Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Мәдени оқиғалар шеруі

Мәдени оқиғалар шеруі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Тәуелсіздік жылдарынан бері елімізде мәдениет саласына қарқынды көңіл бөлініп келеді. Бұған әр жылдардағы сәтті басталған ауқымды жобалар мен бағдарламалар аясында іске асқан нәтижелі жұмыс дәлел болады. Ел Президенті де ұлт тарихынан тамыр тартатын төл мәдениетімізді назардан тыс қалдырған емес. Мемлекет өнер саласын өркендетуге әрдайым ерекше мән береді. Өйткені мәдениеті озық елдің рухы қашан да асқақ тұрары сөзсіз.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

«Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып-біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениет­тің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен шық­қан қайталанбас өнер иелерінің теңдессіз туын­дылары тұтас ұлтты тәрбиеледі. Қазір төл мәдениетіміз дүние жүзіне таны­лып жатыр. Талантты музыканттарымыз әлемдік сахналарда табысты өнер көрсе­тіп жүр. Қазақ киногерлері түрлі халық­аралық байқауларға қатысып, сарап­шылардың жоғары бағасына ие болуда», деген еді Президент.

Еске салсақ, елімізде былтырдың өзінде 45 жаңа мәдениет нысаны салын­ған еді. Президенттің тапсырмасымен, бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Мемлекет басшысы Ұлт­тық құрылтайдың Бурабайда өткен оты­рысында аймақтағы театрларды да­мыту туралы нақты тапсырма берді. Театрлардың көпшілігі толық жаңғыр­туды қажет ететіні рас. Осы орайда «Жастар» театрының ғимаратын жөн­деу жоспарланып, сондай-ақ Астана қаласында Қуыршақ театры үшін жаңа ғимарат салу мәселесі қарастырылып отыр. Ал алдағы жылдары Семей, Қонаев және Ақтөбе қалаларында жаңа драма театр ғимараттарын салу көзделген. Бұған қоса, республикалық театр­лар­дың ғимараттарын қайта жаңғырту жұ­мыстары жүргізілуде. Атап айт­қанда, Алматы қаласындағы Мұхтар Әуе­­зов атындағы Қазақ ұлттық драма театры мен Наталия Сац атындағы Мем­лекет­тік академиялық орыс балалар мен жасөс­пірімдер театрының ғима­раттары реконструкцияланып жатыр. Бұл бағытта басқа да мәдени орындар бар.

Айта кетейік, биыл барлығы 61 мә­де­ниет нысанының құрылысы аяқ­талды. Өңірлерде 251 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ елорданың тарихын зерттеудің маңызды орталығына айналатын «Бозоқ» архео­логиялық паркін құру жұмыстары жалғасып келеді.

Мәдениет саласы қызметкерлерін әлеу­меттік қолдау – басым бағыт­тардың бірі. Азаматтық қызметші­лер­дің жекелеген санаттарының жалақы­сы кезең-кезеңімен арттырылды. Мәселен, 2022–2025 жылдар аралығында мәдениет және архив ұйымдарында еңбек ететін 64 мың қызметкердің жалақысы жыл сайын 20 пайызға өсті. Мемлекет сон­­дай-ақ өнер саласындағы көрнекті тұлға­ларды стипендиялар мен марапат­тар арқылы ынталандыруда. Жыл басында мәдениет саласының 75 өкіліне мемле­кеттік стипендия тағайындалды. Прези­дент Жарлы­ғына сәйкес бірқатар азамат Қазақстан мәдениетін дамытуға және насихаттауға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Сонымен қатар бірқатар жетек­ші мә­дениет мекемелері ресми түрде «ака­­демиялық» мәртебе алды. Олар­дың қатар­ында Б.Римова атындағы Тал­ды­­­қор­ған драма театры, Алматы мем­лекет­тік қуыр­шақ театры, А.Тоқпа­нов атын­дағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақ­стан облыстық филармониясы бар.

Биыл Ақтау қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Бұл мәртебені Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы берді. Ақтау жиырмадан астам елдің мәдениет майталмандарын қабыл­дап, фестиваль, көрмелер, конференциялар мен шығармашылық жобалар ұйымдастырды.

Рухани мұраларымыз цифрлық форматқа көшіріле бастады. Таяуда ұлтымыздың бір жарым мың ән-күйі мен фольклорлық мұрасы ең танымал халықаралық платформаларға салынды. Төл өнеріміз креативті өндіріс арқылы барынша насихатталады.

Иә, аталған саладағы биылғы жетістік­терге жекелей тоқталғанымыз жөн болар. Бейжің қаласында Қазақстанның мәдениет орталығы ашылғаны есте. Рухани орта өнер, тіл және мәдени алмасуға, еліміздің мұрасын таныстыруға арналған ауқымды алаңға айналды. Орталық бүгінде 2000-нан астам адамды қабылдап үлгерді. Мәдениет алаңы көрме, білім беру және ағартушылық бағытта жұмыс істейді. Бұл Мемлекет басшысының Қазақстанның мәдени дипломатиясын нығайту жөніндегі тапсырмаларына толық сай келеді.

Сондай-ақ биылғы мәдени оқиғалар­дың ішінен Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойын ерекше атап өтеміз. Атаулы күн ЮНЕСКО-ның 2024–2025 жылдарға арналған халықаралық деңгейде аталып өтетін мерейтойлар тізіміне енді. Бұл – композитордың әлемдік музыка мәдениетіне қосқан үлесін айқындайтын айтулы оқиға. ЮНЕСКО композитордың қазақ дәс­түрін, фольклорлық мұра мен заманауи музыканы үйлестіре білген кәсіби шеберлігін жоғары бағалады.

Хакім Абайдың 180 жылдығы да кең көлемде өткерілді. Бірқатар нәтижелі жобалар жемісін беріп, елге пайдалы жұмыс атқарылды. Осы орайда Рим қаласында ақынның ескерткіші орнатылды. Бұл маңызды оқиға Италия халқының назарын аударып, Қазақстан мен Еуропа арасындағы мәдени байланысты нығайтты. Ал Қырғызстанның Ош қаласында Абай атындағы көше, ескерткіш және музей ашылды. Бұл екі ел арасындағы бауырластық қарым-қатынастың рәмізіне айналды. Сондай-ақ Армениядағы Қазақстанның мәдени күндері аясында Ереван қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ ашылды. Бұл оқиға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға ресми сапары барысында екі ел басшыларының келісімдері нәтижесінде жүзеге асты.

Қазақстан мен Қырғызстан прези­дент­тері қатысқан Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған ескерт­кіш ашылғанына да ерекше қуандық.

Бұдан бөлек, биыл Армения мен Ресейде Қазақстанның мәдени күндері өтті. Ал Қазақстанда Вьетнам халқы­ның мәдени күндері ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар халықаралық мәдени коммуникацияны нығайтып, елдің шы­ғармашылық жобаларға деген қызығу­шы­лығын арттыруға ықпал етеді.

Биыл ел театрлары да айтарлықтай же­тістіктерге жетті. «Астана Опера» театры­ның шетелдегі гастрольдері
аншлагпен өтіп, театр әртістерінің өнері әлемнің жетек­ші сахналарында жоғары баға­лан­ды. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Әнуар­бек әлемдік операдағы ең бедел­ді жоба­лар­дың бірі – Үлкен театрдың Жастар бағдарламасына конкурс арқылы қабылданды.

Ұлтты өрге бастайтын ғадеттердің бірі – оқу мен білімге құштарлық екені сөзсіз. «Біз озық ойлы ел боламыз десек, ең алдымен, кітап оқитын ел болуымыз керек» деген сөз бүгінде идеологиялық құралға айналып үлгерді. Биыл алғаш рет «Ұлттық кітап күнін» атап өткеніміз осының айқын дәлелі. Игі бастамаға халық та барынша қолдау білдірді. Әсіресе жастар ерекше белсенділік танытты. Яғни бұл осындай рухани мазмұнды жобалардың нәтижелі жалғасатынын білдірсе керек. 

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Бизнесті қолдау шараларында кемшін тұстар көп

Саясат • Бүгін, 08:35

Астана әрдайым ауқымды істердің бастауында тұруға тиіс

Президент • Бүгін, 08:33

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Экономиканы әртараптандыру – стратегиялық бағыт

Экономика • Бүгін, 08:27

Тазалық міндеті мен жауапкершілігі

Саясат • Бүгін, 08:22

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Қордаланған мәселелерді қамтыған заңдар

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:15

Аналар институтының қоғамдағы орны айрықша

Қоғам • Бүгін, 08:12

Түзеу мекемесіндегі өндіріс нысаны

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Азаттық күрескерінің ағартушылық жолы: Қоңырқожа Қожықовтың туғанына – 145 жыл

Зерде • Бүгін, 08:05

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 09:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see160

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see145

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see143

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see142

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see141

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see140

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see138

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see138

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see138

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see138

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see136

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see136

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see135

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see135

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see135

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see135

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары