Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Заң мен тәртіп : Астанада чемпиондар жастармен ашық диалог өткізді

Заң мен тәртіп : Астанада чемпиондар жастармен ашық диалог өткізді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында тәртіп, жауапкершілік және салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау әрі құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шараның басты қонағы – NAIZA лигасының және панкратионнан әлем чемпионы Ильдар Құдайбергенов жастар тәрбиесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі қоғамда жасөспірімдерге дұрыс бағыт беру аса маңызды.

Фото: Аружан Махмут / Kazinform

– Жастарға көп көңіл бөліп, дұрыс тәрбие беру керек деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ, балалардың әрқайсысы әртүрлі. Өйткені қазіргі заманда балаларды қорғау қиын – ғаламтор мен әлеуметтік желінің әсері бар, - деді ол.

Спортшы өз өміріндегі қиын кезеңдерді жасырмай, жастарға ашық жеткізді.

Оның айтуынша, әр адам өз жолын таңдауы тиіс.

– Мен өзімнің жеке тәжірибемнен айтайын. Мен де мінсіз, тілалғыш бала болған жоқпын. Бірақ біз «робот» өсірмейміз ғой. Олар өмірде не қалайтынын нақты білуі керек. Оларға жай ғана дұрыс жолды нұсқау қажет, - деді чемпион.

Сонымен қатар ол тағдырындағы күрделі кезең туралы айтып, өмірлік сабақтың маңызын атап өтті.

Ол өткенге өкпелемей, алға ұмтылудың маңызына тоқталды.

– Өткенге өкпелеудің қажеті жоқ. Одан дұрыс сабақ алып, алға қадам басу керек, - деді ол.

Чемпионның айтуынша, табандылық пен еңбек кез келген нәтижеге жеткізеді.

– Солай спортпен қайта шұғылданып, жақсы нәтижелер көрсете бастадым. 7-8 жыл бойы дайындалып, жаттыққан адамдар құрамада болып, жарысқа қатысса да жеңе алмай жатса, мен жарты жылда Naiza лигасының чемпионы атанып, өз белбеуімді қорғадым, - деді ол.

Кездесу барысында құқықтық мәдениет мәселелері де кеңінен қозғалды. Астана қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры Ақжол Сәтілда жастарға заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді.

Фото: Аружан Махмут / Kazinform

– Әлеуметтік желі жүргізгенде, қоғамдық ортада теріс көзқарастағы пікірлер білдіру, «өз ойымды айтып жатырмын» деп өзгелерге кері әсер ету – ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен жауапкершілік қарастырылған, - деді ол.

Прокурордың айтуынша, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түрлі жұмыстар жүргізіліп келеді.

– Астана қаласында буллинг, кибербуллинг, алаяқтық тақырыбында жиі лекциялар жүргізіледі. Десе де, сол ақпараттар естіген жерде қалып кетеді, - деді Ақжол Сәтілда.

Сондай-ақ ол жауапкершілік жасына қатысты маңызды ақпарат берді.

– Жауапкершілік 14 жастан басталады. Бірақ 14 жасқа дейін жасалған әрбір әрекетке ата-ана жауап береді. Қазір жасөспірімдер арасында әлеуметтік желі арқылы теріс қылықтарды дәріптеу өте жиі кездеседі. Көлік жүргізу, жылдамдықты арттыру сынды видеоларды да жастар қызығушылықпен көреді. Бұл әрекеттердің бәрі заңға қайшы, - деді прокурор.

Ал полиция майоры Назым Шәріпова интернет қауіпсіздігі мен алаяқтық мәселелеріне тоқталды.

Фото: Аружан Махмут / Kazinform

– Дропперлікпен айналысқан азаматтар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сол үшін банк шоттарыңызды, карта нөмірлерін ешкімге бермеңіздер. Себебі алаяқтыққа сіздердің қатыстарыңыз болмаса да, заңнамаға сәйкес шот иесі жауапқа тартылады, - деді ол.

Оның айтуынша, жастардың құқықбұзушылықтан аулақ болуы – өз болашағын қорғау.

– Сол үшін жастарды заңды бұзбауға шақырамын. Себебі бұл сіздердің игіліктеріңізге қайшы. Кейін өздеріңіз де, ата-аналарыңыз да жапа шегеді. Қазір интернет алаяқтық қарқын алып тұр. Егер сіздер де осындай жағдайға тап болып, 4 сандық кодты айтып қойсаңыздар, дүрбелеңге салынудың керегі жоқ. Себебі алаяқтық әлі болған жоқ. Ондай кезде телефонды өшіріп, ата-аналарыңызға хабарлау керек. Олар сіздерге алаяқтың хабарласқанын білуі қажет, - деді Назым Шәріпова.

Спикер жастарға сақ болу қажеттігін де ескертті.

– Егер белгісіз біреу сізге ақша аударса, ата-анаңызбен бірге банкке барып, бөтен адамнан ақша түскенін айтып, оны банк арқылы өз иесіне кері қайтаруды сұраңыз. Бұл арқылы сіз өзіңізді алаяқтық оқиғасына сыбайлас болудан қорғайсыз. Оған қоса, әлеуметтік желіде түрлі сілтемелер тарап жүр. Мұндай сілтемелерге кірмеуді өтінемін. Өйткені сіздер автоматты түрде заңбұзушылыққа ортақтасқан боласыздар, - деп толықтырды спикер.

Кездесуде сөз алған «Темір адам» лақап атымен танылған спортшы Тимур Спатаев тәртіп пен білімнің маңызын атап өтті.

Фото: Аружан Махмут / Kazinform

– «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген. Менің өмірлік кумирім болған Бауыржан Момышұлы, Қажымұқан, Жақсылық Үшкемпіров аталарымыз секілді болғым келген. Балалар болашақта «мен кім боламын?» деп қазірден бастап алға мақсат қоюы керек. Егер мақсат айқын болса, арман орындалады, - деді Тимур Спатаев.

Сондай-ақ ол білім мен спорттың қатар жүруі керектігін атап өтті.

– Тек спортпен шектелмейміз. Себебі қазір спортқа да білім керек. Болашақ — осы елдің іргесін қалайтын қазіргі жастар. Бәріміз жастарға үміт артамыз, сол үшін ерінбей оқу керек. Егер спортшы боламын десеңдер, жақсы тамақтану керек. Зиянды тамақтарды ішіп, чемпион бола алмайсыңдар, - деп түйіндеді спортшы.

Айта кетейік, ашық диалог форматында өткен кездесу барысында қатысушылар спикерлерге сұрақ қойып, өмірлік тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың тұлғалық дамуына оң әсер етіп, құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 16:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see144

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see119

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары