Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Су добының үздіктері

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

BINOM мектебінің жаттықтырушысы олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

BINOM мектебінің жаттықтырушысы олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Пәндер олимпиадасы – білімді ғана емес, ой тереңін, табандылық пен талапты қажет ететін интеллектуалдар алаңы. Еліміздің әр өңіріндегі дарынды оқушылар үшін республикалық додада жеңіске жету оңай емес, жүйелі дайындық керек. Осы ретте Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің әдістеме жетекшісі, пәндер олимпиада командасының жаттықтырушысы Назерке Сайлаумен білім додасының қыр-сыры туралы сұхбаттастық.

Назерке Борамбекқызы, бізде баланы ерте жастан оқу орталықтарына беріп олимпиадаға қатыстыратын ата-аналар бар. Бұл балам ертең үздік жоғарғы оқу орнында білім алса деген ниеттен туындайтын амал. Сіздің Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің әдістеме жетекшісі, пәндер олимпиадасына қатысушы команда жаттықтырушысы екеніңізді білеміз. Білім додасына баланы қай сыныптан бастап дайындаған жөн? Оқушыларды қалай іріктейсіз?

Мен өзіңіз атап өткен мектепте биология пәнінен сабақ беремін, осы пән бойынша олимпиадаға дайындықты 6-7 сыныптан бастаймыз. Дәл осы кезеңде оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығы артып, жаңа салаға құштарлығы ұлғая бастайды.

Іріктеу кезінде академиялық көрсеткіштермен ғана шектелмейміз. Ең алдымен баланың пәнге деген шынайы құлшынысына, зерттеу үдерісіне бейімділігіне және логикалық ойлау қабілетіне мән береміз. Іріктеуде мектепішілік бақылау жұмыстары мен тест нәтижелері де ескеріледі. Шешім шығару жан-жақты әрі көпқырлы сараптауды қажет етеді.

Олимпиада біліммен қатар тұлғалық қасиеттің де сыналатын алаңы. Биыл республикалық олимпиадада шәкіртім Кәдірбай Абылай қола медаль иеленді. Абылайдың бойында ойлау мен талдау қабілеті, табандылығы мен еңбекқорлығы, ізденісі мен талабы үйлесім тапқан. Көп қатарласымен салыстырғанда, оның жауапкершілігі өте жоғары. Адамгершілік құндылығын дұрыс қалыптастырған балаға жетістікке жету қиын соқпасы анық дер едім.

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер үшін тәжірибе жасауға  қызығушылығы мен белгісіз тұжырымдарды зерттеу мақсаты болуы қажет. Қатысушының психологиялық тұрақтылығы, стреске төзімі және ішкі тірегі болуы да маңызды фактор деп ойлаймын. Себебі мектеп пен ата-ана үлкен үміт артқан кезде баланың ішкі күйінің тұрақты болғаны абзал.

Командаңызда дайындалған балалардың кейінгі жылдары республикалық кезеңнен жүлдесіз оралмайтынын білеміз. Дайындық стратегиясын қалай құрасыз?

Әр оқушы – жеке әлем. Сондықтан дайындық стратегиясын қатаң схема деп қабылдамаймын. Әр оқу жылында сан түрлі бала қосылатындықтан, біздің команданың стратегиясы тірі ағза сипатында жұмыс атқарады. Ең алдымен оқушының бастапқы деңгейін анықтап, соған сәйкес теориялық және практикалық білім балансын қалыптастырамыз.

Өткен жылдардағы олимпиада тапсырмаларын жүйелі талдау дайындықтың негізгі тірегінің бірі. Әр тоқсанның басында нақты жоспар жасалып, әр кітаптағы бөлімдердің мақсаты айқын белгіленеді. Жалпы, қалыптасқан жүйе бар, бірақ әр баланың жеке тәжірибесі міндетті түрде ескеріледі.

Биология жаттап алатын пән емес, балаға дайын жауапты айта салмай, бір тақырыпты бірнеше күн бірге талқылауға тырысамын. Гипотеза құрып, ғылыми мақалаларды жеке зерттеу тапсырмаларын беру басты ерекшелігім деп санаймын.

Олимпиадаға қатысқысы келетін баланың жеке ізденуі стратегияңыздың негізі екенін түсіндік. Ал осындай жүйелі дисциплина білім деңгейі әлсіздеу оқушыға қалай әсер етеді?

Жүйелі жұмыс кез келген нәтижелі дайындықтың негізі. Ол білімдегі олқылықтарды біртіндеп жойып, оқушының өзіне деген сенімін арттырады. Уақыт өте келе бұл тұрақты прогреске әкеледі. Алайда тек қатаң тәртіп жеткіліксіз. Егер оған қолдау мен мотивация қосылмаса, нәтиже күткендей болмауы мүмкін. Біз әрдайым академиялық талап пен адамгершілік қолдаудың тепе-теңдігін сақтауға тырысамыз.

Әрине, жеке ізденіс тәртіпті талап етеді. Бірақ барлық бала бірден жаңа жүйеге дайын болып келмейді. Әсіресе бастапқыда өзіне сенімсіз, ізденіс деңгейі сәл төмендеу оқушылар болады. Мұндай жағдайда баланың тиянақты оқу жоспарын қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Себебі тұрақты дайындық кей тұстағы олқылықты жабуға көмектеседі. Бір-екі кішігірім жетістікті көргеннен кейін, баланың өзі де көбірек еңбектенгісі келеді. Сол үшін мен міндетті түрде қолдау көрсетіп, кішкентай прогрестің өзін атап өтемін. Тәртіп пен мотивация қатар жүргенде ғана жақсы нәтиже болады.

Олимпиадаға дайындық кезінде оқушылар мен ұстаздар үшін туындайтын мәселе бола ма?

– Оқушыға үздіксіз әрі қарқынды дайындыққа төтеп беру оңай емес. Бір қарағанда бәрі тек білімге тірелетіндей көрінгенімен, уақытты дұрыс жоспарламау, өз деңгейін басқалармен шектен тыс салыстыру қиындық тудырады.

Ал ұстаз үшін жүктеменің көптігі, сапалы ресурстарды тауып оны оқу бағдарламасына енгізу қиын. Әр баламен жеке жұмыс істеу де жауапкершілікті талап етеді. Мұнда әр балаға бағыт беріп қана қоймай, оларды бір жүйеге біріктіру маңызды.

– Қазақстандағы пәндер олимпиадасын ұйымдастыратын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығын сынайтындар да бар. Сіз олардың пікірімен келісесіз бе?

  «Дарын» орталығы – еліміздегі дарынды оқушыларды тоғыстыруда маңызды рөл атқаратын құрылым. Оның басты артықшылығы әр кезеңді жыл сайын бір уақытта ұйымдастыруы және республикалық деңгейде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беруі деп санаймын. Дегенмен кейде қазылар алқасы мен балалардың апелляцияда белгіленген уақытта ортақ шешімге келе алмай қалатыны бар. Сол себепті техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді дамытуға көбірек назар аударса, нұр үстіне нұр болар еді деген пікірдемін.

Олимпиадада топ жаратын оқушылар буынын қалыптастыру үшін мектеп қандай іс-шараларға басымдық беруі керек?

Олимпиадада топ жаратын оқушыларды қалыптастыру үшін мектеп ең алдымен дұрыс атмосфера құра білуі керек. Бала өзін бағалайтын ғана емес, дамушы ортаның бөлшегі ретінде сезінуі маңызды.

Сонымен қатар мектепте академиялық еркіндік болуы қажет деп ойлаймын. Кейде оқушы бағдарламадан асып кетіп, өз бетімен тереңірек зерттеу жүргізгісі келеді. Дәл сол сәтте оны шектемей бағытын түзеп жіберсе бала қабілетін толық ашады. Мектептің басты міндеті дайын нәтиже талап ету емес, сол нәтижеге алып баратын ойлау мәдениетін қалыптастыру.

Шәкірттеріңіздің арасындағы бәсеке мен командалық рухтың балансын қалай сақтайсыз?

Әр қатысушының мінезі, амбициясы, қабылдауы әртүрлі болғандықтан ортақ ритм қалыптастыру оңай емес. Біреуіне қолдау керек, біреуіне керісінше талапты күшейту керек.

Біз әр оқушының жеке жетістігін бағалай отыра топтық дайындыққа да ерекше мән береміз. Бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру басты қағида. Дұрыс ұйымдастырылған бәсеке оқушыны алға жетелейді, ал командалық рух сол жолда жалғыз қалдырмайды. Осы екеуінің балансы мотивацияны арттырады.

Пәндер олимпиадасының оқушыларға берер пайдасы бар ма?

Олимпиада баланы тәртіпке, уақытты басқаруға, өз ісіне жауапкершілік алуға үйретеді. Жеңіс те, жеңіліс те – үлкен тәжірибе. Осы арқылы оқушы өз мүмкіндігін шынайы бағалап, қай бағытта дамуы керек екенін түсіне бастайды.

Пәндер олимпиадасы терең академиялық білім алуға жол ашатын әрі аналитикалық дағдыны қалыптастыратын алаңы. Бұл өзге аймақтан келген балалармен жарысудан ғана тұрмайды. Ол оқушының сыни ойлау қабілетін дамытып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етеді. Сонымен қатар жоғары оқу орындарына грант жеңіп алуға да болады. Жалпы айтқанда олимпиада – ғылым  мен құндылықтарды ұштастыратын үздік аламан.

– Әңгімеңізге рахмет. 

Сұхбаттасқан Ділназ Қайролла,

MNU Халықаралық журналистика мектебі студенті

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде 35 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

Ауа райы • Бүгін, 11:59

Жазғы маусымда Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Қоғам • Бүгін, 11:40

Сайлау кезінде заң бұзғандарға жаза қатаңдатылады

Парламент • Бүгін, 11:34

Қызылордадағы жатақханада студент көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 11:27

Алматыда заңсыз сауда нысандары жаппай сүріліп жатыр

Сауда • Бүгін, 11:21

Жезқазғандағы су мәселесі: Сағызша созылған «Үйтас-Айдос» жобасы

Мәселе • Бүгін, 11:20

Серхио Рамос «Севилья» клубын сатып алды

Футбол • Бүгін, 11:03

Жас ғалым жолдағы ақауды табатын құрылғы ойлап тапты

Ғылым • Бүгін, 11:00

Мәжіліс Мұрат Ергешбаевтың депутаттық өкілеттігін тоқтатты

Парламент • Бүгін, 10:44

Еуроодақ балалардың әлеуметтік желіге кіруін шектеуді жоспарлап отыр

Технология • Бүгін, 10:37

ЖИ дәуіріндегі мектеп: Оқушыларға пайдасы мен қаупі қандай?

Технология • Бүгін, 10:33

Алматыда 700-ге жуық суық қару мен тыйым салынған заттар тәркіленді

Оқиға • Бүгін, 10:20

Террористік қылмыс жасады деген күдікпен шетелден 4 азамат елге қайтарылды

Оқиға • Бүгін, 10:18

Атырау облысындағы отбасының өлімі: Ақбаянға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

Оқиға • Бүгін, 10:06

Қамшыбек Ташиевтің ісі сотқа жолданды: Процесс жабық өтеді

Әлем • Бүгін, 09:54

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Мамыр 2026 12:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

10 Тамыз 2026 17:07see117

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see116

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see116

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

10 Тамыз 2026 17:14see116

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

10 Тамыз 2026 14:47see115

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see115

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

10 Тамыз 2026 15:41see115

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

10 Тамыз 2026 18:14see114

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

11 Тамыз 2026 01:54see114

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

11 Тамыз 2026 02:38see112

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

10 Тамыз 2026 14:24see112

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see112

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see111

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

10 Тамыз 2026 17:44see111

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see111

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

11 Тамыз 2026 04:13see110

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see110

Су добының үздіктері

11 Тамыз 2026 03:57see109

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see108

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

10 Тамыз 2026 15:26see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары