Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Қазақ мифологиясы түрік тіліне аударылды

Қазақ мифологиясы түрік тіліне аударылды

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бұл - қазақтың бай рухани мұрасын, соның ішінде арғықазақ мифологиясын халықаралық деңгейде танытатын туынды. Сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени және ғылыми байланыстың жаңа кезеңін айқындай түсетіні сөзсіз. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Түркия мен Қазақстанның зиялы қауым өкілдері және Маңғыстау өңірінен келген делегация қатысты. Ал еңбекті түрік тіліне аударуға Түрксой ұйымы атсалысты, деп хабарлайды 24kz.

"ТҮРКСОЙ" Серікбол Қондыбайдың кітабын түрік тіліне аударып, түрік оқырмандарына тарту етті. Бұл туындының айтары мол. Түсіне білгенге еңбектің сакралды философиясы терең, түпкі мәні зор. Бұл кітап түрік жұртының сүйікті оқулығына айналады деп сенемін". Сұлтан Раев, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы

Серікбол Қондыбай аз ғұмырында артына өшпес мұра қалдырды. Көзі тірісінде 20-ға жуық еңбегі оқырманға жетті. Олардың біразы орыс және ағылшын тіліне аударылған. Өмірден өткен соң тағы 10 шақты еңбегі жарық көрді. Бұл іске ғалымның туған әпкесі Балсұлу Әділбекқызы белсене атсалысты.

"Алғашқы шыққан екінші кітабы - "Қазақ мифологиясына кіріспе". Сол кіріспесін бастап қойды да, 2000 жылдан бастап таза мифология тақырыбына отырды. Осы жылдары кіріспеден кейін "Гиперборея: Түс көрген заман" деген 500 беттік кітабы шықты. Одан кейін "Арғықазақ мифологиясы" деген 4 томдық кітапты жазды. Негізгі өзінің өмірі жетсе, жоспарында 8 том болатын". Балсұлу Әділбекқызы, Серікбол Қондыбайдың әпкесі

Қазіргі уақытта Серікбол Қондыбайдың еңбегі түркі мәдениеті мен руханиятын зерттеуге жаңа мүмкіндік ашты. Сол себепті ғалымның шығармашылығын зерттеп-зерделеу әлі де жалғасады, дейді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

"16 томдық шығармалар жинағы шығарылып, 8 кітабы орыс тіліне, 5 кітабы ағылшын тіліне, 4 кітабы түрік тіліне аударылды. Серікбол Қондыбайдың 4 томдық "Арғықазақ мифологиясы" тұтас түркі кіндікті дүниетаным негізінде таразыға түсер салмақты ой, салиқалы пікірлер, толымды тұжырымдар, зерделі зерттеулердің дүниеге келуіне көшпелі өркениеті мен руханиятты қайта түлетуге мүмкіндік береді деп сенемін".Тілеген Әбішев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

Арғықазақ аңызынан бастау алған Серікбол Қондыбай мұрасы бауырлас ел төрінде жаңаша түрленіп, түркі дүниесін ортақ тарих пен танымда тоғыстырды. Енді оның шығармасын әзербайжан тіліне тәржімалау жоспарда бар.

Бұған дейін Астанада XIІ Азаматтық форум аясында Қоғамдық кеңестердің IV Республикалық мәжілісі өткені, оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысқаны хабарланған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 22:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see126

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see124

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see120

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары