Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қазақ өнерпаздары Париж сахнасында

Қазақ өнерпаздары Париж сахнасында

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Парижде «Франциядағы Қазақстанның күзі» атты мәдени жоба жалғасуда. Француздар қазақ халқының бай өнері мен рухани мұрасын жақынырақ танып келеді.

Жобаның кезекті жарқын сәті – 17-ші аудан мэриясының сахнасында өткен «Birlik» би ансамблінің және қобызшы Ғазиза Ғабдрахимованың концерті мен ЮНЕСКО штаб-пәтерінде өткен шеберлік сабағы болды. 

Еліміздің бірінші көпұлтты «Birlik» би ансамблі Париждің ең әсем аудандарының сахнасында. Бұл мәдени көпір Елшіліктің «Казақстанның Франциядағы күзі» жобасы аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «QazElles» атты Франциядағы қазақстандық әйелдер қауымдастығының қолдауымен жүзеге асты.

Әнел Марабаева, «Birlik» ансамблінің көркемдік жетекшісі:

- Біздің ұжым өте жас, бар болғаны 1,5 жыл бұрын құрылды. Осы уақытта біз әлемнің 15-ке жуық халқының билерін дайындадық. Біз Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріміз, басты мақсатымыз – мәдениеттерді жақындастыру. Көрермен әр нөмірімізді өте жылы қабылдады. Бұл біз үшін үлкен бақыт.

Француз көрерменіне ансамбль өз репертуарындағы үздік билерін ұсынды: «Күй шашу», «Балбырауын», «Қара жорға», сондай-ақ аты аңызға айналған биші Шара Жиенқұловаға арналған «Шара» биі. Бұдан бөлек, өзбек, тәжік, татар, түрікмен және үнді халықтарының ұлттық билері орындалды. Көрермендер ерекше қызығушылықпен қобыз үніне құлақ түрді.

Ғазиза Ғабдрахимова, музыкант, Тhe Мagic of Nomads тобының жетекшісі:

- Музыкант ретінде қазақтың өнерін насихаттауға, дәріптеуге әр қашан дайынмын. Оны тыңдап жатқан көрермен неғұрлым көп болса, со ғұрлы мен де бақыттымын. Көрермен өте жақсы қарсы алды. Қобыздың үнін басқа еш аспаппен салыстыра алмайтын сияқтымын. Сол себепті ұйып тындады. Келешекте олардың қазақ өнеріне қызығулышығы одан да артады деп сенемін.

17-ші ауданның тұрғындары қазақстандық мәдени бастамалардан хабардар. Бұған дейін жергілікті Ваграм алаңында шымкенттің қызғалдақтары егілсе, енді париждіктер қазақтың әуезді әнін тыңдап, ұлттық бидің қимылын бірге қайталап, оның мән-мағынасын сезінді.

Аньес, көрермен:

- Жас бишілер өз мәдениетінің тамырын жеткізе білді. Бізге олардың қимылдарын қайталап көруге мүмкіндік берді, әр символдың мағынасын түсіндірді. Бұл – мәдениеттердің байлығы мен өзара түсіністігін көрсететін тамаша тәжірибе.

Насрин, көрермен:               

- Концерт әдемі болды. Әсіресе жарқын түстер мен костюмдер ерекше әсер қалдырды. Мен Иранда дүниеге келгенмін, сондықтан бұл маған өте жақын әрі жылы көрінді.

Қазақ мәдениетімен танысу ЮНЕСКО штаб-пәтерінде жалғасын тапты. Мұнда қазақстандық өнер қайраткерлері бірегей шеберлік сабағын өткізді. Ғазиза Ғабдрахимова қобыздың тарихы мен түркі халықтарының аспаптары туралы, сондай-ақ Қорқыт ата мұрасы жайында әңгімеледі. Ал хореограф Анель Марабаева қазақ биі арқылы төрт табиғи стихия - от, су, жер мен ауаның үйлесімін көрсетті. Осылайша, Франция жұртшылығы тағы бір мәрте қазақ мәдениетінің тереңдігі мен сұлулығына куә болды.

Авторлары: Айдана Айтбекқызы, Руслан Өміржан

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 20:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары