Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Ресейде өтетін әскери оқу-жаттығуларға Қазақстаннан әскери техника жөнелтіледі. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтарды дүрбелең туғызбауға және тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.
24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ресей аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) үш оқу-жаттығуы –"Өзара іс-қимыл – 2026", "Іздеу – 2026" және "Эшелон – 2026" өтеді.
"Оқу-жаттығуларға дайындық және оларды өткізу кезеңінде, яғни 21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында, Қазақстаннан Ресейдің Мисящ станциясына және кері қарай теміржол арқылы әскери техника мен жеке құрам жөнелтіледі", - деп хабарлады министрлік.
Оқу-жаттығулар барысында далалық сабақтар өткізіліп, оның аясында саптық дайындық, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау жұмыстары пысықталады. Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлығы бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі.
"Азаматтардан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және тек ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерге сүйенуді сұраймыз", - деді Қорғаныс министрлігі.
Айта кетері, "Өзара іс-қимыл – 2026", "Іздеу – 2026" және "Эшелон – 2026" оқу-жаттығулары ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен тұрақты түрде өткізіледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:105
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қыркүйек 2026 14:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















