Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Франция құрамасы Сенегалды 3 1 есебімен тізе бүктірді

Дауылдан кейін көлікке ағаш құлады не істеу керек және шығынды кім өтейді

Шаққалиев жанармай мен электр энергиясы бағасының өсуі азық түлік құнына қалай әсер ететінін түсіндірді

Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

Қос асылдың ізі

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

Неміс алыбы Volkswagen нің өмір сүруіне қауіп төніп тұр БАҚ

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ дан тұрғын үйге 55 миллиард теңге алды

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Тас жолдарда оң рульді көліктерге бақылау күшейтіледі

Майымбет туралы миф

АҚШ та арнайы операция барысында қазақстандық азамат ұсталды

“Ақшаның қайда кеткенін көрсетіңіздер“ депутаттарда “шетелдік агенттер тізіміне“ қатысты сұрақтар туындады

Қазақстан 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тартуды көздейді

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті

Жеті вагонды сүйреген жігіт

Өндіріске өріс ашатын бастама

2025 жылы ел өмірінде қандай өзгерістер болды?

2025 жылы ел өмірінде қандай өзгерістер болды?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Өтіп бара жатқан 2025 жыл елеулі өзгерістерге толы кезең ретінде елдің есінде қалды. Қарапайым айлық есептік көрсеткіштің өсуінен бастап, салық жүйесінің жаңаруы, тұрғын үй саясатының қайта қаралуы, тіпті қабылданған жаңа заңдар халықтың күнделікті өміріне жаңашылдық алып келді. Бір жағынан, декларациялау талаптарының жеңілдеуі мен әлеуметтік қолдаудың кеңеюі халықтың еңсесін көтерсе, екінші жағынан қоғамдық кеңістіктегі тәртіп пен мәдениетке қатысты жаңа шектеулер қоғамда қызу талқыға түсті. Ал тұрғындардың басым бөлігі бұл жылды тұрақтылық пен нақты нәтижелер кезеңі ретінде бағалап отыр.

Айлық есеп­­тік көрсеткіш жыл санап өсіп келеді

2024 жылы 1 АЕК мөлшері 3 692 теңге болса, биыл 3 932 теңгеге тең. 2024 жылмен салыстырғанда АЕК 6,1 пайызға – 240 теңгеге өсті. АЕК-тің әсері зейнетақы, жалақы, әлеуметтік жәр­демақыларға да әсер етеді.

Қазақстандағы 2025 жылға арналған негізгі көрсеткіштер:

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге; Ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге; Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге; Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңге; Ең төменгі жалақы (ТЖМ) – 85 000 теңге. 2025 жылдан бастап жеке тұлғалар декларация тапсырудан босатылды

2025 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Президенті № 208-VIII Заңына қол қойды. Құжат Салық кодексіне өзгерістер енгізіп, жалпыға бірдей декларациялау тәртібін нақтылады. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлер, студенттер, жеке сектор қызметкерлері, үй шаруасындағы әйелдер және басқа да азаматтар декларация тапсырудан босатылды.

Алайда 2025 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны 270.00 нысаны бойынша тапсыруға міндеттілер:

мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесі 10%-дан асатын құрылтайшылар мен акционерлер және олардың жұбайлары;

нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар;

мүлікті жалға беруден, шетелдік банктік шоттардан немесе цифрлық активтерден табыс алатындар;

шетелдік банктердегі 1000 АЕК-тен асатын (2025 жылы 3 932 000 теңге) қаражаты бар тұлғалар;

шетелде тіркелген мүлікке немесе цифрлық активтерге иелік ететіндер;

құны 20 000 АЕК-тен асатын (2025 жылы 78 640 000 теңге) мүлік сатып алғандар.

Салық кодексіндегі өзгерістер

2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және салық заңнамасына түзетулер енгізілген ілеспе заңға қол қойды. Құжат салықтық әкімшілендіруді едәуір жеңілдетуді және салық жүктемесін төмендетуді көздейді.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Жаңа кодекске сәйкес, есептілік көлемі 30%-ға, салықтар саны 20%-ға азаяды. Камералдық бақылау ескерту сипатында кезең-кезеңімен жүргізіледі. Салықтық берешекті өндіріп алу, кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдері оңтайландырылады. Аз мөлшердегі берешек бойынша бизнес шоттары бұғатталмайды, ескерту шаралары қарыз көлеміне қарай кезеңмен қолданылады.

Негізгі өзгерістер:

ҚҚС базалық мөлшерлемесі – 16%, ҚҚС: дәрі-дәрмек пен медициналық қызметке 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%, отандық мерзімдік басылымды сату 10%-ға төмендетіледі, ТМККК, МӘМС, археология, кітап басып шығару ҚҚС-тан босатылады, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 10 мың АЕК-ке (40 млн теңге) төмендетілді. Үй кезегіне тұруға барлық азамат мүмкіндік алды  

Президент өткен жылы қол қойған тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң биыл 24 ма­мырда күшіне енді. Алайда құжаттың жекешелендіруге қа­тысты нормалары былтырғы 4 жел­тоқ­санда қолда­нысқа еніп, жұртшылық оның игі­лігін көре бастады.

Жаңа заң арқылы тұрғын үйге есепке қою жүйеленіп, кезекке тұру жеңілдетілді. Енді үйі жоқ кез келген адам пәтер кезегіне тұра алады. Табысы төмендердің үй жалдау ақысының бір бөлігі субси­дия­ланады, кейбір азамат­тарға жеңілдетілген ипотека беріледі.

Өзгерістің ең үлкені – көптеген азаматты уайымға салып келген мәселе шешілді. Тұрғын үй қорынан жалға алған үйді жекешелендіру­ге құқық берілді.

Тұрғын үйге қатысты бұ­рынғы заң бойынша баспана кезегіне көпбалалы отбасы­­­л­ар, жетім балалар,  I, II топ­тағы мүгедек жандар, мемле­кет­тік қызметшілер, бюджет­тік ұйымдардың қызметкерлері сияқты белгілі бір санаттағы адамдар тұра алатын еді.

Жаңа заң кәмелетке толған азаматтарымыздың бәріне бас­пана кезегіне тұруға мүмкін­дік беріп отыр. Негізгі талап –  кейінгі 5 жылда баспанаң бол­мауы қажет. Ал  Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кезекке тұрғыңыз келсе, жоғарыдағы талаппен бірге бұл шаһарлар­да кейінгі 3 жылда тіркеуде тұрғаныңызды растауға тиіссіз. 

Көптен күткен қоныстой: Жұртшылық жаңа заңның игілігін көре бастады

ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңнамалық түзетулер

Сенат күні кеше ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңды мақұлдады. Құжатта педофилия мен дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты қоғамдық орындарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникациялық желілерде және онлайн-платформаларда таратуға шектеу қою қарастырылған.

ЛГБТ насихаты үшін салынатын айыппұл көлемі белгілі болды

Қоғамдық орында бетті тұмшалап жүруге тыйым салынады

2025 жылдың 12 шілдесінен бастап Қазақстанда бет-әлпетті толық жабатын киімге тыйым салынды. Енді қоғамдық орындарда адамның түрін тануға кедергі келтіретін ниқаб пен паранжа сияқты киімдерді киюге болмайды.

Мәжіліс Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заңды екінші оқылымда қабылдады. Заңда құқықбұзушылық профилактикасы жүйесі кеңейтіліп, профилактика субъектілерінің саны 13-тен 26-ға дейін артады.

Оған отбасын қолдау орталықтары, мобильді топтар, қамқоршылық органдары, БАҚ, жастар ісі жөніндегі орталықтар, уәкілетті органдар және кәсіпкерлер кіреді.

Бетті жауып тұратын киім (ниқаб) кигені үшін қандай әкімшілік жаза қарастырылған?

Фонограмма қолдануға толық тыйым салу

2025 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысы мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелеріне қатысты заңға қол қойды. Түзетулердің ең өзекті тұсы – концерттер кезінде фонограмма қолдануға толық тыйым салу. Жаңа талап 2025 жылдың 4 желтоқсанынан бастап күшіне енді. Заңға сәйкес, 200 адамнан артық жиналатын концерттерде фонограмма пайдалануға болмайды. Бұл шектеу теледидарлық жазбаларға немесе арнайы техникалық жабдықталмаған орындарға қатысты емес. 

Қоғам пікірі: 2025 жыл қалай өтті?

Республикалық әлеуметтік сауалнамаға еліміздің әр өңірінен мың адам қатысты.
Нәтижесінде:

37% – 2025 жылды «табысты» деп бағалаған;

11% – «сәтсіз» деп есептеген;

52% – жылды тұрақты кезең ретінде сипаттаған.

Ең айтулы оқиғалар қатарында тұрғындар Абайдың 180 жылдығын, Жеңістің 80 жылдығын, Конституция мерейтойын, сондай-ақ «Қайрат» пен «Реал» арасындағы футбол ойынын, отандық спортшылардың жетістіктері мен әлемдік жұлдыздардың концерттерін атады.

Сауалнама: Қазақстан халқының 77 пайызы Президентке жоғары деңгейде сенім білдірді

Соңғы жаңалықтар

Оқушыға мамандық таңдауға көмектесетін бот пайда болды

Білім • Бүгін, 17:10

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады?

Білім • Бүгін, 17:06

Бүгін елордада дрондар шоуы өтпейтін болды

Оқиға • Бүгін, 16:50

ІІМ жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын ауыстыру туралы ақпаратты жоққа шығарды

Оқиға • Бүгін, 16:42

Мектептерде сынып ішіне бақылау камерасын қоюға рұқсат етіле ме?

Білім • Бүгін, 16:33

Шымкент тұрғыны заңсыз газдалған сусын өндіріп сатқан

Оқиға • Бүгін, 16:24

АҚШ Грин-картадан неге бас тартты?

Әлем • Бүгін, 16:20

Самара – Шымкент тасжолындағы апаттан екі адам қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 16:00

Тарихи алтын: Қазақстан құрамасы голболдан топ жарды

Спорт • Бүгін, 15:55

Бүгін «Астана Арена» маңында көлік қозғалысына шектеу қойылады

Елорда • Бүгін, 15:40

Nazarbayev University докторантураға 200 грант бөледі

Білім • Бүгін, 15:32

Астанада бір күнде екі адам өзіне қол жұмсады

Төтенше жағдай • Бүгін, 15:30

Президент: Жаһандық қауіпсіздік жүйесін ядролық қарумен ұстап тұруға болмайды

Президент • Бүгін, 15:20

Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды

Президент • Бүгін, 15:00

Ел құрамасы қысқы Олимпиада ойындарына тағы 12 лицензия жеңіп алды

Қысқы спорт • Бүгін, 14:50

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Желтоқсан 2025 18:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Франция құрамасы Сенегалды 3 1 есебімен тізе бүктірді

17 Маусым 2026 02:35see117

Дауылдан кейін көлікке ағаш құлады не істеу керек және шығынды кім өтейді

16 Маусым 2026 20:58see116

Шаққалиев жанармай мен электр энергиясы бағасының өсуі азық түлік құнына қалай әсер ететінін түсіндірді

17 Маусым 2026 15:07see115

Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді

16 Маусым 2026 23:01see114

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

18 Маусым 2026 03:06see114

Қос асылдың ізі

17 Маусым 2026 08:52see113

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

17 Маусым 2026 12:53see113

Неміс алыбы Volkswagen нің өмір сүруіне қауіп төніп тұр БАҚ

17 Маусым 2026 14:44see111

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

17 Маусым 2026 08:15see111

Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?

17 Маусым 2026 08:15see111

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ дан тұрғын үйге 55 миллиард теңге алды

17 Маусым 2026 14:31see110

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

17 Маусым 2026 15:13see109

Тас жолдарда оң рульді көліктерге бақылау күшейтіледі

17 Маусым 2026 00:04see107

Майымбет туралы миф

17 Маусым 2026 08:52see107

АҚШ та арнайы операция барысында қазақстандық азамат ұсталды

17 Маусым 2026 11:53see105

“Ақшаның қайда кеткенін көрсетіңіздер“ депутаттарда “шетелдік агенттер тізіміне“ қатысты сұрақтар туындады

17 Маусым 2026 13:21see105

Қазақстан 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тартуды көздейді

17 Маусым 2026 17:04see105

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті

18 Маусым 2026 00:41see104

Жеті вагонды сүйреген жігіт

17 Маусым 2026 09:05see104

Өндіріске өріс ашатын бастама

17 Маусым 2026 08:14see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары