Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Шымкентте 3500 ден астам бастауыш партия ұйымының өкілі Әділет партиясының сайлауалды бағдарламасын талқылады

Шымкентте 3500 ден астам бастауыш партия ұйымының өкілі Әділет партиясының сайлауалды бағдарламасын талқылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Форум барысында Құрылтай депутаттығына кандидаттар «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, бастауыш партия ұйымдарының сайлау науқанын өткізу мен партия бастамаларын әр өңірде іске асырудағы рөлін талқылады. Бұл туралы Aikyn.kz «Әділет» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастауыш партия ұйымдары партияның негізгі тірегі әрі азаматтармен тұрақты байланысты қамтамасыз ететін басты буын екенін атап өтті. 

«Бастауыш партия ұйымдары – партиямыздың халыққа ең жақын бөлігі. Дәл осы жерде азаматтардың сұранысы тыңдалып, ең өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешудің жолдары бірлесіп қарастырылады. Партияға деген сенім деңгейі сіздердің күнделікті жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Сайлау науқаны кезінде, бастауыш партия ұйымдары партия мен сайлаушылар арасындағы басты байланыстырушы буынға айналып отыр», - деді Айбек Дәдебай. 

Одан кейін Құрылтай депутаттығына кандидаттар сайлауалды бағдарламаның негізгі бөлімдерін таныстырды. Бағдарламаның цифрлық бағытын Құрылтай депутаттығына кандидат Бағдат Мусин түсіндірді. Ол жасанды интеллектіні дамыту, дербес деректерді қорғау, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және заманауи технологияларға қолжетімділікті кеңейту жөнінде баяндады. 

«Партия әрбір азамат үшін қорғалған цифрлық кеңістік құруды ұсынады. Бағдарламада бес миллион қазақстандықты жасанды интеллектімен жұмыс істеу дағдыларына оқыту, AI және deeptech салаларында 100 мың маман даярлау, Мамандықтарды трансформациялау ұлттық орталығын құру көзделген. Сонымен қатар, 2027 жылға қарай ауыл тұрғындарының кемінде 97 пайызы сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі», - деді Бағдат Мусин. 

Әлеуметтік бағыттағы бағдарламаны Құрылтай депутаттығына кандидат Динара Зәкиева таныстырды. Ол бағдарламада бір миллион сапалы жұмыс орнын ашу, оның ішінде ауылдық жерлерде 350 мың жұмыс орнын құру, балабақшаларда 79 мың жаңа орын және мектептерде 300 мың оқушы орны ашу, тоғыз перинаталдық орталық салу, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 27 оңалту орталығын құру, сондай-ақ дуальды оқыту мен жұмыспен қамту бағдарламалары арқылы жастардың мүмкіндіктерін кеңейту көзделгенін атап өтті. 

Форумға қатысушылар сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, өндірістегі қауіпсіздік, білікті кадрлар даярлау, бизнесті қолдау, инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады. Бастауыш партия ұйымдарының өкілдері партияны одан әрі дамыту және сайлауалды бағдарламаны іске асыру тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстарын ортаға салды. 

Қызылорда облысындағы «Тұран» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жанарыс Түбекбаев өңірлік хабтарда цифрлық құралдар шеберханаларын ашып, қоғамдық маңызы бар міндеттерге арналған цифрлық шешімдерді әзірлеу үшін студенттер мен жас IT мамандарын біріктіретін цифрлық еріктілер корпусын құруды ұсынды. «Әділетті болашақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Абай Құрманқұлов партия бағдарламасында экономиканың нақты секторын дамыту мен еңбек адамының мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөлінгенін айтты. «Жетітөбе» бастауыш партия ұйымының төрайымы Самал Байкеева халықпен өзара іс-қимылдың заманауи цифрлық құралдарын енгізуді, атап айтқанда, партияның сайлауалды уәделерінің орындалуын бақылауға арналған онлайн жүйе құруды ұсынды. «Қазақстан алюминийі» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы Виталий Голубенко партияның сайлауалды бағдарламасы еңбек адамының өмір сүру сапасын арттыруға, оның мүддесін қорғауға, лайықты еңбек жағдайларын жасауға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті. 

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту туралы Көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидуллина баяндады. Жастар атынан «Жас қыран» бастауыш партия ұйымының өкілі Ақан Бесбаев сөз сөйлеп, партияның жастарға арналған бастамалары мен жас азаматтарды қоғамдық өмірге тарту жұмыстары туралы айтты. 

Форумды қорытындылаған Айбек Дәдебай бүгінгі таңда партия мүшелерінің саны 800 мыңнан асқанын айтты. Оның сөзінше, бұл – еліміздің барлық өңіріндегі бастауыш партия ұйымдарының жүйелі жұмысының нәтижесі. Сондай-ақ ол бүгінде партияның 20 өңірлік және 226 аумақтық сайлауалды штабы белсенді жұмыс істеп жатқанын еске салды. Ел аумағында сайлауалды бағдарламаны 30 мыңға жуық сенімді өкіл түсіндіріп жүр, ал сайлау науқаны аясында 21 мыңнан астам іс-шара өткізілген. 

«Патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік және прогреске ұмтылыс сияқты құндылықтардың қоғамдық сананың ажырамас бөлігіне айналғаны маңызды. Партиямыздың сайлауалды бағдарламасы дәл осы құндылықтарға негізделген. Біз сайлауға ұранмен емес, жан-жақты пысықталған бастамалармен және нақты міндеттемелермен барамыз. Біздің бағдарламамыз жекелеген өңірлерді емес, тұтас Қазақстанды дамытуға бағытталған», - деді Айбек Дәдебай. 

Партия төрағасы сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының ауылдық аумақтарды дамытудағы рөліне арнайы тоқталды. 

«Біз тек ауыл шаруашылығын ғана емес, агротуризмді, қызмет көрсету саласын, қолөнерді және халыққа тұрақты табыс әкелетін өзге де бағыттарды дамытуды көздеп отырмыз. Жергілікті жерлердегі партия белсенділері өз өңірінің әлеуетін жақсы білуі, нақты шешімдер ұсынуға дайын болуы және оларды іске асыруға белсенді қатысуы қажет», - деп түйіндеді Айбек Дәдебай. 

Форум соңында партия төрағасы «Әділет» партиясының жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыстады. Бүгінде еліміз бойынша 3545 бастауыш партия ұйымы тіркелген. Олар 650 мыңға жуық партия мүшесінің басын қосып, партия мен азаматтар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін негізгі буын болып қала береді. 

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 14:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see130

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see127

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see125

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see125

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see124

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see123

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see122

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see121

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see121

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see121

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see121

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see120

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see119

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see118

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see118

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see118

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see118

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары