Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

Фармацевтикадағы тепе теңдік: баға мен қолжетімділік

Фармацевтикадағы тепе теңдік: баға мен қолжетімділік

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарға шекті баға белгілеу арқылы нарықты бақылауда ұстап отыр. Ведомство өкілінің айтуынша, баға жылына екі рет қайта қаралып, бірқатар шығындар алынып тасталған.

– Қазақстанда дәрілік заттарға шекті баға қойылады, сол арқылы реттеледі. Кодекске сәйкес, баға жылына екі рет бекітіледі. 2024 жылы тасымалдау, маркетинг шығындары алынып тасталды. 2025 жылы 4994 дәріге шекті баға белгіленіп, 3801-інің бағасы орта есеппен 26%-ға төмендеді. Дегенмен жалпы нарықта шамамен 17% өсім байқалады, - дейді Фармацевтикалық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының басшысы Әсия Молдиманова.

Фото: Әсия Молдиманованың жеке мұрағатынан

Мемлекет дәрі бағасын реттеді дегенмен нарықтағы жағдай мүлде басқа. Сарапшылардың айтуынша, бағаны реттеудің жанама әсері бар.

– Бір өндіруші бірнеше дәрі шығарады. Олардың бір бөлігі рецеппен беріледі, екінші бөлігі рецепсіз сатылады. Рецеппен берілетін дәрілерге мемлекет тарапынан шекті баға қойылады. Иә, сол кезде олардың бағасы арзандайды. Бірақ өндіруші жоғалтқан шығынын рецепсіз сатылатын дәрілердің үстіне қосады. Мысалы, Teva компаниясы «Сумамед» дәрісін шығарады. Ол 6 мың теңгеден 3 мың теңгеге түсті. Бірақ сонымен қатар «Декателен» 2 мың теңгеден 4 мың теңгеге дейін қымбаттады. Ал халық көбіне рецепсіз дәрілерді сатып алады. Сондықтан бұл жағдай халыққа ауыр тиді, - дейді қазақстандық тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Раушан Әубәкірова.

Фото: видеодан алынған скрин

Қарапайым тұрғындар да дәрі бағасының нақты өсімін күнделікті өмірде сезіп отыр.

– Арзандап жатқан дәрі көрген жоқпыз. Қарапайым «Аспириннің» өзі 500 теңгенің о жақ-бұ жағы болған. Оны бұрын 200–250 теңгеге алатынбыз. Бұрын бағасы 1000 теңгеге жетпейтін «Тромбопол» деген дәрінің өзі қазір 1500 теңге болған. Өзіміз ішетін «Бетасерк» деген дәріні тапқан да жоқпын. Дәріханаларда жоқ болған соң, үлкен қалалардан алдырып жатырмыз. Былтыр маған 2 дәріні 8 жарым мың теңгеге алдырдым деген еді. Енді соны 12 мың теңгеге чегімен әкеліп беріп отыр. Өткен жолы ауырғанда жүрек-қантамырларының жұмысын реттеп отыру үшін «Кардиомагнил» берген еді. Оны бұрын күйеуіме алып жүрген кезде 2 жарым мың теңгенің жобасында алатынмын. Оның тағы ішінде көп болатын. Бірақ кеше оған ақшам жетпей қалып, «Тромбополды» алдым. Былтыр тұмау кезінде «Антигриппинді» 260–270 теңгеге алып іштік. Қазір бағасы 500–530 теңгеге көтеріліп кетіпті. Былайынша 2 есе қымбаттап тұр ғой, - дейді Рысалды Әлмұхамедова.

Фото: Рысалды Әлмұхамедованың жеке мұрағатынан

Созылмалы ауруы бар науқастар үшін бұл мәселе одан да күрделі.

– Мен өзім 2–3 диагнозбен есепте тұрамын. Маған керек дәрілер өте қымбат. Мысалы, бізге тегін берілетін инсулин менің 2-тип дәрежеме сәйкес келмеген соң, қымбатын алуым керек. Бірақ ол дәріге қолым жетпейді. Айына 60 мың теңгелік дәрі жазып берген. Сосын «Тиогамманың» бағасы төмендесе екен деймін. Оны да ай сайын алып тұруым керек. Бірақ шамам келмейді. Оның 5 күндігі бізде 50 мың теңге тұрады. Өзім жұмысқа шығып, ақша тауып алайын десем, денсаулығым жарамайды, - дейді Айнаш Раиова.

Фото: видеодан алынған скрин

Ал министрлік мамандары реттеуден шығарылған дәрілердің бағасы туралы былай дейді:

– «Аспирин» препаратына мониторинг жүргізілді. Шекті баға 2021 жылдан бастап бекітіліп келеді. Сол кездегі және қазіргі бағаларды салыстырсақ, 2021 жылы «Аспирин» 41 теңге болған. 2023 жылы 231 теңгеге дейін өскен. Яғни шекті бағаның өзі айтарлықтай артқан. Ал 2025 жылы реттеуден шығарылғаннан кейін оның бағасы 170–250 теңге аралығында қалыптасты, - дейді Әсия Молдиманова.

Дәрі бағасына не әсер етеді?

2025 жылы PharmXplorer компаниясының мәліметі бойынша, дәрілердің бағасы 32 пайызға қымбаттаған. Ал тұтыну көлемі 13 пайызға азайған көрінеді.

– Дәрі бағасына не әсер етеді? Біріншіден, өндірушілердің бағасы. Екіншіден, кедендік шығындар. Қазір оған қосымша құн салығы қосылып жатыр – бұл да әсер етеді. Үшіншіден, көтерме саудагерлердің үлесі. Қазақстанда олардың қосатын құны өте көп, бірақ оларды ешкім қадағалап отырған жоқ. Мемлекет тарапынан бұйрықтар шығады, бірақ олар айқын емес, - дейді Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы.

Дәріхана иегерлері болашақта дәрі бағасы тағы да өсуі мүмкін екенін жеткізді. Себебі қосымша құн салығының артуы препараттардың қымбатауына әзірден әсер етіп жатыр. Оған қоса енді тәуелсіз дәріханалар есепші жалдауға мәжбүр дейді. Ал отандық өндірушілер бағаның шикізатқа байланысты өзгеретінін айтады.

Фото: Адам Алексеюктің жеке мұрағатынан

– Қазақстанда өндірілетін дәрілердің бағасы өндіруші бағасына негізделеді. Бұл бағаға шикізат пен материалдарға кеткен шығындар, өндірістік және операциялық шығындар, логистика, сапаны бақылау және басқа да факторлар кіреді. Шекті бағаларды есептеу кезінде мемлекет референттік әдісті қолданады: яғни, дәрінің бағасы түпнұсқа немесе импорттық балама препараттардың бағасымен салыстырылады. Ал бұл препараттардың бағасы өз кезегінде макроэкономикалық тұрғыдан ұқсас елдермен салыстырылып анықталған. Мұндай тәсіл негізделген әрі бәсекеге қабілетті баға деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді, - дейді отандық фармацевтикалық компанияның бас директоры Адам Алексеюк.

Сонымен қатар дәрінің шығарылу формасы, дозасы, көлемі, қаптамасы сияқты параметрлер де ескеріледі. Отандық препараттардың бағасы импорттық баламалармен салыстырылады. Алайда бұл тәжірибе әрдайым олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра бермейді. Себебі импорттық дәрілер әдетте ірі көлемде өндіріліп, кең географияда таралады, ал жергілікті өндірушілердің мүмкіндігі шектеулі.

Нарықтағы монополия: болашаққа болжам

Тағы бір өзекті мәселе – фармацевтика саласындағы монополия. Тәуелсіз дәріханалар отандық өндірушілер тарапынан жасанды тапшылық туындап, дәрі бағасының шарықтауынан қауіптеніп отыр.

– Бұрын Қазақстандағы ең ірі бес компания тек көтерме саудамен айналысатын. Қазір олар өз дәріханаларын ашып, нарықта монополия құрып жатыр. Олар тәуелсіз дәріханаларға кедергі келтіреді. Себебі белгілі бір дәрілерге жасанды дефицит тудырады: кейбір дәрілер тек өздерінің дәріханаларында ғана болады, ал басқаларында болмайды. Бүгінде бүкіл тауар айналымының 78 пайызы осы бес компанияға тиесілі. Егер тәуелсіз дәріханалар болмаса, Қазақстанда толық монополия қалыптасады. Ондай жағдайда бағаны солар өздері белгілейді, - дейді Раушан Әубәкірова.

Ал сарапшы Адам Алексеюк өзінің дәріхана желісі бар өндірушілер де бірыңғай ережелер бойынша жұмыс істейдітінін жеткізді.

– Олар мемлекет белгілеген шекті бағаларды сақтауға міндетті, бұл бағалар үстемеақының регрессивті шкаласы бойынша есептеледі. Жеке дәріхана желісінің болуы өңірлерде кеңінен ұсынылу тұрғысынан айтарлықтай артықшылық бермейді. Себебі баға мен ассортимент барлық нарық қатысушылары үшін бірдей нормативтік талаптармен шектелген. Әрине, жекелеген өнімдерді сөреге жылдам шығару немесе промо-белсенділікті басқару тұрғысынан аздаған артықшылықтар болуы мүмкін. Бірақ бұл жалпы ел көлемінде дәрілердің қолжетімділігіне айтарлықтай әсер етпейді, - дейді ол.

Фото: pixabay

Арзан, бірақ сапалы дәрілер нарықтан неге жоғалады?

Фармацевтика нарығындағы реттеу тетіктері кей жағдайда кері әсер беруі мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, жаңа бұйрықтар кейбір өндірушілер үшін тиімсіз.

– Мысалы, жаңа бұйрық шыққанда, оларға тиімсіз дәрі немесе өндіруші болса, сол өнімге ең төмен баға қойылады. Кейде ол баға дәрінің өзіндік құнын да жаппайды. Әрине, мұндай жағдайда өндірушіге Қазақстан нарығына кіру тиімсіз болады. Соның салдарынан дәрі нарықтан жоғалады. Осы бұйрық енгізілгелі бері ең қарапайым, тиімді дәрілердің өзі тапшы бола бастады. Мысалы, бұрын 200 теңге тұратын «Ацикловирдің» орнына қазір 6 мың теңге тұратын басқа препараттарды алуға мәжбүрміз. Аспирин, қарапайым парацетамол, левомицетин сияқты дәрілердің өзі де тапшы болып барады, - дейді тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы.

Реттеу талаптарының күшеюі мен шығындардың артуы да арзан дәрілердің нарықтан кетуіне себеп болуы мүмкін.

– Арзан дәрілердің нарықтан кетуі бірнеше факторға байланысты. Кей жағдайларда реттеушінің бастамасымен шекті бағалар 60–70%-ға дейін төмендетілді. Соның салдарынан кейбір арзан дәрілерді өндіру экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып қалды. Референттік баға белгілеудің қатаң жүйесіне көшу де өндірушілердің мүмкіндігін шектейді. Препараттың бағасы импорттық баламалардан жоғары болмауы тиіс және түпнұсқа дәріден кемінде 30%-ға төмен болуы керек, - дейді сарапшы.

Адам Алексеюк сонымен қатар, тіркеу шығындарының өсуі, міндетті таңбалауды енгізу, ЕАЭО талаптарына сәйкес келу қажеттілігі де қосымша жүктеме түсіреді дейді. Нормативтік ортадағы күрт өзгерістер ассортименттің қысқаруына және әсіресе маржасы төмен дәрілердің нарықтан кетуіне алып келуі әбден мүмкін.

– Дерегуляция дәрілік препараттардың қолжетімділігі мәселесін шешуге және олардың бағасына кері әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: Денсаулық сақтау министрлігі дерегуляцияны Жол картасына сәйкес 2026 жылдың мамыр айынан бастап енгізе бастайды, ал оның толыққанды әсері осы жылдың соңына қарай байқалады. Нәтижесінде, бұл бастама дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді, - дейді маман.

Жалпы, дәрі бағасының қалыптасуына мемлекеттік реттеу, өндірушілер саясаты, логистика және нарықтағы бәсекелестік деңгейі әсер етіп отыр. Алайда бұл тетіктердің түпкі мақсаты – дәрілердің халыққа қолжетімді болуы, ал оның іс жүзінде орындалуы басты талап болып қала береді.

Қазақстандықтардың қандай препараттарды жиі сатып алатынын білгіңіз келсе, сілтемеге өтіңіз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Наурыз 2026 20:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

06 Тамыз 2026 16:56see169

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

06 Тамыз 2026 18:47see122

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

06 Тамыз 2026 08:29see120

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

06 Тамыз 2026 15:01see120

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

06 Тамыз 2026 19:10see118

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

06 Тамыз 2026 11:01see116

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

06 Тамыз 2026 20:22see114

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

06 Тамыз 2026 11:01see114

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

06 Тамыз 2026 23:47see113

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

06 Тамыз 2026 21:05see112

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

07 Тамыз 2026 14:23see112

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

06 Тамыз 2026 11:40see111

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

07 Тамыз 2026 13:10see110

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

06 Тамыз 2026 16:39see110

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

06 Тамыз 2026 15:25see110

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

06 Тамыз 2026 16:26see109

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

06 Тамыз 2026 14:07see109

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

07 Тамыз 2026 13:18see109

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

07 Тамыз 2026 17:00see108

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

06 Тамыз 2026 21:11see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары