Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Үйде ойнап отырып, кенеттен тұншыға бастады Алматыда дәрігерлер 10 айлық қызды аман алып қалды

Жеңіл табыс көзі арты үлкен қылмысқа апаруы мүмкін полиция

Елімізде электромобильдерге жасыл нөмір беріледі

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі дәрмектерге баға белгілеу жүйесінің тиімділігін арттыруды жоспарлап отыр

Жамбылдағы фосфор зауытында жұмысшылар жаппай наразылыққа шықты

Шымкентте жыландар мен шаяндар қаптап кетті

Тегеран Трамптың бейбіт келісімге қол қою туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді

Шегірткемен күрес: Ел аумағында 954 мың гектар жер өңделді

Құрманғазының Адай күйі мен Бозжыраның сұлулығы әлеуметтік желіні баурап алды

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 12 маусым барлық зодиак белгілеріне арналған махаббат болжамы

Әл Фарабидегі жол апаты: Сот отырысы кейінге шегерілді

ҚазТАГ бас редакторы сотқа келген жоқ: сот Қасенов пен Қаппароваға қатаң ескерту жасады

Жанәбіловтер амнистияға ілікпей ме? ІІМ басшысы орынбасарының жауабы

Алматыдағы баланың аяусыз өлімі жақындары 13 жастағы күдікті жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді

Сенат Қазақстандағы амнистияны мақұлдады: 1 468 сотталған азамат бостандыққа шығуы мүмкін

МӘМС тегі жаңа қызметтер 1 шілдеден бастап не өзгереді

“Далаға шығу мүмкін емес“. Қазақстанның мұнайлы астанасына масалар мен шіркейлер шабуыл жасауда

Мұғалімдер артық жүктемеден босатылады Тоқаев заңға қол қойды

Астанада электросамокат қолданғандарға бақылау күшейтілді

Шетелдіктерге заңсыз ЖСН рәсімдеу схемасы әшкереленді

Теңдік Изақов, тыл ардагері: Тылдың тауқыметі соғыспен тең еді

Теңдік Изақов, тыл ардагері: Тылдың тауқыметі соғыспен тең еді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Теңдік атаның балалық шағы ашаршылықпен қоса Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарымен тұспа-тұс келеді. 7 жасынан еңбекке ерте араласқан, ал 13 жасында тыл жұмысында еңбек етті. Теңдік атаның үйіне арнайы барып, қариямен әңгімелесіп қайттық. Тыл ардагерінің айтуынша, қазір ол 102 жасқа келген екен. Сұм соғыстың зауалын айтқысы келмейтінін де сездік, дегенмен әңгімені соғыс жылдарындағы естеліктен бастауға көндіріп бақтық...

– Соғыс туралы хабарды есті­ген кезді баяндап бересіз бе? Сол бір сәтте өміріңіз қалай өз­герді?

– Туған жылым белгісіз. Шешем 1932 жылы 37 жасында дүниеден өтті, ішіндегі сәби бірге шетінеп кетті. Солай, біз жетім қалдық. 1932 жылы 5 жарым жаста екенмін. Ашық дереккөзде 1932 жылы деп көрсетіліпті, бірақ ша­ма­мен есептеп көрсем, 1924 жылы өмірге келген секілдімін. 1941 жылы 22 маусым күні ғой деймін, аудан жақтан аттылы бір адам «еміс» деп шауып келе жатыр. Ол кезде неміс дегеннің кім екенін де білмейміз ғой. «Еміс-еміс», «со­ғыс-соғыс» деп айғайлап келеді. Ауылда сол кезде менмін деген 32 жігіт бар еді. Сол жігіттер атқа мінді де, кетті. 

Ауылда енді мал бағу керек, мал бағатын ешкім жоқ. Малға ие болып 13-14 шамасындағы 4 бала, 12 шал, 32 жігіттің әйелі қалды. Ол кезде Қарқаралыдан 4-сынып­ты аяқтап келген едім. Белді бу­ып, пимамызды киіп алдық та, мал бақ­тық, шөп шаптық. Тылдағы еңбеккерлер соғысқа бармаса да, сарбаздармен теңдей еңбек етті. Сарбаздар окопта жатады, бомба түскен жағдайда тірі қалғаны қа­ла­ды, ары қарай соғыс жалғасады. Ал ауылдағы­лардың қиындығы бітпейді, қат­ты қиналдық, малға шөп шабу ке­рек, малдың астын тазалау керек, жаздыкүні малдан оқалақ теру керек, қой бағамыз. Қойды қосақтап сүт сауамыз, сол сүттен ірімшік жасаймыз, сол ірімшікті әскерге жібереміз. 

– Соғыс нені үйретті деп ой­лайсыз?

– Менің ойымша, бұл соғыс бүкіл халықтың көзін ашты. Соғыс деген не, қала деген не, материя деген не? Гитлердің жау­ыздығы халықтың көзін ашып кет­ті. Соғысқа алғаш кеткен сар­баздарда қару да болмады, екі кісіге бір мылтықтан келді. Алғаш кеткен жігіттердің ешқайсысы ауылға оралмады, бірен-сараны ғана болмаса, көбі хабарсыз кетті. Соғысқа кеткендердің бәрі қараң­ғы адамдар ғой, орысша білмейді, командирлердің өзі басынып, жазалады деп те ойлай­мын. Кәрі­бай деген ағам соғысқа қатысты, ол да хабарсыз кетті. 

1945 жылы соғыс бітті, соғыс біткеннен кейін Қарқаралыда үлкен той өтеді. Сол кезде ең ал­ды­мен тыл еңбеккерлерінің ең­бе­гі бағаланып, медаль берілді. Қазір 12 медалім, 1 орденім бар екен. 4-сыныпты бітіргеннен кейін соғыс аяқталған соң бірден 6-сы­ныпқа көштім. Сонда ауылда мектепке баратын бес-ақ ұл бала табылды. 1950 жылы сол бес бала мектепті бітірді. Үшеуіміз мед­инс­­титутқа оқуға түстік, екеуі Са­ха­л­ин­ге кетті. Кейін туған жер­ге келіп, Қарқаралыда, Қараған­дыдағы облыстық ауруханада хи­рург дәрігер болып қызмет еттім.

– Соғыс жылдарында жаның­ызға қатты батқан оқиға не мезет қандай еді?

–  Сол жылдары қыстың өзі қатты суық болды, -35, тіпті -50 градусқа дейін аяз түсті. Малды қораға түнде қамайды, күндіз астын тазалайды, ауыл тірлігі суықта тіпті қиын болды. Жазды­гүні шөп шабамыз, қысқа мая дай­ындаймыз. Үкіметтің бір қа­телігі осында, тылдың адамдарын көлеңкеге қалдырды. Өзіміз аш­тан өлейін деп жатсақ та, бары­мызды соғысқа жібереміз. 

Шешеден жетім қалып, бала­лар үйіне кеттік. Татар, украин, орыстың жетім балаларымен бірге тәрбиелендік. Қарқаралыда ағаш үйлер көп еді, соның бәрінде жетім бала толып кетті. Дәрігер­лер келіп қарап, бізге киім мен тамақ берді. Бізді қарайтын адам бол­мады, әкем мал бақты, сол себепті балалар үйіне кеттік. Киім жоқ, бір киімді бір жыл киетінбіз, қа­зір, міне, бір көйлекті бір-ақ рет киеміз ғой. Аяқкиім жоқ, қар­да жалаңаяқ та жүрдік. Еңбек еткен соң денеміз әбден шынық­қан ғой. Анау-мынау ыстық-суық­қа да былқ етпейтін едік. Бір жақсысы, ол кезде тамақтың бәрі табиғи, ұн тамақ деген жоқ. 

Әкем – қаріп танымаған адам, бірақ бүркітші, аңшы, ұста болды. Қаңылтырдан сүт пісіретін, бидай қуыратын ыдыстар жасайтын шебер еді. 86 жасында өмірден өтті. Менен үлкен балалар Қар­қаралыдағы техникумды бітірді. Төрт ағайындымыз. Әкем со­ғыс­қа қатысуға жарамаған, қарт кісі еді. Ол кісі менімен бірге мал бақ­ты. Балалар үйінде 3-4 жыл бо­л­дым, менен үлкені 5 жыл бол­ды. Колхоз ұйымдастырылып, елдің бәрі жи­на­лып жатқанда, әкемнің жа­ны­на келдім. Колхозға мал келді, өгіз бағатын ешкім жоқ, бізді 7 жасы­мызда өгізге мінгізіп қойды, өгізге мініп шөп шаптық, егін ордық, мал бақтық. Кейін біртіндеп сауат алдық, жаман-жақсыны біліп қалдық. 

– Екі ғасырдың куәсі ретінде әрі дәрігер ретінде жастарға қандай кеңес бересіз?

–  Баланы еңбекпен тәрбиелеу керек. Бала дүниеге келген сәттен бастап еңбек етеді. Абай төртінші қара сөзінде «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі» дегендей, оның еңбегі – жылағаны, жыла­май туса, сәби өліп қалады. Жыла­­ғаннан кейін ғана өкпе ашылып, оттегі барады. Бала еңбек етсе ғана адам болып шығады. Баланы табиғатқа бейім қылып тәрбиелеу керек, әуенге, өлеңге жақын етіп өсіру керек. Музыка адам миын тәрбиелейді, Құрманғазы, Дәул­ет­керейдің күйін тыңдасаңыз, мида регенерация болады, яғни мидың нейрондары қалпына келеді. Домбыра тартқанда, кө­белектер ұшып жүргендей күй болады, нейрондар бұдан қуат-нәр алады. Мен инсульт алған адам­­дарға муз­ы­ка тыңдатып қоямын, тілге кел­мей қалған адамдар музы­ка­ның күшімен сөйлеп кетуі мүм­кін. Кезінде Алматыда істегенім­де, рейхстагқа ту тіккен батыр Ра­­қым­жан Қошқарбаев, Бауыр­жан Момышұлы, Нұрғиса Тілен­диев, Шәмші Қалдаяқовты да ауруха­нада өзім тексергенмін.

– Өзіңіз қатарлы 100-ге келген ақсақалдарды білесіз бе?

 –  Ақтоғай деген жерде 100-ге келген бірлі-екілі қария бар, олар­­дың өзі төсекке жығылып жатып қалды. Байқасаңыз, таяқ ұста­май­мын, таяққа тәуелді болып қалғым келмейді. Мына карантиннен кейін аздап ауырып қалатын болып жүрмін, иық ауырады, кейін қойып кетеді. Тамақты да көп ішпеймін, талғап ішемін. Тамақты көп ішкен адам көтере алмай ауырып қалады және бұ­рын­ғыдай табиғи тағам да жоқ. Көбіне қойдың етін жеймін, қойдың еті де, сорпасы да – дәрі. Жастайымнан қой бақтым ғой. Қойдың өзі қай шөптің пайдалы екенін біледі, дәрілік-емдік шөп­терді де қуалап таңдап жайылады. Қой етінде холестерин аз болады, майын жесең, денеге жаға береді. Жастар қойдың иісі бар деп жемей қашады, ол – надандық, қытайлар тарақанды да жейді емес пе? Иә, әрине, қойдың еті құнарлы, асқазанға ауыр келетіні рас, бірақ қалыпты мөлшерімен жесеңіз, қолма-қол тарап кетеді. 

– Бір сөзіңізде «Көп қиындық көрген адам ұзақ жасайды» деген екенсіз...

– Иә, еңбек еткен, қиындық көрген адам ұзақ жасайды. Қа­зақта оларды «тесік өкпе, піскен бас» деп айтады, себебі суыққа да, ыстыққа да, малдың қиындығына да, ауыр жұмысқа да төзіп-төтеп береді. Еңбек етпеген кісі тез өліп қалады, өйткені ондай адамның бойында ешқандай қуат жоқ. Кәрілік деген – табиғаттың заңы. Кәрілік келсе, адамның еті де, сүйегі де қартаяды, тісі те, көзі де... Абайдың «Ойға түстім, тол­ған­дым» деген өлеңінде «Бойдағы мінді санасам, тау тасынан аз емес. Жүрегімді байқасам, ине­дейін таза емес. Аршып алып тас­тауға, аспандағы саз емес» де­ген жолдар бар. Адам баласы қай жасқа келсе де, өзін-өзі тәрбие­леуге тиіс. 

– Абай өлеңдерін әлі күнге жатқа білетініңізге таңғалып отыр­мын. Қай кезден бері ұлы ақынның шығырмашылығын зерттеп-зер­делеп келесіз?

– Ыбырай Алтынсарин, Мәшһүр Жүсіп пен Абайды мек­теп кезінен қызығып оқыдым, Ал­тынсариннің портретін сыза­тын едім. Олардың жазғанын Құранның сөзімен бірдей деп айтар едім. Қазір цифрлық аутизм деген ауру пайда болды, біз оны қолдан жасап отырмыз. Қай отба­сын­да да үш-төрт бала болса, біреуі аутизммен ауырады. Тәр­биені әуелі ата-анадан бастау керек, ата-анаға насихат айту ке­рек. Мысалы, өткен ғасырдағы бала мен бүгінгінің баласы мүлде бөлек. Жастар көшеде де теле­фон­нан бас алмайды, телефонмен ас ішіп, телефонмен жуынатын бөлмеге де кетеді. Кітап оқымай­ды, кітапты құшақтап жүріп оқыдық, Пушкинді, Абайды оқып өстік. Абайды оқыған адам­ның көкірек көзі ашылып, мә­дениеті жоғарылайды. Қызығы, жапон­дар­дың өзі баласына теле­фонды 3 минутқа ғана береді. 

– Сіз қазір де адам емдейсіз бе?

– Коронавирустан кейін адам­дардың иығы ауыратын бол­ған, мен соларды емдеп беремін, әлі күнге дейін операция жасай­мын, радикулитті емдеймін, нев­ро­­ло­гиялық ауруларға опера­ция жас­ай­мын. Неврология – деген дүние­жүзіндегі ең жаман ауру. Халық күнде хабарласады, Семей­­ден, Қызылордадан, жан-жақтан, тіпті Мәскеуден адамдар іздеп келіп жатады. Инемен де опера­ция жасаймын. Ауруханада жас­ай­тын 4 сағаттық операцияны 15-20 минутта істеймін. Операция жасап отырғанда, пациентпен әңгімелесіп, ауруға байланысты сұрақтар қойып отырамын. Паци­ент пен дәрігер арасында кері байланыс болу керек. 

– Жолыңызды жалғап, дәрігер болған балаларыңыз бар ма?

– Қызымның қызы, жиенім Оңтүстік Кореяда стомато­логияны бітірді. Атын Ұлпан деп өзім қойғанмын, Ғабит Мүсір­еповтің «Ұлпан» романын білетін шығар­сыз. Екі қыз, екі ұл сүйдім. Үлкен ұлым қайтыс болып кетті, екі ұлым да стоматолог-хирург, неме­ре­лерімнің бәрі – стомато­лог. Өзім мединститутта 32 жыл сто­матологиядан лекция оқы­ғанмын, балаларымның бәрін осы салаға өзім бағыттадым. Өкін­ішке қарай, бүгінде де қазақ тілін білмейтін жастар көп болып отыр. Өзімнің психолог қызым да қазақ тілін жөнді білмейді, не­мерелерім де білмейді. Бала­ларға «қазақша білмесең, далада қала­сың» деп айтып отырамын... Алда тілді де қағып алады деп сенемін.

– Уақыт бөліп, әңгіме құрға­ныңыз үшін көп рақмет!

Сұхбаттасқан

Айсұлу СЪЕЗХАН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Мамыр 2026 11:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Үйде ойнап отырып, кенеттен тұншыға бастады Алматыда дәрігерлер 10 айлық қызды аман алып қалды

11 Маусым 2026 15:09see123

Жеңіл табыс көзі арты үлкен қылмысқа апаруы мүмкін полиция

11 Маусым 2026 16:08see115

Елімізде электромобильдерге жасыл нөмір беріледі

11 Маусым 2026 18:16see115

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі дәрмектерге баға белгілеу жүйесінің тиімділігін арттыруды жоспарлап отыр

12 Маусым 2026 15:17see114

Жамбылдағы фосфор зауытында жұмысшылар жаппай наразылыққа шықты

11 Маусым 2026 15:16see114

Шымкентте жыландар мен шаяндар қаптап кетті

12 Маусым 2026 08:25see112

Тегеран Трамптың бейбіт келісімге қол қою туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді

12 Маусым 2026 08:21see112

Шегірткемен күрес: Ел аумағында 954 мың гектар жер өңделді

11 Маусым 2026 18:17see112

Құрманғазының Адай күйі мен Бозжыраның сұлулығы әлеуметтік желіні баурап алды

12 Маусым 2026 13:25see112

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 12 маусым барлық зодиак белгілеріне арналған махаббат болжамы

12 Маусым 2026 09:21see111

Әл Фарабидегі жол апаты: Сот отырысы кейінге шегерілді

12 Маусым 2026 13:39see111

ҚазТАГ бас редакторы сотқа келген жоқ: сот Қасенов пен Қаппароваға қатаң ескерту жасады

11 Маусым 2026 16:07see111

Жанәбіловтер амнистияға ілікпей ме? ІІМ басшысы орынбасарының жауабы

11 Маусым 2026 19:20see110

Алматыдағы баланың аяусыз өлімі жақындары 13 жастағы күдікті жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді

12 Маусым 2026 15:20see108

Сенат Қазақстандағы амнистияны мақұлдады: 1 468 сотталған азамат бостандыққа шығуы мүмкін

11 Маусым 2026 17:46see108

МӘМС тегі жаңа қызметтер 1 шілдеден бастап не өзгереді

12 Маусым 2026 15:33see107

“Далаға шығу мүмкін емес“. Қазақстанның мұнайлы астанасына масалар мен шіркейлер шабуыл жасауда

12 Маусым 2026 11:05see107

Мұғалімдер артық жүктемеден босатылады Тоқаев заңға қол қойды

12 Маусым 2026 18:49see107

Астанада электросамокат қолданғандарға бақылау күшейтілді

12 Маусым 2026 14:41see106

Шетелдіктерге заңсыз ЖСН рәсімдеу схемасы әшкереленді

12 Маусым 2026 11:53see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары