Қазақстанда емес : Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе жегінің күні мен орны белгілі болды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 2027 жылдың 23 қаңтарында WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жекпе-жек Данияның Хорсенс қаласында, 5 мың көрерменге арналған Forum аренасында өтеді. Бұған дейін кездесу Копенгагенде ұйымдастырылады деп жоспарланған болатын.
Қазақстандық боксшының қарсыласы – даниялық Якоб Банк. Оның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 20 жеңіс, оның 11-і нокаутпен аяқталған. Ал Әлімханұлы 17 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, 12 қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген.
Жекпе-жек туралы Якоб Банк пен оның Primetime Boxing промоутерлік компаниясы ресми мәлімдеді.
Айта кетейік, бұл кездесуге дейін Жәнібек Әлімханұлының шаршы алаңға шықпағанына 21 ай болады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2026 10:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















