Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бүгін Атырау облыстық мемлекеттік архивінде дәстүрлі Ашық есік күні өтті. 22 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан шараға оқушылар мен студенттер қатысып, архив жұмысының қыр-сырымен танысты. Оларға құжаттарды іздеу, сұрау салу тәртібі және қорда қандай тарихи деректер сақталғаны түсіндірілді.

Қазір облыстық архив қорында 400 мыңға жуық құжат сақтаулы. Ең көне ресми құжаттар 1920 жылғы Гурьев уездік комитетінің кезеңінен басталады. Ал 1938 жылы Гурьев облысы құрылғаннан бергі өңір тарихына қатысты мекемелердің құжаттары да осы қорда жинақталған.

Ашық есік күні аясында 1920–2009 жылдар аралығындағы архив құжаттарынан дайындалған көрме ұсынылды. Сондай-ақ келушілер «Сурет тарих» фотоқұжаттар көрмесін тамашалады.

Архивтегі ерекше тарихи деректердің бірі — 1917 жылы түсірілген фотосуреттер. Шетел архивтерінен елге қайтарылған бұл фотоматериалдардың бірінде сол кездегі Приуралье аумағында бақсының қобызбен адам емдеп отырған сәті бейнеленген.

Кездесуде архивтің тұрақты оқырмандарының бірі Сатқали Әуелбеков студенттермен тәжірибесін бөлісті. Ол кәсіби тарихшы болмаса да, туған өлкенің тарихын зерттеуге қызығатынын және осы мақсатта архивке келіп, түрлі тарихи деректер мен құжаттарды зерттеп жүргенін айтты. Оның сөзінше, тарих нақты құжат пен дәйекке сүйенуі керек. Өйткені дәлел мен дерекке негізделмеген мәліметті тарих деп қабылдау қиын.

Бүгінде архивтің өзекті мәселелерінің бірі — құжат сақтайтын орынның тапшылығы. Қойманың толуына байланысты мекемелерден жаңа құжаттарды қабылдау тоқтап тұр.


Бұл мәселе тек архив жұмысына қатысты емес. Мекемелер құжаттарын белгіленген тәртіппен және уақытында өткізбесе немесе белгілі бір жылдардағы деректер толық болмай қалса, кейін азаматтардың еңбек өтілін растау кезінде қиындық тууы мүмкін. Әсіресе зейнетақы рәсімдеген кезде архивтік анықтама қажет болған жағдайда, тиісті құжаттардың табылмауы азаматтарға қосымша кедергі келтіреді.

Осылайша, 400 мыңға жуық құжат сақталған облыстық архив үшін тарихи мұраны жинақтаумен қатар, оны сақтайтын жеткілікті орын мәселесі де өзекті болып отыр.

Айнұр САПАРОВА
Сурет пен видеоны түсірген автор

Кеше, 12:28

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:231
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қыркүйек 2026 02:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see130

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see127

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see125

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see125

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see124

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see123

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see122

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see121

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see121

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see121

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see121

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see120

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see119

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see118

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see118

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see118

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see118

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары