Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда қысқы спорт түрінен балалар үйірмесінің бағасы қанша және қалай үнемдеуге болады

Қазақстанда қысқы спорт түрінен балалар үйірмесінің бағасы қанша және қалай үнемдеуге болады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Михаил Шайдоровтың Милан қаласында өткен Олимпиададағы жеңісі елімізде қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттырғаны сөзсіз. Балалар коньки мен шаңғы тебуге қызықты. Ал ата-аналар болса көбіне хоккей, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шорт-трек және шаңғы теру спортын таңдап отыр. Қазақстанда үйірмелер балаларды ерте жастан бастап қабылдайды. Мәнерлеп сырғанауға 4-7, конькимен жүрігу спорты және шорт-трекке 6, хоккейге 5-10, шаңғы спортына шамамен 5-6 жастан бастап қабылдайды. Бұл шақта балалар қандай да бір жүктемені орындауға дайын болады.

Еліміздің барлық қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде үйірмелер тегін. Әсіресе солтүстік және шығыс аймақтарда қысқы спорт түрлері жақсы дамыған. Сонымен бірге заманауи мұз айдыны оңтүстіктегі балалардың да жыл бойы әзірлік жүргізуіне мүмкіндік беріп отыр. Осы тұста екінші сұрақ туындайды. Үйірме тегін болғанымен қысқы спорт түрлеріне арналған киім мен қажетті жабдықтың бәрі ата-ана қалтасына ауыр салмақ. Ал арнайы киімі болмаса үйірмеге қатыса алмайды. Бұл жолы жас спортшылардың киіміне қанша қаржы қажет екенін саралап көрдік.

Хоккей

Шағыны көп спорттың түрі — хоккей. Балаға арнайы формасы ғана емес, қорғаныс киімі де қажет. Себебі мұз айдынында жоғары жылдамдықпен қимылдайды және бір-біріне соқтығысқан кезде ауыр соққы алмауы керек. Ең аз дегенде коньки мен хоккей таяғы қажет. Әрі қарай спорттық жадбық таңдалады.

Қажетті заттар:

Коньки — 30 000 — 45 000 теңге аралығында.
Дулыға — 35 000 — 55 000 теңге аралығында. Әсіресе қақпашы дулығасы бағасы одан да жоғары. Сонымен бірге балаға мойынан қорғау қажет. Оған қосымша тағы 30 000 теңге керек. Хоккей таяғының бағасы 30 000 теңгеден басталады.

Қорғаныс: қорғаныс қалғанының бағасы 20 000 теңгеден, шынтаққабы 4 000 теңгеден, кеудеше 20 000 теңгеден, хоккей қолғабы 30 000 теңгеден, қорғаныш іш киімі 17 000 теңгеден, жаттығуға арналған ішкі жейде мен хоккей шұлығы 8 000 теңге басталады.

Ең кем дегенде спорт жиынтығына 200 000 теңге, хоккей жабдығына орта есеппен 300 000 — 350 000 теңге және одан да мол қаржы қажет болады.

Ата-аналар көбіне хабарламалар арқылы бұрын киген киімдерді алғанды жөн көреді. Мұнда спорт жабдығы 100 000 — 150 000 теңгеге сатылады. Себебі балалар тез өседі, ал хоккей жабдығы болса жаңа күйінде қалады.

Коллаж: Kazinform / Nano Banano

Айта кетейік, елімізде (Астана мен Алматы қалаларында да бар) хоккей үйірмелерінің алғашқы жаттығуы көбіне тегін. Алайда кейбірінде 3 000 — 5 000 теңге деп бекітілген. Жеке мектептер аптасына үш (айына 12 жаттығуы) жаттығуы бар абонемент ұсынады. Өңірлерде оның бағасы 30 000 теңге болса, Алматы мен Астанадығы баға — 70 000 — 80 000 теңге.

Ата-аналар хоккей тек мұз айдыны деп түсінбеуі керек. Жаттығудың көбі құрғақ жерде өтеді. Олар дене жаттығуын жасайды, қозғалыс үйлесімін үйренеді, төзімділігін шыңдайды, жылдамдығын тексереді және бұлшық етті созады. Сөйтіп балаларды жан-жақты дайындайды. Мұз айдыны мен құрғақ жаттығуды алма-кезек өткізеді. Бұл жарақат алып қалудан да сақтайды. Демек баланың жаттығуына қосымша жейде, аяқ киім мен спорттық шолақ шабдар да керек.

Мәнерлеп сырғанау

Мәнерлеп сырғанау — ең әдемі әрі көркем спорт түрі. Сондықтан ата-аналар сымбаты мен сырын келтіріп қозғалатын қыздарын осы спорт түріне баулиды. Алайда бұл спорт түрі ер балаларға да өте пайдалы. Дене бұлшық етін шымыр етіп, өз денесін сезінуге, тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.

Хоккейге қарағанда мұнда қорғаныс жабдықтары қажет емес.

 Ата-аналар үшін ең қажетті заттар:

Жаттығу мен өнер көрсетуге арналған киім — 15 000 — 100 000 теңге; Коньки — 30 000 — 45 000 теңге;

Сонымен бірге қолғап (алғашқы кезде қарапайым ғана қолғап жарайды).

Мәнерлеп сырғанаушы үшін алғашқыда 50 000 — 120 000 теңге жеткілікті. Балаларға арналған жаттығу бағасы 2 500 — 6 000 теңге, өңірлерде 500 — 1 000 теңге. Топтық абонемент бағасы айына 25 000 теңгеден басталады. Ірі қалаларда жаттығу бағасы аптасына неше күн қатысатынына қарай бөлінеді. Мәселен 8 жаттығу 45 000 теңге, 12 жаттығу 56 000 теңге, 16 жаттығу 70 000 теңге және одан жоғары.

Конькимен жүгіру спорты

Спорттың бұл түрі баланың физикалық дамуына оң әсер етеді. Конькимен жүгіру кезінде бала төзімді болады, тыныс салу жүйесі жақсы дамды. Сонымен бірге аяғы мен беліне күш түсіп, шымыр болады. Тез қимылдап, тез шешім қабылдауды үйренеді. Дене жаттығуы адам өмірінде белгілі бір тәртіпті қалыптастырады.

Мәнерлеп сырғанау спорты сияқты мұнда да көп жабдық қажет емес. Бірақ қорғаныс құралын сатып алады:

Конькимен жүгіруге арналған спорттық киім — 25 000 теңгеден басталады;
Қорғаныс дулығасының бағасы шамамен 30 000 теңге;
Коньки — 30 000 — 4 5 000 теңге аралығында.

Спорт жабдығына алғашқыда 85 000 — 100 000 теңге керек. Егер мұз айдынына бөлек төлер болса, әр жаттығуға 1 000 — 2 000 теңге, жаттықтырушыға 3 000 — 6 000 теңге жұмсалады. Демек тұрақты жаттығуға ай сайын ата-ана шамамен 60 000 теңге төлейді.

Шаңғы спорты

Инфрақұрылым мен спорт жабдығы тұрғысынан қарасақ кысқы спорт түрлерінің арасында шаңғы тебу бағасы қолжетімді. Мұнда мұз бен мұз сарайы қажет емес. Мұнда шаңғы жолағы мен спорттық киім жеткілікті. Бір айта кетерлігі, шаңғы тебуді үйрену еліміздің оңтүстігінде қиын, тіпті мүмкін емес. Мұнда қыс айларында қар аз түседі, кейде бірден еріп кетеді.

Балаларға арналған шаңғы жиынтығының бағасы (шаңғы+таяғы+бекіткіш) — 30 000 теңге және одан жоғары;

Спорттық киімін жеке-жеке сатып алған соң бағасы да әртүрлі. Алғашқыда баланың қыстық киімдерінің өзі жеткілікті;

Шаңғы жиынтығын жалға алуға да болады. Егер тұрақты жаттығу жасаса киімі мен шаңғысына ай сайын 90 000 теңге керек.

Шаңғы спортының бір реттік жаттығуы және шаңғыны жалға алу бағасы 10 000 теңгеден басталады. Жаттықтықтырушы әр сабаққа 5 000 — 10 000 теңге алады. Ал жеке жаттығу — 15 000 теңге. Ең тиімдісі — топтық жаттығу.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, еліміз биыл қысқы Олимпиада ойындарында 10 түрінен 58 медаль жиынтығы бойынша бақ сынады. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Наурыз 2026 18:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see163

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see154

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see148

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see146

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see145

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see144

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see142

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see140

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see138

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see137

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see136

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see132

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see126

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see118

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see117

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see115

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see114

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see113

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары