Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

JASTAR CAMP : 500 ге жуық жас Әділет партиясының өкілдерімен кездесті

JASTAR CAMP : 500 ге жуық жас Әділет партиясының өкілдерімен кездесті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Олар «Әділетті Қазақстан» алаңында «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабымен кездесті. Жиында жұмыс, кәсіпкерлік, білім беру, цифрландыру және жастардың ел өміріне араласуы туралы сөз болды.

Партия төрағасы Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуға айрықша мән берілгенін атап өтті. Бұл білім алып, жұмысқа орналасумен ғана шектелмейді. Жастардың өз кәсібін ашып, идеяларын жүзеге асыруына және шешім қабылдауға тікелей араласуына жағдай жасау да маңызды.

Осындай тетіктердің бірі партияның цифрлық платформасы болмақ. Айбек Дәдебайдың айтуынша, «Әділет» әуел бастан цифрлық партия ретінде құрылды. Партияға тіркелу, сұрақтар мен ұсыныстарды жинау онлайн жүргізіледі, платформаның веб-нұсқасы қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр, ал мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Алдағы уақытта азаматтардан келіп түсетін мәліметтерді талдау үшін жасанды интеллектіні пайдалану жоспарланып отыр.

«Біз «Әділетті» әуел бастан цифрлық партия ретінде құрдық. Алдағы уақытта келіп түсетін ұсыныстар мен сұрақтар жасанды интеллект көмегімен өңделіп, болашақ депутаттарымыз шешім қабылдау кезінде пайдаланады. Президент болашақ Құрылтай Big Data-ны қолдану керек екенін айтты. Бұл маңызды мәселелерді назардан тыс қалдырмай, қабылданатын шешімдердің салдарын алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Мұнда жастардың рөлі ерекше. Бүгінде біздің жастар штабымызда 8 мыңнан астам белсенді жұмыс істеп жатыр. Сіздердің еңбектеріңіз – жай ғана үгіт-насихат емес, бұл – азаматтық ұстаным және ел болашағына деген жауапкершілік. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның бүгіні мен болашағы жастардың қолында», - деді Айбек Дәдебай.

Әңгіме барысында жастардың елдің қоғамдық және саяси өміріне араласуы да талқыланды. Айбек Дәдебай жаңа Конституция Қазақстанның алдағы дамуын айқындайтын құндылықтарды бекіткенін жеткізді. Оның айтуынша, заң үстемдігі, адам құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау, мемлекеттің зайырлы сипаты және азаматтық жауапкершілік жас буын үшін аса маңызды.

Одан кейін сөз JASTAR CAMP қатысушыларына берілді. Жас кәсіпкерлер, журналистер, педагогтер және қоғамдық сала өкілдері өз буыны үшін маңызды деп санайтын өзгерістер туралы ойларын ортаға салды.

Кәсіпкер әрі инфлюенсер Әділ Тасболатов орта бизнесті дамыту және цифрландыру мәселесін көтерді. Ол партияның кәсіпкерлер мен мемлекет арасындағы байланысты цифрлық форматқа көшіру және жаңа бизнесті іске қосу мерзімін бір күнге дейін қысқарту жөніндегі бастамасын қолдады.

«Мен партияның цифрлық шешімдерін қолдаймын. «Әділет» бағдарламасында бизнес пен мемлекет арасында атқарылатын жұмыстарды цифрландыру және жаңа бизнесті іске қосу мерзімін бір күнге дейін қысқарту міндеті қойылған. Бір күнде кәсіп бастап, көптеген мәселені онлайн шешу уақытты үнемдеп қана қоймайды, кәсіпкерлікке алғаш қадам басқан жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», - деді Әділ Тасболатов.

Басқа да қатысушылар білім беру, мәдениет және өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру туралы пікір білдірді. Abay Life бас редакторы Балжан Ерланқызы «Дипломмен – ауылға» жобасының мүмкіндіктеріне тоқталды. Талғар ауданы Панфилово ауылының №17 мектебінің мұғалімі Мария Сеп «Кітап оқитын ұлт» және «Ұлттық код» бастамаларына назар аударды. «Әділет» партиясы Жезқазған қалалық филиалының төрағасы Сәкен Қайратұлы партия құндылықтары туралы айтты, ал тележүргізуші Дарын Олжабай жастар атынан бірқатар ұсынысын ортаға салды.

Партия жастар қанатының төрайымы, Құрылтай депутаттығына кандидат Ақерке Ескендірова JASTAR CAMP ең алдымен жастар өз күн тәртібін құра алатын алаң ретінде ұйымдастырылғанын атап өтті. Республикалық сайлауалды штабпен кездесуге дейін қатысушылар стратегиялық сессиялар өткізіп, партияның алдағы жұмысындағы рөлдерін талқылады.

«Бүгін мұнда азаматтық ұстанымы белсенді, партиямен бірге әділетті болашақ жолында еңбек етуге және алдағы бірлескен жұмысымыздың бағыттарын айқындауға дайын жастар жиналды. Осы кездесуге дейін стратегиялық сессиялар өткізіп, онда партияның алдағы жұмысындағы жастардың рөлі мен ортақ мақсаттарымызды талқыладық», - деді Ақерке Ескендірова.

JASTAR CAMP Алматы облысында 12-14 тамыз аралығында өтеді. Лагерьге Қазақстанның барлық өңірінен 500-ге жуық жас келді. Қатысушылар үшін көшбасшылық, коммуникация, командалық жұмыс, азаматтық жауапкершілік және қоғамдық белсенділік бағыттары бойынша практикалық сессиялар ұйымдастырылған. Мұнда жастар өз идеялары мен пікірлерін тікелей жеткізе алатын арнайы алаңдар да жұмыс істейді. «Әділ Podcast» медиа-аймағында қатысушылар білім беру, мансап, кәсіпкерлік, жастар саясаты және елдің болашағы жайлы пікір алмасып жатыр.

Бүгінде партияның жастар қанаты 100 мыңға жуық қазақстандық жасты бір алаңда біріктіреді. Олардың 8 мыңнан астамы қазіргі сайлау науқаны аясында жастар штабының жұмысына белсенді атсалысып жүр.

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram арнадан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Тамыз 2026 16:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары