Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

SCAT әуе компаниясының ұшағы Таразға шұғыл қонуға мәжбүр болған

Тротуармен жүруге бұдан былай тыйым салынады: Қазақстанда жақын арада маңызды жаңалық күшіне енеді

АҚШ барлау қызметінің басшысы биозертханалардың жаһандық желісі туралы мәлімдеді бұған Қазақстанның қандай қатысы бар

“Астана Банкінің“ мүлкі аукционға шығарылды: қандай нысандар сатылып жатыр?

Қытай байланыс технологиясын сынау үшін жаңа жерсерігін ұшырды

Аптап ыстық болады, дауыл тұрады: 23 маусымға ауа райы болжамы

Ашура күні туралы не білеміз

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

25 маусымда Астанада жарық пен су болмайды: мекенжайлар тізімі

Түрік поп музыкасының қазаққа таныс үш хит әні

Еуропалық Кеңес Президенті Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтті

Абайды көрген кісі

Қазақстандықтарға мемлекеттік нөмірлер мен жүргізуші куәліктерін алу оңайырақ болды

Қыз Жібекке түсуге Ғабит Мүсірепов рұқсат бермеген: Раиса Мұхамедиярова туралы не білеміз?

Әлем чемпионаты 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді

Плагиат па әлде сәйкестік пе қазақстандық әншілер альбомдардың тұжырымдамасына байланысты дауласып қалды

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

Ақтөбеде караоке клуб ғимараты өртенді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

Жылу соққысы: алғашқы белгілері және алғашқы көмек, аптап ыстықта адамды қалай құтқару керек

2025 жылы қандай қайғылы оқиғалар болды?

2025 жылы қандай қайғылы оқиғалар болды?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

2025 жылы қоғамға ауыр әсер еткен оқиғалар аз болмаса керек. Адам өлімімен аяқталған ірі жол-көлік апаттары (ЖКО) жиіледі. Кейбір өндіріс орындарында адам өліміне әкелген апаттар тіркелді. Сонымен қоса, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары да болды және жастар арасында суицид оқиғалары тіркелді. Бұның бәрі әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, психологиялық қолдау салаларын күшейту қажеттігін көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ЖИ

Алапат өрт 12 адамды жалмап кеткен

Түркістан облысында қос қабатты баспана отқа оранып, 12 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 18 қарашада Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында болғаны мәлім. Қаза тапқандардың бәрі бір әулеттің мүшелері. Көрші ауылдағы туысының тойынан қайтқан қонақтар бауырының үйіне түнеп шықпақшы болған. Алайда таң ата тұтанған тілсіз жау әп-сәтте бүкіл баспананы шарпыған. Үйде болған 15 адамның тек 3-еуі ғана тірі қалды. 18 жастағы қыз, әйел адам және ер адам аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған.

Өрт таңғы сағат 5-тен өте тұтанған. Қызыл жалын әп-сәтте қос қабатты үйді түгел жалмап, шырт ұйқыдан шошып оянғандар жанұшыра көмек сұраған. Олардың шыңғырған дауысын жақын көршілері естіпті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, үй иесінің «құтқарыңдар» деп, от арасынан айғайлаған дауысы анық естілген. Оттың ортасында қалғандар жалма-жан әйнекті шаққанымен, терезедегі темір тордан шыға алмай қалған.

Үкіметтік комиссия өрттің себептері бойынша тергеу жүргізді. Көп баланың бір мезгілде қаза табуы елді толғантып, қоғамда тұрғын үй қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы туралы сұрақты айқын қойды.

2025 жылы ел аумағында қандай алапат өрт оқиғалары тіркелді?

12 адам мерт болған жантүршігерлік жол апаты

23 қазанда Ақтөбе облысы аумағындағы халықаралық Самара-Шымкент тасжолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен ГАЗель соқтығысқан. ГАЗель жолаушылар көлігі ресми түрде Т.Жүргенев ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан. Жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Оқиға болған жерде 2 жүргізуші мен ГАЗель көлігінің 10 жолаушысы (8-і ересек, 2-уі бала) қаза тапқан, тағы 5 адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Ішкі істер министрі тергеу барысын жеке бақылауға алды. Үкімет комиссиясы құрылды. Бір ғана жол апатында 12-ден аса адамның өмірін жоғалтуы бүкіл елді шошындырған ауыр жаңалық болды және жол қауіпсіздігі мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 15 698 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апаттардан 22 346 адам зардап шегіп, олардың 955-і қаза тапты. Оның ішінде 5552 бала жарақат алып, 135 бала қайтыс болған.

(Фото: Видеокадр)

Өндірістік жазатайым оқиғалардан 77 кенші қаза тапқан

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша) мәлім қылғандай, өндірістегі жазатайым оқиғалардан 584 жұмыскер зардап шегіп, оның 77-сі қаза тапқан.

Жарақат алу бойынша Қарағанды облысында – 61 адам, ШҚО-да – 50 адам, Павлодар облысында – 44 адам, Атырау облысында – 40 адам, Ақтөбе облысында – 39 адам, Алматы қаласында 51 адам зардап шеккен. Экономика салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 18,1 % және құрылыс саласында – 9,2%.

Жазатайым оқиғалардың болуының негізгі себептері: өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (34,6%), жәбірленушінің абайсыздығы (32,9%), жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,6%), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (7,1%).

Еңбекті қорғау фактілерінің бұзылушылықтары бойынша құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғаларды тергеудің 439 материалы жіберіліп, соның негізінде 139 қылмыстық іс қозғалды. 

Сондай-ақ 17 ақпанда Ұлытау облысындағы Жомарт кенішінде 7 кеншінің қазасы жұрттың қабырғасын қайыстырды.

(Фото: sputnik.kz)

Сонымен қоса, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кейбір жағдайлары адам өлімімен аяқталды. Бұл істер қоғамда үлкен ашу туғызды. Құқық қорғау органдарының, әлеуметтік қызметтердің рөлі сынға алынды. Мұндай оқиғалар – қорғау тетіктері болғанымен, бірақ олар кейде кеш іске қосылатынын, зорлық-зомбылық – тек қылмыс емес, жүйелік әлеуметтік проблема екенін көрсетіп отыр.

Оған қоса, жасөспірімдер мен жастар арасында суицид пен ауыр психологиялық дағдарыс оқиғалары тіркелді. Суицид оқиғалары қоғамға  ерекше ауыр болатын себебі, бұл – бір күнде болатын апат емес, ұзақ жиналған ішкі күйзелістің салдары. Әрбір жағдай – бір отбасының өмір бойғы жарасы. Өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары – психологиялық көмекке қолжетімділік жеткіліксіздігін және мектеп пен қоғамда эмоциялық денсаулық әлі де екінші қатарда екенін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан цифрландыру бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтты

Үкімет • Бүгін, 17:15

Алматыда «Көбелек» балет-ертегісінің премьерасы өтті

Театр • Бүгін, 16:55

2025 жылы ел аумағында қандай алапат өрт оқиғалары тіркелді?

Оқиға • Бүгін, 16:40

Көмірсутек және уран саласында жер қойнауын пайдалану туралы заңға түзетулер енгізілді

Президент • Бүгін, 16:30

Қос аққу жылжымайды: «Жақын барып хал-жайын кім сұрайды?»

Руханият • Бүгін, 16:27

Алматыда 60 мыңдай адам бюджет есебінен сақтандырылады

Аймақтар • Бүгін, 16:12

Жаңа жыл түні қандай әрекеттер үшін айыппұл салынады?

Қоғам • Бүгін, 16:07

Елімізде жаңа жыл қарсаңында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік күшейтілді

Қоғам • Бүгін, 15:52

Қазақстан онлайн-қызмет сапасы бойынша әлем елдері арасындағы үздік ондыққа кірді

Оқиға • Бүгін, 15:44

Ұлт батырын ұлықтаған 10 томдық жинақ жарық көрді

Айбын • Бүгін, 15:33

Президент «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» заңға қол қойды

Президент • Бүгін, 15:10

Атырау қаласы маңынан жаңа 7 елді мекен құрылуы мүмкін

Аймақтар • Бүгін, 15:03

Еліміздің қорғаныс саласында қандай цифрлық шешімдер енгізілген?

Технология • Бүгін, 14:50

Астанада банк қызметкері клиенттің шотынан 34 млн теңгесін жымқырған

Оқиға • Бүгін, 14:45

Атырауда бір жыл бойы заңсыз жүрген шетелдік азамат елден шығарылды

Аймақтар • Бүгін, 14:40

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Желтоқсан 2025 17:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

SCAT әуе компаниясының ұшағы Таразға шұғыл қонуға мәжбүр болған

24 Маусым 2026 17:52see116

Тротуармен жүруге бұдан былай тыйым салынады: Қазақстанда жақын арада маңызды жаңалық күшіне енеді

24 Маусым 2026 20:52see114

АҚШ барлау қызметінің басшысы биозертханалардың жаһандық желісі туралы мәлімдеді бұған Қазақстанның қандай қатысы бар

24 Маусым 2026 14:59see113

“Астана Банкінің“ мүлкі аукционға шығарылды: қандай нысандар сатылып жатыр?

24 Маусым 2026 12:05see113

Қытай байланыс технологиясын сынау үшін жаңа жерсерігін ұшырды

24 Маусым 2026 09:53see112

Аптап ыстық болады, дауыл тұрады: 23 маусымға ауа райы болжамы

24 Маусым 2026 09:36see112

Ашура күні туралы не білеміз

24 Маусым 2026 18:46see111

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

25 Маусым 2026 11:01see110

25 маусымда Астанада жарық пен су болмайды: мекенжайлар тізімі

24 Маусым 2026 17:31see110

Түрік поп музыкасының қазаққа таныс үш хит әні

24 Маусым 2026 09:38see110

Еуропалық Кеңес Президенті Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтті

24 Маусым 2026 09:42see110

Абайды көрген кісі

25 Маусым 2026 09:01see110

Қазақстандықтарға мемлекеттік нөмірлер мен жүргізуші куәліктерін алу оңайырақ болды

25 Маусым 2026 12:49see110

Қыз Жібекке түсуге Ғабит Мүсірепов рұқсат бермеген: Раиса Мұхамедиярова туралы не білеміз?

24 Маусым 2026 09:38see109

Әлем чемпионаты 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді

25 Маусым 2026 09:01see109

Плагиат па әлде сәйкестік пе қазақстандық әншілер альбомдардың тұжырымдамасына байланысты дауласып қалды

25 Маусым 2026 14:17see109

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

24 Маусым 2026 22:40see108

Ақтөбеде караоке клуб ғимараты өртенді

24 Маусым 2026 14:46see108

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

24 Маусым 2026 09:17see108

Жылу соққысы: алғашқы белгілері және алғашқы көмек, аптап ыстықта адамды қалай құтқару керек

24 Маусым 2026 08:48see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары