Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Заң мен Тәртіп : Бас прокурор прокуратура органдарының ардагерлерімен жиын өткізді

Заң мен Тәртіп : Бас прокурор прокуратура органдарының ардагерлерімен жиын өткізді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Салтанатты кездесу прокуратура органдарының әр буын өкілдерін біріктіріп, "Заң мен Тәртіп" идеологиясын одан әрі ілгерілету, заңдылықты нығайту, жастарға патриоттық тәрбие беру және ұрпақтар сабақтастығын сақтау мәселелерін талқылауға арналды. Іс-шараны ашқан Бас прокурор Берік Асылов прокуратура органдары Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру жөніндегі бағытын дәйекті түрде іске асырып келе жатқанын атап өтті. Бұл бағытта заң үстемдігі, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық диалогты дамыту және "Заң мен Тәртіп" қағидаты мемлекеттік саясаттың негізгі бағдарлары болып табылады. Ол бұл құндылықтардың жаңа Конституцияда бекітілгенін және Президент оларды мемлекеттің орнықты дамуы мен азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтудың негізі ретінде айқындағанын айтты, деп хабарлайды 2026 жылы 15 шілдеде ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Кездесуде Мемлекет басшысының прокуратура органдарының алдына қойған стратегиялық міндеттердің іске асырылуына ерекше назар аударылды.

Бүгінде мемлекетке заңсыз шығарылған 1,3 триллион теңге көлеміндегі активтер қайтарылды. Осы қаражат есебінен 350 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды. Оның ішінде 179 сумен жабдықтау нысаны, 159 денсаулық сақтау мекемесі, 6 білім беру нысаны, 3 спорт нысаны, 2 инженерлік инфрақұрылымның нысаны және 1 көлік инфра құрылымының нысаны бар.

"Қазынаға қайтарылған әрбір теңге – нақты адамдар сезінетін әділдіктің қалпына келуі. Бұл – жаңа мектептерде білім алып жатқан балалар, қауіпсіз әрі жайлы жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар", – деп атап өтті Берік Асылов.

Сонымен қатар прокурорлар жаңа өндірістерді іске қосуға, жұмыс орындарын ашуға және экономикалық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыруға бағытталған 3 мыңнан астам инвестициялық жобаны сүйемелдеуде. Тек биылдың өзінде олардың үйлестіруімен 42 жаңа өндіріс іске қосылып, шамамен 3 мың жұмыс орны құрылды.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне тоқталған қадағалау органының басшысы прокуратура органдары ардагерлерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі және "Заң мен Тәртіп" идеологиясын ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.

Прокуратураның бастамасымен және Мемлекет басшысының қолдауымен мектептер мен колледждерде "Заң мен Тәртіп" пәні енгізілді. Талғар ауданындағы бірқатар орта білім беру ұйымдарында прокуратура мен полиция ардагерлерінің қатысуымен 8 мыңнан астам оқушыны қамтыған пилоттық жоба жасөспірімдер қылмысының (7-ден 0-ге дейін) және әкімшілік құқықбұзушылықтардың (135-тен 89-ға дейін) төмендегенін көрсетті.

Бүгінде республика бойынша құқық қорғау және арнаулы органдардың 317 ардагері жастармен кездесулер мен дәрістер өткізіп, аталған қағидатты, сондай-ақ "Адал азамат" пен "Таза Қазақстан" бастамаларын түсіндіріп, Конституцияға, заңға және патриоттық құндылықтарға құрметті қалыптастыруға үлес қосуда.

Берік Асылов Мемлекет басшысының: отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілік пен өзеліңе пайдалы болуға ұмтылыс деген сөзін еске салды.

Бас прокурор ардагерлерге арнап сөйлеген сөзінде оларды тәлімгерлік пен құқықтық ағарту жұмыстарына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіне белсенді қатысуды жалғастыруға шақырды.

Сондай-ақ Бас прокуратура жанынан заңдылықты нығайту және жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін тұрақты түрде талқылайтын алаң құруды ұсынды.

Кездесуді қорытындылай келе, Берік Асылов ардагерлерді 13 шілдеде аталып өткен Прокуратура органдары ардагерлері күнімен құттықтады. Бұл күнді прокуратура органдарының құрметті демалысқа шыққан бұрынғы қызметкерлерінің мерекесі ретінде ардагерлер қауымдастығы айқындаған. Заңға адал әрі мінсіз қызметі және еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін ардагерлерге алғысын білдірді.

Салтанатты жағдайда оларға Бас прокурордың ведомстволық наградалары, сондай-ақ Прокуратура органдары ардагерлері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық одағының медальдары табыс етілді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Шілде 2026 19:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары