Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Париж төрінде қазақ мәдениеті мен ұлттық тағамдары ұсынылды

Париж төрінде қазақ мәдениеті мен ұлттық тағамдары ұсынылды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстан Парижде өткен Халықаралық гастрономиялық фестивальге екінші жыл қатарынан қатысып, француз көрерменіне ұлттық тағамдар байлығын, салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қазақстанның ұлттық павильоны фестивальге келген жұрттың айрықша қызығушылығын тудырып, келушілер көп жиналған орындардың біріне айналды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген елдердің ұлттық тағамдары мен мәдениетін бір арнаға тоғыстырған ауқымды халықаралық іс-шараға Қазақстан биыл да қатысты. Ұлттық павильонды Қазақстанның Франциядағы елшілігі Қызылорда облысының өкілдері, отандық аспаздар мен өнерпаздардың қолдауымен ұйымдастырды.

Фестиваль қонақтарының қазақтың дәстүрлі тағамдарына деген қызығушылығы ерекше болды. Олар қазақша ет, қуырдақ, бауырсақтан дәм татып, Қызылордадан арнайы жеткізілген қазы мен жаяны да тамашалады. Ұлттық тағамдарды елімізге белгілі аспаздар Манас Сқақ, Рәсім Қонаев және Қарлығаш Баймұхамедова әзірледі.

Қазақ асханасымен танысу көптеген қонақ үшін тағамнан дәм татумен ғана шектелген жоқ. Аспаздар ұлттық тағамдардың тарихы мен әзірлеу ерекшеліктерін айтып, дәстүрлі асхананың қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысындағы мән-маңызына тоқталды.

Келушілердің назарын ұлттық нақышта әзірленген авторлық десерттер де аударды. Оларды Париждегі әйгілі Le Cordon Bleu аспаздық мектебінің түлегі Сабина Таңатарова дайындады. Ол заманауи гастрономиялық әдістерді қазақтың дәстүрлі дәмдерімен ұштастырып, десерттерге талқан, сүтті шай және Қазақстанға тән өзге де өнімдерді қосты.

Осылайша, заманауи аспаздық өнердің мүмкіндіктері арқылы фестиваль қонақтары қазақ даласының өзіндік болмысын, ұлттық дәм мен дәстүр сабақтастығын сезіне алды.

Павильондағы мәдени бағдарлама да көрерменнің көңілінен шықты. Қызылорда облысынан келген «Сырғалым» ансамблі ән мен биден шашу шашып, ұлттық өнерімізді паш етті. Өнерпаздардың дәстүрлі киімдері павильонға айрықша сән беріп, мерекелік көңіл күйді айшықтай түсті.

X Халықаралық гастрономиялық фестивальге әлемнің 80-нен астам елінен өкілдер қатысты. Мерейтойлық шара Француз Республикасының президенті қамқорлығымен өтті. Ал 2026 жылғы фестивальдің патроны ретінде әлемге әйгілі француз аспазы Ален Дюкасс танылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қыркүйек 2026 12:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары