Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Наурыз мерекесі: Астана мен Алматыда балалармен қайда баруға болады

Наурыз мерекесі: Астана мен Алматыда балалармен қайда баруға болады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әсіресе Астана мен Алматыда мерекелік бағдарлама ерекше мазмұнды. Қалаларда жүздеген іс-шара жоспарланып, олардың ішінде балалармен бірге баруға арналған бағыттар көп.

Астана: 200-ден астам іс-шара және «Наурызнама» форматы

Астанада Наурыз мерекесі биыл «Наурызнама» онкүндігі аясында өтіп жатыр. 14–23 наурыз аралығында қалада 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылған. Олардың қатарында концерттер, жәрмеңкелер, көрмелер, спектакльдер және көпшілікке арналған түрлі мерекелік бағдарламалар бар.

Әр күннің өзіндік тақырыбы бар — бір күні дәстүр дәріптелсе, енді бір күні қайырымдылық пен отбасы құндылықтарына басымдық беріледі.

Биылғы мерекенің басты ерекшелігі — дәстүр мен заманауи технологияның үйлесуі. Қала алаңдарында цифрлық аймақтар мен интерактивті кеңістіктер ашылып, жасанды интеллект көмегімен суретке түсетін фотозоналар жұмыс істеп тұр. Бұл әсіресе балалар мен жастар үшін ерекше қызық.

Фото: Алматы әкімдігі

Негізгі мерекелік шаралар қаланың бірнеше нүктесінде қатар өтуде. EXPO аумағы, «Бәйтерек» монументі маңы, қалалық алаң, «Ататүрік» саябағы, сондай-ақ қаланың әр ауданындағы саябақтар мен алаңдарда арнайы мерекелік аймақтар ұйымдастырылған.

Қаланың барлық дерлік аудандарында киіз үйлер тігіліп, сахналар орнатылған. Мұнда ұлттық ойындар, концерттік бағдарламалар, этноауылдар, фотозоналар мен қолөнер жәрмеңкелері ұсынылады. Ең бастысы — негізгі іс-шаралардың барлығы тегін.

Мерекелік жәрмеңкелер де көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр. Астанада фермерлер өнімдері сатылатын азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылса, EXPO аумағында 21–23 наурыз аралығында «Наурыз базары» өтеді. Мұнда ұлттық киімдер, әшекейлер, қолөнер бұйымдары мен түрлі тағамдар ұсынылады. Бұл — отбасымен серуендеп, әрі демалып, әрі қажетті дүниені табуға ыңғайлы мүмкіндік.

Балаларға да ерекше көңіл бөлінген. 20 наурыз күні «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде Ұлттық спорт күніне арналған «Ұлы дала ойындары» атты отбасылық фестиваль өтеді.

Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында халық ертегілері желісімен «NAURYZ-2026» театрландырылған қойылымы сахналанады. Ал 21 наурыз күні елордалық цирк мерекелік шоу ұсынады.

Фото: Ағыбай Аяпберегнов / Kazinform

Бұдан бөлек, қаладағы көптеген алаңдарда шеберлік сабақтары, ойын аймақтары, түрлі байқаулар мен анимациялық бағдарламалар ұйымдастырылған. Сондықтан балалар бұл мерекеде тек көрермен болып қана қоймай, ұлттық ойындарға қатысып, шығармашылық шараларға белсенді араласа алады.

Театрлар, концерттер және шоу бағдарламалар

Наурыз мерекесі күндері Астанада тек ашық алаңдардағы шаралармен шектелмейді. Қалада түрлі театр қойылымдары, концерттер мен шоу бағдарламалар ұйымдастырылып жатыр. Мұндай іс-шаралардың билеттерін әртүрлі афишалардан табуға болады.

Мәселен, балаларға арналған спектакльдер мен мюзиклдердің бағасы шамамен 2000–6000 теңге аралығында. Цирк және шоу бағдарламаларға билеттер 3000–8000 теңге шамасында болса, интерактивті қойылымдар мен анимациялық бағдарламалар 2500 теңгеден басталады. Ал концерттер мен отбасылық іс-шаралардың бағасы 3000–10 000 теңге аралығында.

Бұл форматтар мерекені жайлы жағдайда — жабық ғимараттарда немесе арнайы сахналық алаңдарда өткізгісі келетіндер үшін қолайлы.

Мереке күндері қалада ерекше атмосферасы бар фестивальдер де өтеді. Солардың бірі — Garage Fest. Мұнда музыка ойнап, дәмді тағамдар ұсынылып, түрлі ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылады. Бір сөзбен айтқанда, бұл — көңілді демалыс пен еркін атмосфера тоғысқан алаң. Қонақтарды интерактивті ойындар, әдемі фотозоналар және бүкіл отбасыға арналған түрлі белсенділіктер күтеді.

Ірі қалалық шаралармен қатар, мереке күндері көптеген дәмханалар, балалар орталықтары мен ойын-сауық орындары да арнайы бағдарламалар дайындаған. Онда балаларға арналған сурет салу, мүсіндеу, аспаздық және сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі.

Мұндай іс-шаралар туралы нақты ақпаратты мекемелердің әлеуметтік желідегі парақшаларынан табуға болады. Онда кесте мен қатысу шарттары жарияланады.
Жалпы, елорда дәстүрлі түрде әртүрлі форматтағы демалыс мүмкіндігін ұсынады: ауқымды орталық іс-шаралар да бар, халық көп шоғырланбайтын аудандық мерекелер де өткізіледі, сондай-ақ театрлар мен жабық алаңдардағы бағдарламалар да қолжетімді. Сондықтан әр отбасы баланың жас ерекшелігіне қарай өзіне ыңғайлы демалыс түрін таңдай алады — тыныш серуеннен бастап, мазмұнды әрі қызықты мерекелік күнге дейін.

Алматы: дәстүр мен мерекелік көңіл-күй тоғысқан қала

Алматыда Наурыз мерекесі жылдағыдай кең көлемде өтеді. Қалада жүздеген іс-шара ұйымдастырылып, концерттер, фестивальдер, этноауылдар мен жәрмеңкелер тұрғындар мен қонақтарды күтеді.

Мерекенің басты орталықтары — Абай алаңы, Астана алаңы, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесі мен Арбат. Бұл жерлерде киіз үйлер тігіліп, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, ән мен күй шырқалады. Қаланың әр бұрышында Наурыздың ерекше атмосферасы сезіледі.

Балалармен бірге демалуға саябақтар қолайлы. Тұңғыш Президент саябағында, жағалауларда және аудандық саябақтарда мерекелік бағдарламалар өтеді. Мұнда адам аздау, кең әрі тыныш, сондықтан отбасымен асықпай серуендеп, мерекені жайлы өткізуге болады.

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда фестиваль форматындағы шаралар да кеңінен таралған. Қолөнер жәрмеңкелері, тағам ұсынылатын арнайы аймақтар, ұлттық өнерге арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Балалар түрлі бұйым жасап көріп, дәстүрмен танысып, шығармашылықпен айналыса алады.

Қаладағы дәмханалар мен балалар орталықтары да мерекеге арнайы бағдарламалар дайындаған. Онда сурет салу, мүсіндеу, аспаздық және қолөнер бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Мұндай іс-шаралар туралы ақпаратты әлеуметтік желілерден табуға болады.

Жалпы, Алматы әр отбасыға өзіне ыңғайлы демалыс түрін ұсынады. Дәстүрлі мерекелік көңіл-күйді сезінгіңіз келсе — орталық алаңдарға баруға болады. Тыныш серуен үшін саябақтар қолайлы. Ал белсенді демалысты қалайтындар үшін жәрмеңкелер мен фестивальдер жақсы таңдау болмақ.

Бұған дейін Астанада «Наурызнама» онкүндігі бағдарламасы аясында 200-ден астам ауқымды іс-шара өтетіні хабарланған болатын. Олардың қатарында концерттер, көрмелер, спектакльдер және шығармашылық кештер бар.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 19:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары