Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

АҚШ та Түрік фестивалінде қазақ мәдениеті дәріптелді

АҚШ та Түрік фестивалінде қазақ мәдениеті дәріптелді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АҚШ астанасындағы жыл сайынғы Түрік фестивалінде қазақ мәдениеті дәріптелді.

Биыл 23-рет өтіп жатқан ауқымды мерекеге Вашингтон аймағындағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысып, төл мәдениетімізді насихаттады. Оған қоса қала мэрі Мюриэл Боузер биылғы қазанды Түрік мұрасының айы деп жариялап, түбі бір түркі халықтарына да құрмет көрсетті.

Дәл қазір Пенсильвания авенюде керемет той болып жатыр. Қазан айы - Вашингтонда түрік мәдениеті насихатталанатын ай. Қала мэрінің ұйымдастыруымен түбі бір түркі халықтары осылай фестиваль ұйымдастырып, би билеп, ән айтып, америкалықтарды және қала қонақтарын қуантып жатыр.

АҚШ парламенті ғимаратының алдындағы той-думан түріктің ән-күйімен шектелген жоқ. Анадолы мен Алтай арасындағы халықтар түгел өз өнерін ортаға салды. Ішінде осындағы қазақ диаспорасының өкілдері  де бар. Биші балалар сахнаға шыққанда, вашингтондық қауым көз алмай таң-тамаша болды.

Сара Сәдібек, биші:

- Қазақстанды көрсететініміз үшін қатты қуанып тұрмыз. Халқымызды басқа әлемге көрсеткіміз келеді. Адамдар енді «қалай әдемі билейді» деп айтады. Өте жақсы халық екен, билері де сондай әдемі деп жатады.

Жыл сайын 25 мыңнан астам адам  қатысатын шарада Солтүстік Америкадағы Қазақстан Мәдени-іскерлік ұйымының өкілдері де арнайы шатыр тігіп, қайырымдылық мақсатында дәстүрлі қолөнер бұйымдары мен киімдерді, елімізге қатысты кітаптарды жұрт назарына ұсынды. Біреулер жеке кітапханасын толықтырып жатса, енді біреулер тақияларға қызықты.  

Лима, фестиваль қонағы:

- Cахнадағы қазақ бишілерін көріп, олардың әшекейлеріне қызығып, осы шатырға арнайы келдім. Мына тақия қатты ұнап қалды. Құдды бір терең тарихпен байланыстырып тұрған сияқты. Және саудадан түскен қаражат қайырымдылыққа кетеді деген соң, ойланбастан сатып алдым.

Дариан, фестиваль қонағы:

- Америкалықтар Қазақстан мен Орталық Азия жайлы көбірек білсе екен деймін. Кезінде қазақтармен жұмыс істегендіктен солай айтып тұрмын. Жасырақ болғанымда жұбайымды алып Қазақстанға саяхаттап барар едім. Қазір қолымнан келетіні осындай фестивальдер ғана.

Ердәулет Рахматулла, фестиваль қонағы:                                 

- Вашингтонға бірінші рет келуім. Сол себепті мұндай фестиваль өтетінін білмедім. Біздің түркі бауырлас халықтарымыздың мерекесі ретінде қабылдап келіп отырмын. Өте қуаныштымын. Қазір ғана ұлттық биді билеп бітіріп келдік. Меніңше осындай түркі мемлекеттерінің мейрамдары жиі болса, жақсы болушы еді.

Ұйымдастырушылар жүздеген ерікті тартып, қазақ, түрік, әзербайжан, өзбек, ұйғыр, татар асханасының тағамдарын даярлады. Осы шара арқылы түрік-америка достығын ғана емес, түркі халықтарының ықпалын арттырып, ынтымағын берік ете түсуді көздейміз дейді.

Севтап Шреффлер, ұйымдастырушы:

- Осындағы түркі халықтарымен бағзы заманнан бері біте қайнасып, бір өркениет болып, жасап келеміз. Айырмашылығымыздан ұқсастығымыз көп. Сол қырынан да америкалықтарға танытқымыз келіп, мүмкіндігінше бауырлас ұлттардың басын қосып жатырмыз.

Күндізгі 11-де басталған мерекелік көңіл күй сағат 18:00-ге таяу бір-ақ тарқады. АҚШ астанасында мұндай ауқымдағы фестивальді ұйымдастыратын этникалық бірлестіктер санаулы ғана. Жапон, үнді, грек, эфиопия, қытай, италия және оңтүстік-шығыс Азия халықтарымен бірге түрік диаспорасы да осы қатардағы белсенді топтардың бірі.

Авторлары: Ердана Ержанұлы, Эндрю Фанг

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:225
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 23:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары