Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қызылорда облысының әкімі жастармен ашық кездесу өткізді

Қызылорда облысының әкімі жастармен ашық кездесу өткізді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қызылорда облысының  әкімі Мұрат Ергешбаев «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясында өңір жастарымен еркін форматтағы кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Онда жастар саясатын дамыту, білім беру жүйесін жетілдіру, кәсіпкерлікті, жастардың қоғамдық бастамаларын қолдау және өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытудағы кейінгі буынның рөлі кеңінен талқыланды.

Аймақ басшысы елдегі саяси реформалардың маңызына тоқталып, жаңа Конституцияның қабылдануы жаңа кезеңнің бастауы екенін атап өтті.

«Бұл – әділетті қоғам құруға және болашаққа деген сенімді нығайтуға бағытталған тарихи шешім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, Әділетті Қазақстанды құруда білімді, отаншыл жастардың рөлі айрықша. Сондықтан жастардың сапалы білім алып, еңбек етуіне, кәсіп бастауына және жан-жақты дамуына мемлекет жүйелі қолдау көрсетіп отыр. Биыл жастар саясатын іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» бастамаларын жүзеге асыруда жастардың белсенділігі мен қоғамдық жауапкершілігі ерекше маңызды», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Еркін пікір алмасу кезінде жастар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. «Сыр жастары» бағдарламасының қатысушысы, жас журналист Арайлым Шакизадаева, Global Motors  Қызылорда автосалонының  директоры Олжас Балтақожа,  Kyzylorda Hub  бизнес-инкубаторының директоры Жанарыс Түбекбаев, блогер Нұржан Сейтмұрат, облыстық «GAMMA MMA» федерациясының төрағасы Бейбітжан Қобланов және «Анаға тағзым» орталығының әдіскері Ақбота Шамшиева сөз сөйледі.

Облыс әкімі барлық ұсыныстар жан-жақты қаралатынын, жастар бастамаларын қолдау жүйелі жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар жастарды өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, өткен жылы облыста 14 пен 35 аралығындағы 248 279 жас есепке алынған, бұл – жалпы халықтың 29,4%-ы. «Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүйелі жұмыс орындалуда.

Ақпараттық-талдау орталығы жылына екі рет аймақ жастары арасындағы ахуалға зерттеу жүргізіп, қорытындысы бойынша мүдделі органдарға ұсыныстар береді. Ұсыныстар қатарында тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кәсіби бағдарлау бар.

Жастарды еңбекке баулу мақсатында құрылған еңбек бригадаларының саны 30-дан асып, құрамына 800-ден астам адам тіркелді. Еңбек жасағына әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан, NEET санатындағы жастар да тартылды.

Облыстық жастар ресурстық орталығы жанында 6 үйірме мен клубтар бар.  «Оқушылар сарайы», «Теннис орталығы», «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», барлық аудандағы «Руханият орталықтарында» жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалған.

Өңір жастарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау мақсатында Нұрлыбек Машбекұлының  бастамасымен «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданған. Бағдарлама бойынша 35 жастан аспаған, Қызылорда облысында тұрақты тіркеуі бар жастар жылдық 6  пайыздық мөлшерлемемен, үй бағасының 10 пайыз жарнасын жинап үй ала алады. Бюджеттік ұйымдар, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, төтенше жағдай, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар, екінші деңгейдегі банк филиалдарында жұмыс істейтін қызметкерлер, журналистер, кәсіпкерлерге оңтайлы мүмкіндік ұсынылған.

Еске салсақ, 2024 жылы 798 адам құжат тапсырып, жолдама алған 471-інің 100-і төлем қабілетін растап, үш бөлмелі пәтер иесі атанды. Өткен жылы 691 адам құжат тапсырып, оның 453-нің құжаты қабылданып, 300 жасқа «Отбасы банк» АҚ-нан жолдама берілді. Төлем қабілетін сәтті растаған жастар сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйден пәтер алды.  

Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы «Орнықты даму жолында Халықаралық еріктілер жылы» деп жариялады. Соған сәйкес халықаралық және республикалық деңгейдегі екі ауқымды шара өтеді.

Тамыз айындағы республикалық волонтерлер слеті жастар мен еріктілердің тәжірибе алмасуына, жаңа бастамаларды талқылауға және қоғам игілігіне арналған жобаларды дамытуға арналады. Сондай-ақ «Менің мамандығым – менің жетістігім» тақырыбында республикалық жас мамандар форумын өткізу жоспарланған.

Қазан айында халықаралық  Green Aral: Volunteers for Life  халықаралық еріктілер апталығы аясында Арал маңы табиғатын қалпына келтіру және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар іске асырылады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 17:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары