Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Шынайы өнер шеруі

Шынайы өнер шеруі

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Елорда төрінде көктемнің шуақты күндерімен қатар келген Халықаралық театр күні мерекесі биыл да ерекше сән-салтанатымен аталып өтті. Айтулы мейрам аясында Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасында өткен дәстүрлі «Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруі бір апта бойы көрерменін өнердің сиқырлы әлеміне жетелеп, театрдың шынайы рухын сезіндірді.

Кешкілік уақытта театр алды ерекше жанданып, сәнді киінген көрермен легі толастамады. Фойеде қызу әңгіме, асыға күткен әсер, шығармашылық толқыныс сезіліп тұрды. Әр бұрыштан қойылым тура­лы пікір алмасқан көрермен мен театр сыншыларының ойлары естіліп, өнерге деген ортақ сүйіспеншілік бір арнаға тоғыс­қан­дай әсер қалдырды.

Шеру шымылдығы түрілген сәттен бастап-ақ сахнада сан түрлі тағдырлар мен характерлер тіріліп, көрерменді бейжай қалдырмады. Атап айтсақ, Жәнібек Әлікеннің нәзік сезімге құрылған «Жүрек сыры. Махаббатым сен...» драмасы көңіл түкпіріне бойласа, Бертольт Брехттің «Шеңбері» қоғам мен адам болмысына терең үңілуге жетеледі. Әбіш Кекілбайұлының «Күйі» ұлттық рух пен философиялық толғанысты астастырып, көрерменді ой теңізіне батырды. Ал Лев Толстойдың «Анна Каренина» романы желісімен қойылған «Анна Каренина. Роман парақтары» хореодрамасы сахна мен пластиканың үйлесімі арқылы ішкі драманы өзгеше өрнектеді. Әлемдік драматургия жауһары «Romeo & Juliet» шығармасының заманауи үлгісі жас көрерменнің ықыласын оятып, классиканың мәңгілік екенін тағы бір дәлелдеді. Дулат Исабековтің юмор мен шындықты қатар өрген «Қазақи комедия немесе Бонапарттың үйленуі» көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйласа, Мағжан Жұма­­баев­тың «Шолпанның күнәсі» драмасы адам жанының күрделі иірімдерін ашып берді.

Әр қойылымнан кейін залда ұзақ қол шапалақтау толастамай, көпшілік ықыласы сахна иелеріне деген шексіз құрметті аңғартты. Арнайы шақырылған кәсіби мамандар, театр мен кино сарапшылары қойылымдарға кәсіби тұрғыда баға беріп, актерлік шеберлік пен режиссерлік ізденістерді жіті саралады. Сахнагерлерге арнап өткізілген шеберлік сабақтарынан да алар тағылым мол болды. Ал көрермендер ар­найы сауалнама арқылы өз таңдауын жасап, өнер мерекесінің белсенді қатысу­шы­сы­на айналды.

Осылайша, бір аптаға созылған «Қаллеки тынысы» шеруі өнерсүйер қауым жүрегінде өшпес әсер қалдырып, театрдың тірі өнер екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сахнадағы әр образ, әр сөз, әр қимыл – адам жанына жол тапқан шынайы өнердің көрінісі болды. Елордадағы бұл мәдени оқиға театрдың тек өнер ордасы ғана емес, рухани тәрбие мен терең ойдың мекені екенін айқын аңғартты.

Апталықтың шарықтау шегі – 27 нау­рыз Халықаралық театр күніне орай өткен қорытынды гала-кеш болды. Сахна шымылдығы ашылған сәттен бастап залда ерекше толқу орнады. Бұл – тек марапаттау рәсімі емес, театр ұжымының бір жыл бойы атқарған шығармашылық ізденісінің қорытындысы, өнерге деген адалдықтың салтанаты еді.

Алдымен көрермен таңдауы бойынша жеңімпаздар анықталды. Зал ішін ерекше ықыласқа бөлеген сәтте «Үздік актер» атағы Жанат Оспановқа, ал «Үздік актриса» аталымындағы жүлде Инабат Әбеноваға табысталды. Сонымен қатар көрермендер таңдауы бойынша «Үздік спектакль» аталымы да ерекше аталып өтіп, бұл марапат көрермен мен театр арасындағы шынайы байланыстың айқын көрінісіне айналды.

Кезек сарапшылар алқасының шешіміне берілгенде, зал іші тіпті тына қалды. Нәтижесінде, «Үздік актер» аталымы тағы да Жанат Оспановқа бұйырып, оның кәсіби шеберлігі мен сахналық қуаты ерекше атап өтілді. «Үздік актриса» аталымында Айкөркем Тұранова жеңімпаз танылды. Сонымен қатар екінші пландағы рөлдер де назардан тыс қалмады. «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» аталымын Ұлан Қабыл иеленіп, шағын образдың өзін үлкен өнерге айналдыра алғанын дәлелдеді. Ал «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» Ботагөз Мақсұтоваға табыс­талып, оның сахнадағы шынайылығы көрермен жүрегіне жол тапқаны аталып өтті. Жас буынға бағытталған «Үміт» аталымы Қайыржан Садықовқа беріліп, бұл марапат оның алдағы шығармашылық жолына үлкен сенім берді. Ал «Театр тарланы» аталымындағы құрмет Халық әртісі Тілектес Мейрамовқа беріліп, көрермен қошеметіне бөленсе, сарапшылардың арнайы жүлдесі актриса Айнұр Жетпісбаеваға табысталды. Сонымен қатар атаулы марапаттар легі жалғасып, әрбір өнер иесінің еңбегі еленді. Атап айтсақ, режиссер Нұрлан Жұманиязов Кекілбаевтар әулетінің арнайы сыйлығына ие болса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл мен Марғұлан Наменов Ералы Тоғжанов тағайындаған арнайы жүлдемен марапатталды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ақмарал Танабаева Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов ұсынған арнайы сыйлыққа ие болып, шығармашылық ізденісі үшін құрметке бөленді. Ал актриса Арай Омарова дизайнер Жадыра Сахиеваның арнайы жүлдесін иеленді. Одан бөлек, театрдың сахна сыртында еңбек етіп жүрген қызметкерлері де назардан тыс қалмады. Олардың маңдайтері мен тынымсыз еңбегі арнайы дипломдармен марапатталып, көрермен қошеметіне ие болды. Бұл – театрдың тек актерлерден ғана емес, тұтас бір ұжымдық еңбектен тұратынын айқындаған әсерлі сәттердің бірі еді.

Осылайша, «Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруі биыл да өз мәресіне жетіп, өнердің биік өлшемін, сахна мәдениетінің тереңдігін һәм актерлік шеберліктің шынайы қуатын айқындады. Бір апта бойы көрермен жүрегіне жол тапқан қойылымдар мен сахнадағы сан қилы тағдырлар ұзақ уақытқа дейін ел есінде сақталары сөзсіз. Бұл шеру – театрдың мәңгілік екенін, ал өнердің адам жанын тәрбиелейтін ең ұлы күш екенін тағы бір мәрте дәлелдеген тағылымды мереке болды.

Соңғы жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандады

Қаржы • Бүгін, 09:28

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Логопед таппаған ата-ана, маманға зәру мектеп

Білім • Бүгін, 08:50

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Қалқанша безі түйіндерін емдеудің тың тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

Шипа іздеп шетел асудың қажеті жоқ

Медицина • Бүгін, 08:35

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 09:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары