Іздеуде жүрген қазақстандық Таиландта ұсталды
Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Алаяқтық ісі бойынша «қызыл хабарлама» арқылы Интерполдан ізделген қазақстандық Пхукетте ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты The Thaiger басылымына сілтеме жасап.
«Қазақстан азаматы, туған елінде алаяқтық ісі бойынша соттан қашып, Пхукетке келгеннен кейін, Интерполдың қызыл хабарламасы бойынша ізделіп, полиция тарапынан ұсталды», — делінген хабарламада.
Пхукет провинциясының иммиграциялық қызметі ізделіп жатқан азаматтың қайда екендігі туралы ақпарат алып, оны іздеуді бастады. 15 желтоқсан дүйсенбі күні құқық қорғау органдары оның Пхукеттегі Муанг ауданына қарасты орналасу нысандарының бірінде екенін анықтап, ұсталған.
Ұсталғаннан кейін иммиграциялық органдар оған Таиландта тұру құқығын тоқтатты. Қазіргі уақытта Қазақстан елшілігімен бірлесе, азаматты туған елге жеткізіп, ары қарай сот процесін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 13:05 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















