Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Ұзақ демалыс: Астана мен Алматыда Жеңіс күнінде қайда баруға болады

Ұзақ демалыс: Астана мен Алматыда Жеңіс күнінде қайда баруға болады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматы мен Астанада мамырдағы ұзақ демалыс мазмұнды болмақ: ашық аспан астындағы концерттер, спектакльдер, көрмелер, кино және еске алу акциялары жоспарланған. Tengri Life 9–11 мамыр аралығындағы басты іс-шараларды назарларыңызға ұсынады.

Биыл әскери парад өтпейді, сондай-ақ отшашу мен дрон шоуы да болмайды. Дегенмен Алматы мен Астана тұрғындары мерекелік атмосферасыз қалмайды: әкімдіктер концерттер, спектакльдер және басқа да іс-шаралар қамтылған ауқымды бағдарлама дайындады.

Астанада қайда баруға болады? 9 мамыр

Елорда әкімдігінің мәліметінше, мерекелік шаралар сағат 12:00-де қалалық алаңда эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттен басталады.

Сондай-ақ күн бойы тағы бірнеше концерт пен спектакльдер ұсынылады:

сағат 12:00-де Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры ғимараты алдында мерекелік концерт өтеді; сағат 18:00-де театрда "Ар адамы - Бауыржан" қойылымы көрсетіледі; сағат 18:00-де Музыкалық жас көрермен театрында "Мәншүк" спектаклі өтеді; сағат 18:00-де Амфитеатрда мерекелік концерт болады; сағат 18:00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында "Жеңіс күні" симфониялық оркестр концерті өтеді. 10 мамыр Сағат 19:00-де "Жастар" сарайында "Жыл мезгілдері: Вивальдимен сырласу" атты концерт өтеді. Кіру билетпен. Сағат 15:00-де "Синтез" ізденіс-эксперименталды театрында "Ертең соғыс болған еді" спектаклі өтеді. Кіру билетпен. Сағат 18:00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында "Дон Кихот" спектаклі қойылады. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де "Жастар" сарайында "Махаббат мұңы" спектаклі өтеді. Кіру билетпен. Сағат 20:00-де "Қазақстан" орталық концерт залында әнші C.C.Catch концерті өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де Астананың "Концерт залында" Қуандық Рахымның жеке концерті өтеді. Кіру билетпен. 11 мамыр Сағат 20:00-де Dorffman bar-да (Жиенқұлова көшесі, 7/6) New Amsterdam кавер-тобының орындауында "Жеңіс күні" концерттік бағдарламасы өтеді. Кіру билетпен. Сағат 20:00-де Pozitiv барында (Ғабдуллин көшесі, 18) "Антидүйсенбі" стендап кеші өтеді, ұйымдастырушылар әр қонаққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға уәде береді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де "Взлётный" гриль-барында (Қабанбай батыр даңғылы, 34) "Квиз, плиз!" викторинасы өтеді. Әр кезеңде командалар танымал телешоулардың механикасына негізделген сұрақтарға жауап береді. Кіру билетпен. Сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін LM Kulanshi Art галереясында (Аманжолов көшесі, 22а) "Сальвадор Дали планетасы" халықаралық көрмесі өтеді. Кіру билетпен. Алматыда қайда баруға болады? 9 мамыр

Мегаполис әкімдігі мәліметінше, негізгі іс-шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтеді.

Сағат 09:30-да Даңқ мемориалына гүл қою рәсімі болады; Сағат 10:00-де отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама басталады; ардагерлер мен тыл еңбеккерлері үшін дала асханасы ұйымдастырылады.

Сондай-ақ сағат 10:00-де Горький саябағында "Батырларға тағзым" акциясы басталады.

Сонымен қатар іс-шаралар қаланың әр ауданында өтеді:

Алмалы ауданы – Иманов атындағы сквер; Алатау ауданы – Атлеттер ауылы (Нұркент, 5); Әуезов ауданы – Family Park; Жетісу ауданы – әл-Фараби сквері (Айнабұлақ ықшамауданы); Түрксіб ауданы – Сейфуллин атындағы саябақ; Наурызбай ауданы (8 мамыр) – №187 мектеп-гимназия (Жандосов көшесі, 2).

Әкімдік сағат 19:00-де Шұғыла ықшамауданы, 347 мекенжайындағы амфитеатрда Ұлы Отан соғысына арналған қазақстандық фильмдер көрсетілетінін қосып өтті.

10 мамыр Сағат 20:00-де Motor клубында (Назарбаев даңғылы, 50) әнші Zhanulka-ның концерті өтеді. Кіру билетпен. Сағат 20:00-де Музкафеде (Абай даңғылы, 117) JCS тобының концерті болады. Кіру билетпен. Сағат 18:30-да "Жас Сахна" театрында (Абай даңғылы, 117) "Аю" спектаклінің премьерасы өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де "Жас Сахна" театрында (Абай даңғылы, 117) "Жәмиля" спектаклі қойылады. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де "Неквартира" шығармашылық кеңістігінде Дәрмен Құбашевтің "Көше аңыздары" атты акустикалық концерті өтеді. Кіру билетпен. 11 мамыр Сағат 19:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында (Қабанбай батыр көшесі, 110) қалалық хореографиялық училищелер бірінің жас әртістері өнер көрсетеді. Кіру билетпен. Сағат 20:00-де HM Lounge Bar-да (Жамбыл көшесі, 133) "Жёсткий стендап by Stand Up Camp" кеші өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-ден бастап Open Cinema Almaty кинотеатрында (Жандосов көшесі, 58/1) ашық аспан астында кешкі кино көрсетілімі өтеді. Барлығы үш фильм көрсетіледі: 19:00 – "Коко құпиясы" (2017); 20:55 – "Уақыт саяхатшысының жары" (2009); 22:50 – "Шоушенктен қашу" (1994).

Еске сала кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков биыл әскери парад болмайтынын, оның орнына плац-концерттер мен өзге де іс-шаралар өтетінін айтқан болатын.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:239
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Мамыр 2026 19:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see166

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see158

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see157

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see154

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see153

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see149

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see141

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see140

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see138

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see136

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see134

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see133

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see132

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see131

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see128

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see127

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see119

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see119

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see119

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары