Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қызылорда облысының әкімі ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Қызылорда облысының әкімі ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Оған Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, Түркі мемлекеттері ұйымы ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қызылорда облысының құрметті азаматы Икрам Адырбеков қатысты.

Аймақ басшысы халқымыз ұлт жылнамасындағы жаңа кезеңге қадам басқанын айтып, Конституциялық реформаға тоқталды.

"Президентіміздің Жарлығымен 21 қаңтарда Ата Заңымызға өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстарды тұжырымдайтын Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның қорытынды шешімінің нәтижесімен Мемлекет басшымыз 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу жөнінде Жарлыққа қол қойды. Конституция жобасында Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы сақталып, мемлекеттің унитарлы сипаты мен шекарасына, аумақтық тұтастығына қол сұғуға болмайтыны нақтыланған. Елдігіміздің басты нышаны саналатын жаңа құжатта "Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін" қағидаты айқындалған. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған саяси науқандар мен реформаларды жүзеге асыруда Сыр жұртшылығы береке-бірліктің, тату тірліктің үлгісін көрсетіп келеді", - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ол Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр бойында өткен Ұлттық құрылтайда: "Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр", – деп ерекше атап өтіп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын бергенін еске салды.

"Алдағы уақытқа да Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, сәулеттік келбетін жаңартуға, заманауи ғимараттардың бой көтеруіне бағытталған жаңа жобалар жоспарланған. Бұл бастамалар ардагерлеріміздің ақыл-кеңесімен, тұрғындарымыздың сұранысына сәйкес іске асуда. Еліміздің тұрақты дамуы мен халықтың бірлігін сақтауда ардақты ардагерлеріміздің орны ерекше", – деді өңір басшысы.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жиында Мұхтар Алтынбаев пен Икрам Адырбеков сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері Бекмырза Еламанов, Ибрагим Әбибуллаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректоры, облыстық "Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" өңірлік коалиция жетекшісі Наурызбай Байқадамов Конституциялық реформаға қатысты пікірлерін ортаға салды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ Конституциялық реформа жөнінде жарты жылға жуық уақытқа созылған, әртүрлі алаңдарда жүргізілген жалпыхалықтық талқылаулар қоғамның саяси белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің айқын көрінісі екені айтылды. Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді халықтың тікелей дауыс беруіне ұсыну – демократияның шынайы әрі мызғымас қағидаты. Жаңа Конституция жобасында мемлекетіміздің іргелі негіздері, басты құндылықтары мен дүниетанымдық ұстанымдары жүйеленіп, заманауи талаптарға сай жаңғыртылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тарихи маңызды жиында Мемлекет басшысы Қызылорда қаласында 48 млрд 500 млн теңгеге перзентхана, 14 млрд 780 млн теңгеге емхана салынатынын, 36 млрд 400 млн теңгеге көпбейінді аурухананың құрылысы басталғанын жариялаған еді. Өткен аптада аталған медицина нысандарының және Титов қыстағында ауысымына 400 келушіге арналған емхананың іргетасы қаланды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 23:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары