Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Цифрлық шешімдер Қостанай облысының ауылдары мен моноқалаларына дейін жетеді

Цифрлық шешімдер Қостанай облысының ауылдары мен моноқалаларына дейін жетеді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қостанай облысы біртіндеп елдің цифрлық трансформациясындағы көшбасшылардың біріне айналып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өңірдегі адамдардың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін агроөнеркәсіптік кешендерде, өнеркәсіпте, денсаулық сақтауда, білім беру және байланыс саласында цифрлы шешімдер енгізілуде. Осы бағыттағы жұмыстарды «Цифрлық мемлекет: өңірлік аспект» атты дөңгелек үстелде Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Альберт Рау, Екатерина Смышляева және Еркін Әбіл талқылады.

Жиында Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Рау Қазақстанның цифрландыру деңгейі бойынша әлемде көшбасшы орынға ие екендігіне назар аударды.

– Цифрландыру – эксперимент емес, ведомстволық жоба да емес. Бұл – мемлекеттің стратегиялық бағыты. Былтыр Мәжіліс жасанды интеллект туралы заң қабылдады, ол ЖИ технологияларын жауапкершілікпен әрі қауіпсіз қолданудың негізін қалады. Сонымен қатар, деректер, цифрлық платформалар, сервистер және «ақылды өңірлер» саласындағы нормаларды жүйелейтін Цифрлық кодекс бойынша жұмыс жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бағдарламалық сұхбатында айтқандай, Қазақстан цифрлық державаға айналуға тиіс. Сондықтан Президент 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады,– деп атап өтті Мәжіліс вице-спикері.

Қостанай облысында цифрлық трансформацияның нақты нәтижелері бар. Өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің өсімдік шаруашылығында 238 цифрлық ферма бар, онда нақты егіншілік пен мониторинг элементтері қолданылады. Ал өндірісте 49 өнеркәсіптік робот жұмыс істейді. Ол шығынды азайтып, жұмыс тиімділігін арттырады. Бұл шешімдер өңірлік экономиканың жаңа технологиялық базасын қалыптастырып отыр.

Денсаулық сақтауды цифрландыру да ерекше назарда. Атап айтқанда, облыстық және қалалық деңгейдегі 18 медициналық ұйымды қамтитын жасанды интеллектіні пайдаланатын PACS-жүйесі енгізілуде. Бұл онкологиялық ауруларды, туберкулезді және пневмонияны ерте бастан анықтауға мүмкіндік береді. Кешенді медициналық ақпараттық жүйе өңірдегі медициналық мекемелердің барлығына енгізілді, тіркелген халықтың бәрінің электронды денсаулық паспорттары бар.

Жұмыс сапары аясында депутаттар қалалық емханаға барып, цифрлық құралдардың жұмысымен танысты. Мұнда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік әмиян қолданылады, ол арқылы дәрі-дәрмекті қағаз рецептісіз электронды ваучерлер арқылы алуға болады. Пациенттерді биометриялық сәйкестендіру (Face-ID) енгізіліп,  қабылдау жұмысы жеделдеді. Face-ID тіркеу жұмысына, деректердің бұрмаланбауына көмектеседі. Сонымен қатар, медициналық ақпараттық жүйеде Alima интеллектуалды көмекшісі қолданылады. ЖИ модулі, дәрігердің цифрлы көмекшісі ретінде Alima күнделікті жүктемені азайтуға және медициналық шешімдердің сапасын жақсартуға ықпал етіп отыр.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева атап өткендей, мемлекеттің басты міндеті – цифрландырудың оң әсерін әр қалаға және әр ауылға тарату.

– Біз қарапайым қалалық емханалар мен шағын моноқалаларда цифрлық шешімдердің қаншалықты жұмыс істейтінін, дәрігерлер мен пациенттердің өмірін жеңілдететін көруіміз керек. Цифрлық кодекске «Ақылды аймақтар» моделін енгіземіз, онда әр қала өз тұрғындарының қажеттіліктеріне қарай өзінің цифрлық экожүйесін қалыптастырады, – деп атап өтті ол.

Цифрлық трансформацияның маңызды бөлігі байланыс пен интернетті дамыту болып қала береді. «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үшін ауылдық жерлерде байланысқа қол жеткізуді қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізуде. 44 елді мекенге діңгек антенна орнатылды. Биыл тағы 51 ауылда антенна орнатуды бастау жоспарланған. Бұл облыстың барлық ауылдарын 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, өңірдегі 300 ауылда жалпы инвестиция көлемі 22,9 млрд теңгені құрайтын талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, соның арқасында интернеттің жылдамдығы артуға тиіс.

Депутаттар сондай-ақ «AMANAT» партиясы фракциясының бастамасымен Мемлекеттік қызметтерді бюрократиядан арылту жұмысы ілгерілеп келе жатқанын атап өтті. Бүгінгі таңда жеке куәлік пен басқа құжаттарды мобильді қосымшалар арқылы цифрлық форматта алуға болады, мемлекеттік органдарға қажетті анықтамалар саны азаяды, «бір терезе» қағидаты барлық жұмысты жеңілдетеді әрі  ашықтықты арттыра түседі. 

Кездесу барысында өңір тұрғындары интернет сапасы, ауылдық аумақтардағы цифрлық сервистер, IT-кадрларды даярлау, «ақылды» қалалардың телемедицинасы мен технологияларын енгізу мәселелерін көтерді. Барлық ұсыныстар тіркеліп, одан әрі пысықтауға қабылданды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:297
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 19:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары