Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Әділет партиясы Ақмола облысында спорт, өндіріс және туризм саласының өкілдерімен кездесті

Әділет партиясы Ақмола облысында спорт, өндіріс және туризм саласының өкілдерімен кездесті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Әділет» партиясының өкілдері спортшылар мен жаттықтырушылармен, өндіріс орнының еңбек ұжымымен, сондай-ақ туризм және шипажай-курорт саласының өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

KOKSHE ARENA көпфункционалды спорт кешенінде спорт қауымдастығының өкілі Олжас Әшімов, Екатерина Круглик, Наиль Ковалев және Андрей Копытов параспортшыларды қолдау, ауылдық жердегі жаттықтырушыларға гранттар енгізу, балалар спортын дамыту, сондай-ақ ArtSport және Damubala бағдарламаларын қаржыландыру мәселелерін көтерді. Олардың сауалдарына жауап берген Құрылтай депутаттығына кандидат Әсел Баденова спорттың жасына, табысына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір азаматқа қолжетімді болуы тиіс екенін айтты. Бұл бастамалар партияның сайлауалды бағдарламасындағы «Салауатты өмір салты – ұзақ әрі белсенді өмірдің кепілі» басымдығында нақты көрсетілген.

«Біз қолжетімді спорт нысандарын, оның ішінде ауылдық елді мекендерде тез тұрғызылатын модульдік спорт кешендерін салуды жалғастырамыз. Сондай-ақ партия бағдарламасында мектеп және студенттік лигаларды дамыту, спорт инфрақұрылымын жаңғырту және жаттықтырушыларға ынталандыру төлемдерін енгізу көзделген», - деді Әсел Баденова.

Қазақстанның еңбек сіңірген бокс жаттықтырушысы Ерлан Ғазизов партияның балалар, кәсіби және бұқаралық спортты дамытуға, заманауи спорт нысандарын салуға және жаттықтырушыларды қолдауға бағытталған ұсыныстары өзіне жақын екенін айтты.

«Жаттықтырушы ретінде болашақ чемпиондардың жеңісі ең алдымен олардың дайындалатын жағдайына байланысты екенін жақсы білемін. Сондықтан балалар, кәсіби және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған партияның ұсыныстарын толық қолдаймын», - деді Ерлан Ғазизов.

«НОВОПЭК» кәсіпорнында Республикалық сайлауалды штаб мүшелері ұжыммен өндірісті дамыту, кадр даярлау, кәсіпорындарды қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерін талқылады. Құрылтай депутаттығына кандидат Еркебұлан Ілиясовтың айтуынша, Қазақстанның ішінде қажетті тауарлар, жабдықтар мен қосалқы бөлшектердің көбірек өндірілуі маңызды. Бұл сырттан келетін өнімге тәуелділікті азайтып, шағын және орта бизнеске қосымша сұранысты арттырады.

«Біз кәсіп бастауға, инвестиция салуға және бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасауды жоспарлап отырмыз. Негізгі мақсат – экономиканың тірегіне айналатын қуатты орта бизнесті құру. Оның экономикадағы үлесін қазіргі 7 пайыздан 20 пайызға дейін жеткізу», - деді кандидат.

Іссапар Бурабай ауданында туризм және шипажай-курорт саласының өкілдерімен өткен кездесуде қорытындыланды. Басқосу барысында балаларды сауықтыру орталықтарын қолдау, инфрақұрылымды жаңарту, лизингті дамыту және оқиғалы туризмді ілгерілету мәселелері талқыланды.

Жиында партия төрағасы Айбек Дәдебай Бурабайдың дамуы бүкіл Ақмола облысының өркендеуіне серпін беруі тиіс екенін айтты. Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі туристік қызмет көлемінің шамамен 10 пайызы Ақмола облысының үлесіне тиесілі. Өткен жылы өңірге 1,8 миллионға жуық турист келсе, биыл бұл көрсеткіш 2 миллион адамға жетеді деген болжам жасап отыр.  

Сонымен қатар партия төрағасы курортты одан әрі дамыту табиғатты ұқыпты сақтаумен қатар жүруі қажет екенін атап өтті. Ол Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасын іске асыруға партия ерекше мән беретінін еске салды.

«Бурабайдың тұрақты дамуының маңызды бағыты – экологиялық туризмді дамыту, экопарктер құру, бірегей табиғи кешендерді сақтау және қоршаған ортаға жанашырлық мәдениетін қалыптастыру. Сарыарқаның табиғатын келер ұрпаққа аман жеткізу – мемлекетке де, бизнеске де, қоғамға да ортақ міндет», - деді Айбек Дәдебай.

Сондай-ақ ол ауылдық аумақтарды дамыту мәселесіне жеке тоқталды. Оның айтуынша, туризмнің игілігін тек ірі туристік нысандар ғана емес, шағын ауылдардың тұрғындары да көруі тиіс.

«Партияның сайлауалды бағдарламасында агротуризмді, отбасылық қонақ үйлерді, қолөнер шеберханаларын және жергілікті өндірушілерді қолдау қарастырылған. Бұл ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын бизнесті дамытуға және туристерге өңірдің табиғаты, мәдениеті мен дәстүріне негізделген жаңа бағыттарды ұсынуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді партия төрағасы.

Партияның өңірлік туры жалғасады. Ел аймақтарындағы кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар жан-жақты сараланып, партияның алдағы жұмысында ескеріледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 14:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары