Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Қарағанды облысының тұрғындары Әділет партиясының сайлауалды бағдарламасын талқылады

Қарағанды облысының тұрғындары Әділет партиясының сайлауалды бағдарламасын талқылады

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Кездесу барысында Құрылтай депутаттығына кандидаттар Асхат Аймағамбетов, Нұрлан Дулатбеков, Унзила Шапақ, Никита Шаталов және Екатерина Смышляева «Әділетті болашақ үшін» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Онда білім мен ғылымды дамытуға, жастарды қолдауға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға, өңірлердің кадрлық әлеуетін нығайтуға және жастардың кәсіби тұрғыда қабілетін ашуға жағдай жасауға ерекше назар аударылған.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Профессор-оқытушылар құрамы, педагогикалық және ғылыми қауымдастық өкілдері, студенттер мен өңір тұрғындары сұрақтарын қойып, кандидаттардың алдағы заң шығару қызметіне қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Қарағанды облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Увайс Джанаев партияның өңірлік филиалдарының жанынан тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық келісім кеңестерін құруды ұсынды. Тарих пәнінің мұғалімі Өмірсерік Несіпбаев индустриялық өңірлерге маман даярлау және кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Кәсіпкер Наталья Арыстанова бағдарламадағы жас отбасыларды қолдау және отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған шараларды күшейтуді ұсынды. Спорт ардагері Валерий Громов ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының экологиялық жауапкершілігіне қатысты партияның бастамалары туралы сұрады, журналист Ақсая Жалғасова сайлауалды бағдарламаның орындалуына қоғамдық бақылау жасау тетіктеріне қызығушылық танытты, ал Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жанат Жанқашұлы қазақ тіліндегі заманауи зияткерлік әдебиетті дамытуға бағытталған бастамаларды қарастыруды ұсынды.

Өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берген Құрылтай депутаттығына кандидат Унзила Шапақ партия өңірді дамытудың перспективалы бағыттарының бірі ретінде креативті экономиканы қарастыратынын атап өтті.

«Креативті индустрияларды дамыту жаңа жұмыс орындары мен жастардың әлеуетін ашуға және өңірдің заманауи экономикасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгін біз бағдарламаны ғана емес, сонымен бірге жаңа қоғамдық мәдениетті қалыптастыру жолын ұсынып отырмыз», – деді Унзила Шапақ.

Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы тақырыбын жалғастырған Құрылтай депутаттығына кандидат Екатерина Смышляева өнеркәсіп саясатына, моноқалаларды дамытуға және отандық өндірісті қолдауға арналған бағдарламаның негізгі ережелерін таныстырды.

«Біздің индустриялық саясатымыздың негізінде шикізаттық модельден жоғары қосылған құны бар экономикаға көшу жатыр. Соның жарқын мысалының бірі – бүгінде Саран қаласының экономиканы әртараптандыру бағытындағы тәжірибесі. Сондықтан моноқалаларды дамыту бағдарламамызда жеке блок ретінде қарастырылған. Біз өнеркәсіпті дамыту отандық өндірушілерді қолдаумен, жаңа жұмыс орындарын ашумен және адамдардың өмір сүруіне қолайлы заманауи инфрақұрылым қалыптастырумен қатар жүруі тиіс деп санаймыз», – деді Екатерина Смышляева.

Кездесу соңында өңір тұрғындарының алдында «Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Дәдебай сөз сөйледі. Ол сайлауалды бағдарламаның цифрлық платформалар мен азаматтардың өз ұсыныстары негізінде әзірленгенін атап өтті.

«Біз әрбір азамат өз пікірін білдіріп, ұсынысын енгізе алуы үшін цифрлық платформаларды пайдаландық. Бағдарламада нақты мақсаттар белгіленген: бір миллион сапалы жұмыс орнын құру, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін және одан жоғары деңгейге жеткізу, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 95 пайызға дейін арттыру. Біз үшін бұл көрсеткіштердің жай ғана абстрактілі сандар болып қалмағаны маңызды. Біз орындалмайтын уәде бермейміз. Орындауға да, тексеруге де болатын міндеттемелерді өз мойнымызға аламыз», – деді Айбек Дәдебай.

Кездесуді қорытындылаған партия Төрағасы республикалық сайлауалды штаб өкілдері Қарағанды облысы тұрғындарының ұсыныстарын жан-жақты зерделегенін айтты. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, өндірістерді жаңарту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талданып, партияның алдағы жұмысында ескеріледі.

Дәл осы күні Құрылтай депутаттығына кандидаттар Қаныш Төлеушин, Еркебұлан Ілиясов, Рауан Кенжеханұлы, Айсұлу Сүлейменова және басқа да кандидаттар кәсіпкерлермен, IT қоғамдастық өкілдерімен, TEN QOGAM әлеуметтік бейімдеу орталығының қатысушыларымен және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өкілдерімен де кездесу өткізді. Партия өкілдерінің Қарағанды облысындағы кездесулері жалғасып жатыр.

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:68
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 17:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары