Бүгін ешкімді жібермеймін Алматы әуежайынан түсірілген видео еңбек инспекциясын қызықтырды
Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайында түсірілді делінген екі видео тарады. Оның бірінде қызметкер биікте электр штабелермен сақтандырусыз жұмыс істеп жатса, екіншісінде - жиналыс кезінде басшылық пен қызметкерлер арасында дау туындап, балағат сөздер мен жұмыс уақытынан тыс қалу талабы айтылады. Видеолар Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің назарына ілікті, деп хабарлайды Tengri Travel.
Кадрларды әлеуметтік желі желі қолданушыларының бірі бөлісті.
"Алматы әуежайының жабық есіктерінің ар жағында не болып жатыр? Мен жұмыс орнынан түсірілген екі видеоны көрсетуді жөн көрдім. Біріншісінде - қызметкер электр штабелерді қолданып, биікте жұмыс істеп жатыр. Екіншісінде - жұмыс жиналысы кезінде басшы мен қызметкерлер арасында жанжал туындаған. Жазбада: "Мен бүгін ешкімді жібермеймін" және "Аузыңды жап!" деген тіркестер естіледі", - деді ол.
Скриншот: Threads
Бірінші видеодағы кадрларға қарағанда, қызметкер электр штабелерді пайдаланып, биікте сақтандырусыз жұмыс істеп жатыр.
Екінші видеода қызметкерлердің басшылықпен жиналысы түсірілгені айтылады. Кадрларда супервайзер жұмысшыларды дөрекі түрде ұрсып, белгіленген уақыттан тыс жұмыста қалуды талап етіп, жазалаумен қорқытады. Сондай-ақ әңгіме барысында балағат сөздер қолданылады.
Видео авторы жарияланымнан кейін онымен жағдайдан хабары бар адамдар байланысқанын айтты.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті не деді?"Олардың айтуынша, жазба балағат сөздер айтыла бастағаннан кейін ғана қосылған. Персонал болған жағдайдан есеңгіреп қалған, сондықтан жанжалдың басы видеода жоқ. Сондай-ақ маған бұл жағдай әуежай кіреберісінде болғанын, онда әуежай қызметкерлері мәселені бақылауға алғанын түсіндірді", - деді автор.
Біз Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне сауал жолдадық. Мекеме өкілдері Алматы әуежайында түсірілген видеолармен таныс екенін хабарлады.
"Комитет әлеуметтік желілерде тараған Алматы халықаралық әуежайындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек құқықтарының ықтимал бұзылуына қатысты бейнематериалдардан хабардар. Аталған материалдар кешенді талдау жүргізу үшін жұмысқа қабылданды", - делінген сауалға берілген жауапта.
Бірінші видео бойынша комитет жоспардан тыс тексеріс жүргізу мәселесін қарастырып жатыр.
"Комитеттің аумақтық департаменті заңнамаға сәйкес бақылау субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеріс бастау мәселесін қарастырып жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Комитет екінші видеоға қатысты қызметкерлерді жұмыс орнында қалуға мәжбүрлеу және басшылық тарапынан қысым көрсету Еңбек кодексіне қайшы келетінін атап өтті.
Қандай жауапкершілік қарастырылған?"Персоналды жұмыс орнында мәжбүрлеп ұстау және басшылық тарапынан жасалатын қысым Еңбек кодексі нормаларын бұзады. Қосымша жұмыстарға заңға сәйкес, жұмыскерлердің жазбаша келісімімен және жоғарылатылған ақы төлеу жағдайында ғана жол беріледі", - деп атап өтті комитет өкілдері.
Сондай-ақ комитет қызметкерлерді сақтандырусыз және жеке қорғаныс құралдарынсыз қауіпті жұмыстарға жібергені үшін жауапкершілік қарастырылғанын айтты.
"Қазақстан заңнамасында қызметкерлерді сақтандыру және жеке қорғаныс құралдарынсыз қауіптілігі жоғары жұмыстарға жібергені үшін жұмыс беруші мен лауазымды тұлғалардың әкімшілік және өзге де жауапкершілігі қарастырылған", - деп хабарлады ведомство.
Атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға, сондай-ақ шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарына айыппұл қарастырылған.
Егер заңбұзушылық ауыр зардапқа әкеп соқса, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Қайда жүгінуге болады?Комитет егер жұмыскер еңбек дауына, басшылық тарапынан қысымға немесе өз құқықтарының басқа да бұзылуына тап болса, келесі әрекеттерді жасай алатынын атап өтті:
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне немесе оның аумақтық департаментіне жүгіну; HR Enbek платформасы арқылы ресми шағым түсіру; өз еңбек құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну.Айта кетейік, жыл басында Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы халықаралық әуежайын өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартқан болатын. Әуежайға 2 162 500 теңге айыппұл салынды, бірақ жұмысы тоқтатылған жоқ.
Ал мамырда әуежай терминал шатырынан су аққаннан кейін жауапкершілікке тартылды. Сол кезде техникалық мәселелер жөніндегі аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза қолданылды.
Тағы оқыңыз: 25,2 миллион теңге айыппұл және тәркілеу: Қазақстанның екі әуежайы жазаланды
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:35
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қыркүйек 2026 19:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















