Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Депутаттар медицина, аграрлық және өндіріс саласы өкілдерімен, теміржолшылармен кездесті

Депутаттар медицина, аграрлық және өндіріс саласы өкілдерімен, теміржолшылармен кездесті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы Түркістан облысына сапармен барып, облыс тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Оның барысында жаңа Ата Заң жобасы түсіндіріліп, оның құндылықтары мен қағидаттарын заман талабына сай жаңғыртудың маңызы айтылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Коалиция мүшелерінің қатарында Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрсұлтан Байтілесов, Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Бекарыс Шойбеков, Ержан Қосмамбетов, Мырзахан Манапов, Ғани Райымбеков және Нұржан Сейтжанов болды. Олар алдымен Ордабасы аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиын барысында денсаулық сақтау саласының қоғам үшін стратегиялық маңызына ерекше назар аударылды. 

«Жаңа Конституцияда әр азаматтың өмірі мен денсаулығы мемлекеттің басты құндылығы деп айқын көрсетілді. Бұл медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалыптастырады», – деді Нұрсұлтан Байтілесов.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғани Райымбеков конституциялық нормаларға сәйкес, азаматтардың еңбегін қорғау, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және қауіпсіз еңбек ортасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір білдірді. 

«Адал еңбекке құрмет көрсету, кәсіби мамандардың мәртебесін арттыру – жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының бірі. Мемлекет басшысы жариялаған әлеуметтік мемлекет қағидаты аясында халықтың әл-ауқатын арттыруға, ана мен бала денсаулығын қорғауға, профилактикалық медицинаны дамытуға, заманауи технологиялар мен цифрландыруды енгізуге баса мән берілуде. Осы міндеттерді табысты іске асыру үшін сапалы құқықтық нормалар қажет. Конституция осы басымдықтарды іске асыруға мүмкіндік береді», – деді ол.  

Келесі кездесу «Бөрте милка» ЖШС-нің базасында өтті. Коалиция мүшелері сүт фермасының жұмысшыларымен және аграрлық сала өкілдерімен елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен оның ауыл шаруашылығы саласына берер мүмкіндіктерін кеңінен талқылады.

«Жаңа Конституция әділетті қоғам қалыптастыруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Әсіресе, жаңа Конституцияның кепілдіктері ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін азаматтардың құқығын қорғауға, адал еңбекті қадірлеуге және ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен мүмкіндік береді», – деді Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Мырзахан Манапов.

Сондай-ақ Коалиция мүшелері еліміздің оңтүстігіндегі ірі теміржол тораптарының бірі – Арыс-1 теміржол вокзалында теміржолшылармен кездесу өткізді. Жиында облыстық мәслихат депутаты Нұржан Сейтжанов теміржол саласын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздік пен қызмет сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. 

«Бұл міндеттер жаңа Конституцияда айқындалған экономикалық тұрақтылық, заң үстемдігі және еңбек адамының құқықтарын қорғау қағидаттарымен тікелей үндеседі. Сонымен қатар құжатта меншік құқығын қорғау, инвестициялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға қолайлы құқықтық орта қалыптастыру көзделген. Бұл теміржол саласына инвестиция тартуға, жаңа технологиялар енгізуге және көлік-логистика жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді», – деді облыстық мәслихат депутаты Нұржан Сейтжанов.

Ал Арыс қаласы мен Отырар ауданының түйіскен тұсында орналасқан Көксарай ауылдық округінде Жалпыұлттық коалиция өкілдері «Заречное» бірлескен кәсіпорны» АҚ-на қарасты кен орны жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде тау-кен саласының еліміздің стратегиялық маңызы бар бағыттарының бірі екеніне ерекше назар аударылды.

«Жер қойнауын тиімді әрі ұқыпты игеру, ұлттық байлықты сақтап, оны елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттау конституциялық нормалармен бекітілді. Кен өндіру саласында еңбек қауіпсіздігі мәселесі ерекше өзекті екенін білесіздер. Жаңа Конституцияда адамның өмірі мен денсаулығы – ең басты құндылық ретінде белгіленді. Осыған сәйкес, өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді күшейту – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі», – деп атап өтті Нұрсұлтан Байтілесов.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 03:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары