бағытты жақтайды. Ең алдымен АҚШ-тың ішкі дамуын жеделдетуге бейіл, яғни экономика мен сауда. әлеуметтік салалар мен саяси нормаларды жүйеге түсіргісі келеді.

- Әңгіме әрбір мемлекеттің өз бетінше әрекет етуі, мәселені дербес шешуі және сыртқы ойыншыларға сенбеуі туралы болып отыр. Бұл белгілі бір деңгейде халықаралық саясаттың деидеологиялануына (үстем идеологиялардан бас тарту тұжырымдамасы) әкеледі, – деп түсіндірді Тайыр Нығманов.

Коллаж: Canva

Мұндай тәсіл, біріншіден, АҚШ экономикасында байқалуда: Дональд Трамп баж салығын енгізді, өндірісті АҚШ-қа қайтару арқылы ішкі нарықты қорғады. Басқа тұсынан алсақ, бұл Трамптың жаһандану мен еркін саудаға қарсы әрекеті іспетті.

– Трамптың «сауда соғысы» табысты аяқталды. Көпшілік оның әрекетін сынағанымен, нәтижесін жоққа шығара алмаймыз. Жұрт күткендей, баж салығының аса кері әсерін көрмедік. Ал Трамп АҚШ экономикасына зиян келтірмейтіндей етіп әрекет жасап, дегеніне жетті, – деп толықтырды сарапшы Андрей Чеботарев.

Сарапшылардың пайымдауынша, соңғы отыз жылда әлемде үстем болған жаһандану саясаты мемлекеттер мен мәдениеттер арасындағы алшақтықты жойған. Жаһанданудың белгісіне айналған интернет, әлемдік брендтер, әмбебап тұтыну модельдері әлемді жақындастыруда. Бұл ретте АҚШ – сол жаһанданудың негізгі қозғаушы күші. Бірақ Дональд Трамптың билікке келуімен үрдіс кейін кеткендей.

– Трамптың саясаты мәдени кодты қорғауға, бөтен мәдениеттерге сақтықпен қарауға және көші-қонды қатаң шектеуге негізделген. Оның үстіне ол АҚШ ішіндегі көші-қон саясатын ғана емес, Еуропадағы ашық шекараларды да тым либералды деп есептейді. Трамп әкімшілігі аталған ұстанымға көп көңіл бөліп отыр, – деді Тайыр Нығманов.

Осылайша, АҚШ президентінің шешімдері оқшаулану мен ұлттық саясатқа құрылған. Сарапшылардың айтуынша, мұндай үрдіс өзге елдерде де басталуы мүмкін.

Жыл оқиғасы: Қазақстанның сыртқы саясаттағы табысы

Жаһандық саяси конфигурацияға айтарлықтай әсер еткен АҚШ-тың жаңа Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының қабылдануы әлемдік саясаттағы оқшаулануды үдетті.

– Бұрын бұл үрдістер ертегі көрінетін, қазір АҚШ-тың Еуропалық одаққа және өзге елдерге салған санкцияларынан кейін оқшаулану, жеке даму белең алатындай, – деп болжады экономист Олжас Құдайбергенов.

Осы тұрғыдан алғанда, биылғы жылдың басты үрдісі – саяси коммуникация стилінің белең алуы. Экономист Эльдар Шамсутдинов атап өткендей, жария мәлімдемелер қысым құралы ретінде жиі қолданыла бастады әрі қалыпты құбылысқа айналғаны бар.

Фото: Kazinform

– Бұл тәсіл бәрін өзгертті. Әсіресе нарық қабылданған шешімдерге емес, сигналдар мен риторикаға қарап құбылатын болды. Мемлекеттер саяси стратегияларына ақпараттық сценарийлерін қоса бастады. Қоғам үшін саясаткерлердің сөзі қол қойылған құжаттан кем түспейтін күйге жеттік, – деп есептейді Эльдар Шамсутдинов.

Саясаттанушы Сұлтан Әкімбековтің пікірінше, сауда соғыстары кейінгі 30-35 жыл ішінде орын алған жаһандану үрдісін тежей бастады. Сарапшылардың айтуынша, 2025 жыл жаңа саяси шындыққа бейімделу жылы болды.

– Қоғамның мінез-құлқы мен коммуникация өзгерді. Идеологиялық бағыт тасада қалып, іс орайы мен сарапқа көп сүйене бастадық. Декларациялар мен ұрандар екінші орынға ығысып, талдамалық құрылымдар алға шықты, – деп есептейді «Өңірлік интеграцияны зерттеу институты» ҚҚ басшысы Таисия Мармонтова.

Сарапшының айтуынша, алдағы уақытта жылдам шешім қабылдайтындар емес, тәуекелдерді болжау, институционалдық тұрақтылықты сақтау қабілеті барлар ғана ұтады. Яғни, мемлекеттер күн сайын құбылған саяси шындыққа бейімделуі керек және ол қатарда Қазақстан да бар.

Еліміз жыл бойы Қытай, Жапония, Ресей, АҚШ және Еуропалық одақпен «Орталық Азия +» форматында саммиттер өткізді. Сондай-ақ Тяньцзинде өткен ШЫҰ отырысына және Ташкентте өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысты. Аталған қадам Қазақстанның өзгеріп жатқан сыртқы саяси ортаға дер кезінде бой үйретуі секілді. Оған қоса халықаралық және өңірлік әріптестермен жемісті диалог жүргізуге ұмтылысын көрсетті.

Фото: Kazinform

– 2025 жыл – Қазақстан үшін ерекше жыл. Барлық алпауыт мемлекеттер Қазақстанның маңызын сезінді және мойындады. Еуропа елдері мен Жапония саяси және экономикалық байланыстарды нығайтуға ниет білдірді, – деген ойда Леонид Млечин.

Сарапшылар Вашингтондағы «С5 + 1» форматындағы саммитке Қазақстанның қатысуын ерекше атап өтеді.

– Кездесуде Орталық Азиядағы көлік, инвестиция, қауіпсіздік сияқты нақты мүдделер талқыланғаны маңызды болды. Қазақстан үшін бұл қарым-қатынастар «біржақты» ұстаным емес, көпвекторлы саясатқа негізделген әлем елдерімен ортақ қатынасының белгісіне айналды, – дейді Саяси технологиялар орталығының (Баку) президенті, саясаттанушы Уәли Әлібаев.

Леонид Млечиннің пайымдауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұсында Қазақстан тек Орталық Азиядағы ғана емес, бүкіл өңірдегі ең табысты және маңызды елдің біріне айналды. Оның айтуынша, қазір еліміз өңірдегі тұрақтылықтың тірегі саналады.

– Дональд Трамп Ақ үйдегі кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаевты жоғары бағалады. Кейін оны "халықаралық үдерістерді терең және салмақты түсінетін тамаша адам және тәжірибелі мемлекет қайраткері" деп мақтағанын білеміз, – деп қосты спикер.

Млечиннің айтуынша, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің коронавирус пандемиясынан кейінгі алғашқы шетелдік сапары Қазақстаннан басталуы кездейсоқ емес. Қытай басшысының сапары Астана мен Бейжіңнің арасы берік екенін дәлелдеген болатын.

Биыл ауқымды сыртқы саяси кооперация экономика мен бизнеске тікелей әсер етті. Нәтижесінде Қазақстан халықаралық компаниялар тарапынан миллиардтаған доллар инвестиция тартуда.

Фото: Kazinform

– Президент Бейжіңдегі саммитке әлем көшбасшыларымен бірге қатысып, одан кейін БҰҰ алаңында сөз сөйледі, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті. Соның ішінде «С5+1» форматындағы кездесулер мен Ресейге мемлекеттік сапары жемісті болды. Себебі ықпалды тұлғалармен үнемі тұрақты байланыста болу бизнеске де серпін берді, – деп тарқатты Ғазиз Әбішев.

Таисия Мармонтованың сөзінше, Қазақстан үшін 2025 жыл транзиттік әлеуеті мен өңірлік көшбасшылығын дәлелдеуге мүмкіндік берді.

Жыл үрдісі: ЖИ құқықтық жүйеге енгізіліп жатыр

Биыл ақпараттық технологиялар саласында айтарлықтай өзгерістер болды. Ең алдымен мемлекеттік басқару, құқықтану секілді салаларға жасанды интеллект еніп жатыр. Электрондық нотариат, соттар маңызды цифрлық шешім болды. Жекелеген пилоттық жобалар жүзеге асты. Мұның бәрі адами факторды азайтуға ықпал етіп отыр.

– Бүгінде ЖИ көмекші міндетін атқаратын шеңберден асып, интернеттегі елеулі өнертабысқа айналды Ол түрлі салаға түбегейлі өзгеріс алып келеді. Мысалы, білім беру ісін алайық. ЖИ арқылы білімге қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік туды, дәстүрлі университеттер де мұны мойындап келеді, – деді Санат Көшкімбаев.

Фото: Pinkod.uz

Қазақстан үшін жасанды интеллект даму мен инвестицияның көзіне айналғаны рас. 2025 жыл дәл осы цифрландыру мен ЖИ қоғам көзқарасын өзгертетін басты факторға айналды.

– Жасанды интеллект үлгілері – ChatGPT және оның аналогтары технологиялық және әлеуметтік трендтерді қалыптастырып келеді. Бұл ретте ChatGPT келесі ұрпаққа бағыт берген алғашқы көрнекті өнер туындысы ретінде бағаланып отыр, – дейді Санат Көшкімбаев.

ЖИ біртіндеп елдегі инновациялық, ғылыми ортаның жетілуін жеделдетті. Мәселен, биыл генеративті бейне модельдер әзірлейтін қазақстандық Higgsfield AI компаниясы 1 млрд АҚШ долларына бағаланды. Ол ЖИ саласындағы отандық алғашқы ірі стартап болды. Сондай-ақ OpenAI, ChatGPT ел нарығына енді. Бастысы, Қазақстанда Жасанды интеллект туралы заң пайда болды.

Фото: primeminister.kz

Сарапшылар 2025 жылды реформалар жылы емес, ЖИ жүйесін тұрақтандыру жылы деп те есептейді.

– Мемлекеттер AI туралы этикалық пікірталасты бастады. Жасанды интеллектінің заңдық және экономикалық шеңберін бекіту жүріп жатыр. Демек кезінде ядролық энергетика мен мұнай қоғамды қалай өзгертсе, ЖИ да сондай әсер бермек, – деп түйіндеді Таисия Мармонтова.

Қорыта айтсақ, «Жыл рейтингі» жобасы саяси-экономикалық кезеңнің қысқаша табысын сабақтады. Бұл – фактілер жиыны емес, әлем мен Қазақстан қалай өзгеріп жатқанын білдіру амалы.

Айта кетейік, жоба аясында 30-ға жуық қазақстандық және халықаралық мамандар пікір білдірді, яғни объективтілік пен көзқарас еркіндігі сақталды деген сөз. Алдағы уақытта мұндай рейтингті әзірлеу Kazinform-ның дәстүріне айналады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 15:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары