Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

2025 жылы Қазақстанда қандай даулы мәлімдемелер болды?

2025 жылы Қазақстанда қандай даулы мәлімдемелер болды?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстан үшін 2025 жыл – экономикалық немесе инфрақұрылымдық өзгерістермен ғана емес, қоғамдық пікірді қақ жарған мәлімдемелер мен бастамалармен есте қалды. Бұлардың кейбірі халықаралық қарсылық туғызса, енді бірі ел ішінде талқыға түсті. Әсіресе ЛГБТ, уақыт белдеуі, тіл мәселесі қоғамда көбірек дау нысанасына ілінді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Коллаж. Egemen.kz.

ЛГБТ-ны шектеу

2025 жылы Парламент «дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауға» тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулерді мақұлдады. Тиісті түзетулер архив ісіне қатысты заң жобасы шеңберінде қабылданды. Құжатта ЛГБТ тақырыбы қамтылған материалдарды міндетті түрде арнайы белгілеу қарастырылған. Ал «дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттау» әкімшілік құқық бұзушылық ретінде бағаланып, айыппұл салу және қайталанған жағдайда 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы көзделеді.

Заң жобасына халықаралық құқық қорғау ұйымдары қарсы шықты. HRW, сондай-ақ Еуразиялық денсаулық, құқық, гендерлік және жыныстық әртүрлілік коалициясын (ECOM) қоса алғанда, жеті ұйым Парламентті бұл түзетулерді қабылдамауға шақырды. Олардың пікірінше, заң ЛГБТ қауымдастығының осалдығын арттырып, Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді. Атап айтқанда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (ICCPR) 19-бабы сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығын, ал 26-бабы кемсітушілікке жол бермеу және заң алдындағы теңдікті қамтамасыз етеді.

(Фото: dzen.ru)

Amanat фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев түзетулердің қабылдануын қолдап, бастаманың басты мақсаты балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қорғау екенін мәлімдеді. Ал Мәжіліс депутаты Никита Шаталов Қазақстан бұл арқылы Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының 17-бабын орындап отырғанын айтты. Оның сөзінше, аталған норма мемлекеттерді балаларды зиянды ақпараттан қорғауға міндеттейді.

Биыл Қазақстанға БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап мерзімдік шолу (UPR) шеңберінде ұсыныстар берілген. Онда жыныстық бағдар мен гендерлік сәйкестікке байланысты кемсітуші нормаларды жою және ЛГБТ қауымдастығының сөз бостандығын қорғау қажеттігі атап өтілген.

Бастамашылар бұл заң пакетін – дәстүрлі құндылықтарды қорғау, балалар мен жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігі, «Батыстан келетін идеологиялық ықпалға тосқауыл» деп түсіндірді. Мәжіліс мінберінде бұл тақырып көбіне мораль, отбасы, ұлттық болмыс мазмұнында айтылды.

Ал, қоғам реакциясы екіге бөлінді: қолдаушылар – мемлекет шекараны ғана емес, құндылықты да қорғауы тиіс» деді. Ал сынағандар – заңның тұжырымдамасы бұлыңғыр, ол цензураға, кез келген контентті «пропаганда» деп тануға, халықаралық сын мен имидждік тәуекелге
әкелуі мүмкін екенін айтты. 

Елімізде ЛГБТ ұйымдары жабылсын деген бастама көтерген петиция пайда болған еді. Ал қараша айында қоғам белсендісі Парламентке үндеу жасады.

Уақыт белдеуі реформасы

Еске салайық, аталған өзгеріс 2024 жылы да талқыланып келді. 2025 жылы бұл тақырып әлеуметтік-саяси дауға айналды. Қазақстанның бір уақыт белдеуіне көшудің мәселесіне кейбір азаматтар қарсы шығып, уақыт белдеуі өзгерісі – күнделікті өмір мен экономикалық белсенділікке әсер етеді деп мәлімделді және халықтың бір бөлігі өзін шешім қабылдау процесінен тыс қалғандай сезінетіні айтылды.

2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы уақыт белдеуіне оралу мүмкіндігі туралы Үкімет шешіміне қатысты пікір білдірді

«Үкімет пен Парламент бұл мәселені талқылады. Арнайы зерттеулер жүргізілді, шешімге күмән келтірген қоғам белсенділерінің қаупі мен күмән-күдігі расталған жоқ. Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің, сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар, халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс. Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді, логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді. Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын, оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ», деді Президент.

(Фото: Zakon.kz)

Биліктің ұстанымы – экономикалық тиімділікке, басқару мен логистиканы жеңілдетуге, ғылыми зерттеулерге сүйенуге негізделді.

Ал халық үшін бұл – биологиялық ырғақтың бұзылуы, балалар мен жұмысшылардың бейімделу қиындығы, өңірлердің ерекшелігі ескерілмеуі деген мәселелерді алға шығарды. Әлеуметтік желілерде бұл реформа ең «тұрмыстық наразылық» тудырған бастама болды.

Еске салайық, еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне 2024 жылы 1 наурыздан бастап көшкені мәлім. Ел аймақтарында тіршілік тынысы бірыңғай уақыт бел­деуіне сәйкес айқындала бастады.

Түйіндей айтқанда, аталған дау – ғылыми дәлел мен адам сезімі әрдайым сәйкес келе бермейтінін анық көрсетті.

Тіл мәселесі де өзіндік дау туғызды

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 17-18 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіндегі сөйлеген сөзінде тіл мәселесі туралы «кез келген тыйым салу әрекеттері тоқтатылатыны» айтқан.

«Қазақстанда біз бұл негізінен жаһандық сипаттағы мәселелерге ерекше мән береміз. Олар ішкі саясатымыздың өзегінде тұр. Этносаралық, конфессияаралық және халықаралық төзімділік пен өзара құрмет саясатын ұстану – түбегейлі маңызды деп есептеймін», деп айтқан еді Мемлекет басшысы.

Президент бірлік әртүрлілікте екенін атап өтіп, мұндай саясатты әлсіретуге немесе беделін түсіруге бағытталған кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын мәлімдеді.

«Елдегі этносаралық және дінаралық келісімді сақтау, барлық этностарды құрметтеу аса маңызды. Бұл саясатты бұзуға бағытталған немесе мемлекеттік қызметте не қоғамдық кеңістікте тілдерді қолдануды шектеуге тырысқан кез келген әрекет тоқтатылып, оған құқықтық баға беріледі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент – тіл мәселесін саясиландырмауға, қазақ тілін дамыту мен этносаралық келісімді қатар алып жүруге, қоғамда радикал ұстанымдарға жол бермеуге шақырды.

Қоғамда бұл сөз әртүрлі қабылданды: бір тарап байсалды, сабырлы ұстаным деп бағалады; екінші тарап қазақ тілінің нақты мәртебесі мен қолданылуы кейінге ысырылады деген алаңдаушылық білдірді. Әсіресе әлеуметтік желілерде: «тіл – келісімнің құрбаны болмауы тиіс» деген пікір жиі айтылды. Осылайша, мемлекет пен қоғам арасында тіл мәселесі әлі де «нәзік мәселе екенін» көрсетті.

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі басталды.

(Фото: Akorda.kz)

Даулы мәлімдемелерден қандай тұжырым шығады?

2025 жылғы даулы бастамалар бір нәрсені анық көрсетті – билік көбіне тұрақтылық, бақылау, басқару логикасымен сөйлесе, қоғам ашықтық, диалог және түсінікті ереже күтеді.

Билік пен қоғамның тіл табысуы үшін – шешім қабылдар алдында қоғамдық кең талқылау, түсіндірудің формалды емес тәсілдері қолданылуы керек деген пікірлер айтылды.

Соңғы жаңалықтар

14 мыңнан астам этникалық қазақ елге оралды

Қоғам • Бүгін, 18:35

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Президент • Бүгін, 18:10

2025 жылы БАҚ-та қандай тақырыптар жиі талқыланды?

Қоғам • Бүгін, 17:53

2025 жылы Қазақстанда қандай даулы мәлімдемелер болды?

Қоғам • Бүгін, 17:40

Тараз горнизонында бес егіз жұп қызмет етеді

Аймақтар • Бүгін, 17:32

Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?

Қоғам • Бүгін, 17:23

240 мыңнан астам ұстаз ЖИ бойынша білім алды

Білім • Бүгін, 17:11

Қытайда теңіз бетіне салынған күн электр станциясы пайдалануға берілді

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 17:03

Қазақстан теміржол паркі жаңарады: 2026 жылы 91 жаңа вагон қолданысқа беріледі

Оқиға • Бүгін, 16:55

Ақтоғай ауданында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді

Аймақтар • Бүгін, 16:43

Қысқы Олимпиадада Қазақстанның туын кімдер ұстап шығады?

Спорт • Бүгін, 16:25

Биыл Президент тапсырмасымен 141 мектеп ашылды

Білім • Бүгін, 16:16

Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды

Мәдениет • Бүгін, 16:00

Ғалымжан Кенжебек «Елімай» клубындағы мансабын аяқтады

Футбол • Бүгін, 15:55

Автокөліктерді қай өңір көбірек өндірді?

Экономика • Бүгін, 15:33

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Желтоқсан 2025 18:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары