Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

В Казахстане могут изменить правила выдачи кредитов что рассказали в Нацбанке

В Казахстане могут изменить правила выдачи кредитов что рассказали в Нацбанке

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстанда алдағы уақытта несие алу қиындауы мүмкін. Ұлттық банк қарызы көп азаматтарға жаңа несие беруді шектейтін тетік енгізуді қарастырып жатыр. Әзірге жаңа талаптар күшіне енбейді, алайда реттеуші бұл бастамадан толық бас тартқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банкте қарыз алушылардың борыш жүктемесін бақылауға арналған жаңа тетік - қарыздың табысқа арақатынасы коэффициентін енгізу мәселесі талқыланып жатыр.

Қарыздың табысқа арақатынасы коэффициенті деген не?

Қарыздың табысқа арақатынасы коэффициенті - адамның барлық несиесі бойынша ай сайын төлейтін сомасы табысының қанша бөлігін алатынын көрсететін өлшем. Осы көрсеткіш арқылы қарыз алушының несиесін қиындықсыз өтей алатыны немесе алмайтыны бағаланады.

Егер болашақта бұл коэффициентке шекті мөлшер белгіленсе, банктер қарыз жүктемесі сол межеден асып кеткен тұтынушыларға жаңа несие бере алмайды.

Коэффициентті енгізу мүмкіндігі туралы не белгілі?

Шілденің аяғында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен Қаржылай тұрақтылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Одан кейін Ұлттық банк бөлшек несие нарығын бақылауды жалғастыратынын мәлімдеді.

"Қарыздың табысқа арақатынасы коэффициенті несие түрлері бойынша, атап айтқанда автонесие, ипотека және кепілсіз қарыздар бағытында бақыланады. Сонымен қатар, қарыз алушылардың жалпы берешегіне шекті мән белгілемей мониторинг жүргізу жалғасады. Қажет болған жағдайда, бөлшек несие сегментіндегі тәуекел күшейсе, Ұлттық банк жекелеген несие түрлері мен жалпы берешек бойынша коэффициенттің әртүрлі шекті мөлшерін белгілеу мәселесін қарастыруы мүмкін", - делінген хабарламада.

Ақпарат жарияланғаннан кейін Tengrinews.kz редакциясы Ұлттық банкке пікір алу үшін сауал жолдады.

Қандай жағдайда талаптар өзгеруі мүмкін?

Ұлттық банктің мәліметінше, әзірге жаңа тетік енгізу немесе банктерге міндетті шектеу қою туралы шешім қабылданған жоқ.

Бастапқыда бұл коэффициентті әуелі 1 шілдеден, кейін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Алайда қазір Ұлттық банк бұл мерзімдерді растамай отыр.

"Біз бұл тетікті 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарын растамаймыз, бірақ одан толық бас тартқан да жоқпыз. Әзірге талаптарды күшейту ойда жоқ", - деп хабарлады реттеуші.

Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізу қажеті әзірге болмағанын түсіндірді. Бұған дейін қабылданған шаралар тұтынушылық несиенің өсу қарқынын баяулатуға мүмкіндік берген.

Олардың қатарында кейбір несие түрін рәсімдеу кезінде жұбайының келісімін алу, төлем мерзімін 90 күннен артық өткізіп алған азаматтарға жаңа қарыз беруге шектеу қою, сондай-ақ, жас қарыз алушылардың алғашқы несиесін тек банкке өзі барып рәсімдеуі туралы талап бар.

Соған қарамастан, Ұлттық банк болашақта бұл мәселеге қайта оралуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Егер реттеуші жағдайдың нашарлағанын, мысалы, бөлшек несиенің қайтадан қарқынды өсе бастағанын байқаса, жекелеген несие түрлері бойынша қарыздың табысқа арақатынасы коэффициентіне шекті мөлшер белгілеу мәселесін қарастыруы мүмкін.

Еске салайық, 21 шілдеде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев автокөлікті несиеге сатып алуды жеңілдету жоспарланып отырғанын айтқан еді. Ол үшін автонесие беру кезінде борыш жүктемесі коэффициентін алып тастау және жеке тұлғаларға арналған автолизингті дамыту ұсынылған.

Кейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов автокөлік өндірісін қолдау үшін борыш жүктемесі коэффициентіне қатысты жеңілдік берілгенін, бірақ оның мерзімсіз қолданылмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, шектеулерді қайта енгізудің негізгі межесі - 2027 жылғы 1 қаңтар. Алайда түпкілікті шешім банктер мен азаматтардың әрекетіне байланысты қабылданады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Тамыз 2026 10:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары