Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

Ауқымды фестиваль өтеді

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

Трамп балаларға жынысын ауыстыру бойынша оталарды қаржыландыруға тыйым салды

Ғасыр куәгерлері: байланыс желісіндегі батырлар

Ғасыр куәгерлері: байланыс желісіндегі батырлар

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ғасыр жасқа жеткен со­ғыс ардагерінің бірі – Әб­дірахман Ишмұхамедов. Қос­танай облысында дүниеге кел­ген ол фашистік Герма­ния­ның Кеңес одағына тұтқиылдан ша­буыл жасағанын естіп, не­бәрі 17 жасында өз еркімен май­­­­­данға аттанады. Жас сарбаз май­дан даласында байланысшы болып қызмет етеді. Қауіп пен қатердің бел ортасында жү­ріп командирлердің бұй­ры­ғын жеткізу үшін зеңбірек үні­нің астында сым тартты. Қар­сы­лас жаудың сым желісін ба­қылауға алып, қарсы тарап­тың әскери жоспарын білу үшін әре­кет етті. Осындай опера­ция­лар­дың бірінде Әбдірахман Шә­ріпұлы ауыр жараланып, ал­ты ай бойы әскери госпиталь­да емделуге тура келеді. Алайда денсаулығы қалпына келген соң, ол қайтадан майданға ора­ла­ды. Жауынгер әрі қарай үз­дік­сіз байланысты қамтамасыз ету міндетін жалғастыруға бе­кі­не­ді. Ол Новгород, Псков және бас­қа да ел мен аймақты жаудан азат етуге атсалысты. Жеңістің ақ­жолтай хабарын Бухаресттен ес­тіп, елге қайтады.

Соғыс аяқталған соң Әб­ді­ра­х­ман Шәріпұлы елге оралып, ҚазМУ-ге (қазіргі әл-Фа­ра­би атын­дағы ҚазҰУ) оқуға түседі. Оның ғылымға деген ерекше ын­тасы кандидаттық диссертация қорғап, кейіннен ғылым док­торы дәрежесін алуға дейін же­теледі. Ғасыр жасаған ардагер бүгінде жоғары оқу орнын­да­ғы ұстаздық қызметін өмірін­дегі басты жетістігі деп біледі. Ол 60 жыл бойы ғылыммен ай­­­­на­лысып, шәкірт тәрбиеледі. Қа­зір батырдың шекпенінен шық­қан шәкірттері бір кәсіптің тұт­қасын ұстаған, елге елеулі ең­бегі сіңген азаматтардың қа­та­рынан көрініп жүр. Әбдірах­ман Шәріпұлы ғылым жолын­дағы ізденісінің нәтижесінде екі бірдей кітаптың авторы атан­ды. 2007 жылы еңбек жолын абыроймен тәмамдап, зей­нет демалысына шықты. Со­ғыс ардагері жұбайымен бір­ге үш перзент тәрбиелеп, артынан ұрпақ өрбітті. Батыр май­дан­дағы ерлігі үшін «Қызыл Жұл­дыз» ордені, I дәрежелі Отан соғысы орденімен және тағы да басқа мерекелік мадальдармен мара­патталды. Майдангер 100 жастан асқан шағында дүние­ден озды. Оның есімі мен жан­қияр­лық жолы ұрпақ есінде мәң­гі сақталады.

Соғыстың отты жылдарында майдан шебінде ер­лер ғана емес, әйелдер де қо­лына қару алып, ерлік таныт­қа­ны ерекше атап өтуге тұрар­лық. Олар тек тылда емес, оқ пен оттың ортасында ер-аза­мат­тармен қатар жүріп шай­қас­ты. Кейбірі медбике, байланыс­шы қызметін атқарса, ал енді бі­рі снайпер, ұшқыш болу ар­қы­лы нағыз қайсарлықтың үл­гісін көрсетті. Олардың қа­та­рын­да соғыс алаңында байланысшы қызметін атқарған Дарбала Жабатаева да бар. 

Соғыс оты тұтанған уақытта небәрі 8-сыныптың оқушысы бол­ған Дарбала Әміржанқызы Қос­танай облысында өмірге келген. Ардагер сұм соғыс туралы жайсыз хабарды радиодан естігенін айтады. Алайда ол жас бол­ғандықтан бұл хабардың ауыр салмағын, мән-мағы­на­сын әу баста толық ұғына ал­ма­ған еді. Сол кездері ер-аза­мат­тар­­дың майданға жаппай ат­­­­­тануына байланысты колхозда жұмыс күші күрт азайған­дық­тан, 14-15 жастағы жасөс­пі­­­­­­рімдерді егін жинауға жұ­мыл­­дырады. Жиналған би­дай­ды майданға жөнелтуге ат­салысқан балалардың арасында Дарбала Жабатаева да бар еді. 

Деректерге сүйенсек, 1943 жы­лы Клин қаласынан Қос­та­най­ға оқ-дәрі зауыты эвакуацияланады. Сол тұста өндірісті жан­дандыру үшін жас мамандар қажет еді. Осы мақсатта Дар­бала өз қатарластарымен бір­ге фабрика-зауыттық оқыту мек­тебіне жіберіліп, кейіннен тә­жірибе алу үшін Клин қала­сы­на аттанады. Алайда мамандар діттеген жерге барғанша, май­дан шебі бұл қаланың ірге­сі­не жетіп үлгерген еді. Сол уа­қытта Дарбала Әміржанқызы өзі сияқты жас бес қызбен май­данға аттануға шешім қа­был­дай­ды. Ол 161-ші атқыштар пол­­­­­кінің құрамында радист бо­лып қызмет атқарып, Поль­ша­ның бірқатар портты қала­ларын азат ету операцияларына қатысқан. Майдан шебінде жү­ріп ауыр контузия алса да, жауынгерлік рухын жоғалтқан жоқ. Дарбала жауынгерлік сап­қа қайта қосылады. Батыр қыз жеңісті Балтық теңізінің оңтүс­тігін­дегі Померанияда қарсы алды.

Қанды қырғын аяқталып, со­­ғыс жылдарының ауыртпа­лы­ғы артта қалған соң Дарбала Әмір­жанқызы 1946 жылы әскер қатарынан босатылады. Алайда ол әскерден кеткенімен, қоғам­дық-саяси қызметтен алыс­та­ған жоқ. Ардагер 30 жылдан ас­там уақыт бойы партиялық жә­не кеңестік органдарда бір­қатар жауапты лауазымды атқарды. Бейбіт өмірге оралған соң Дарбала Әміржанқызы ту­ған өлкесі Урицкийде аудандық ком­сомол комитетінің ұйым­дас­тыру бөлімін басқарса, кейін аудандық партия коми­те­тін­де қызмет етті. 1951 жылы Ал­матыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жа­нын­дағы Республикалық партия мектебін, ал 1960 жылы Мәс­­­кеудегі КОКП ОК жанын­да­ғы Жоғары партия мектебін аяқ­тады. 1957-1967 жылдар ара­­­­лығында қатарынан бес рет Ал­маты қалалық еңбекшілер де­путаттары кеңесінің депутаты әрі атқару комитетінің мү­ше­сі болып сайланды. 

1960 жылы Дарбала Әмір­жан­қызы өмірлік серігі Жанабай Қолымбаевты кездестіріп, көп ұзамай екеуі шаңырақ кө­тереді. Ерлі-зайыптылар екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп өсірді. Бү­гінде ол бес не­мере, ал­ты шө­бе­ре­нің ар­дақ­ты әже­сі. Қазір Дарбала Әміржанқызы қы­зымен бірге тұ­ра­ды. Майдан даласында ерлі­гі­мен көз­ге түскен ар­да­гер II дәр­е­же­лі Отан соғысы ор­де­ні, «Ерлігі үшін», «Жауын­гер­лік еңбегі үшін», «Бе­лоруссияны азат ет­кені үшін», «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғы­сын­да Германияны жеңгені үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталған. 

Көненің көзі – қазыналы қарияларымыздың ел­де санаулысы ғана қалғанын ес­керсек, олардың жүріп өткен жо­лы мен өнегесін көзі тірі­сінде лайықты деңгейде дә­ріп­теу – ұрпақ алдындағы маңыз­ды миссиямыз болып қала бермек. «Ғасыр куәгерлері» ардагерлердің ғұмыр жасына берілген теңеу емес, бұл – олар­дың қанды майданда жүріп өт­кен жолына берілген әділ баға.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Мамыр 2026 11:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see116

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see115

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see115

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see114

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see114

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see109

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see108

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see107

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see107

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see105

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

12 Тамыз 2026 18:35see104

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see104

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

12 Тамыз 2026 21:59see103

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

13 Тамыз 2026 11:25see103

Трамп балаларға жынысын ауыстыру бойынша оталарды қаржыландыруға тыйым салды

12 Тамыз 2026 09:36see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары