Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Мәскеу сахнасында қазақ әдебиетінің классигі Төлен Әбдіктің шығармалары дәріптелді

Мәскеу сахнасында қазақ әдебиетінің классигі Төлен Әбдіктің шығармалары дәріптелді

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ведомствоның мәліметінше, қойылым қазақ әдебиетінің классигі Төлен Әбдіктің «Оң қол» және «Парасат майданы» шығармаларының негізінде ұйымдастырылған. 

— Басты кейіпкер — адамдар арасындағы әділетсіздікке төтеп беруге және қоғамның қатал жүйесіне қарсы тұруға тырысады. Шығармада рухани құндылықтар мен материалдық әлем арасындағы қайшылықтар, адам табиғатының күрделілігі, сондай-ақ, жақсылық пен жамандықты ажырату мәселелері көрсетілді, — делінген хабарламада.

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев атап өткендей, бұл мағынасы терең шығарма адамның жан дүниесін түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді, өмірдің мәні туралы ойландырады, сондықтан Мәскеу көрермендеріне қызықты болуы тиіс.

Фото: СІМ

— Біз үшін ресейліктерді қазақ өнерімен таныстыру өте маңызды, осылайша олар біздің қоғамымызды не толғандыратыны туралы түсінік ала алады, — деп атап өтті Елші.

Өз тарапынан Қ.Қуанышбаев атындағы театрдың директоры Ербол Хабылбеков театр ұжымы Мәскеуде осы туындыны ұсынып отырғандарына өте қуанышты екенін атап өтті.

Фото: СІМ

— Бұл жұлдызды актерлер құрамымен үздік қойылым. Премьерасы желтоқсан айында өтті және үлкен қошеметке ие болды. Менің ойымша, спектакль тілдік кедергіге қарамастан, ресейлік аудиторияға түсінікті болады, — деді ол.

Спектакльдің қоюшы-режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мирғалиева осындай күрделі психологиялық драмаға қарамастан, оған қойылыммен жұмыс істеу оңай болғанын, өйткені әртістер оның идеясын жақсы түсініп, жүзеге асыра алғанын айтты. Оның айтуынша, театр Ресейге бірнеше рет келсе де, әр кезде үлкен қуанышпен оралады.

Фото: СІМ

— Біздің театр мектебіміз ортақ, бір-біріміздің шығармашылығымыз қызықты, — деп жалғастырды ол.

Жан дүниеңді толғандыратын керемет қойылым Мәскеудің қатал және талапшыл аудиториясы тарапынан үлкен қошеметке ие болды. Спектакль аяқталғаннан кейін бүкіл зал ұзақ қол шапалақтап, көптеген көрермендер қойылымның ұмытылмас әсер қалдырғанын мойындады. Атап айтқанда, олар әртістердің шеберлігі мен пластикасын, сценографияны және музыкалық безендіруді жоғары бағалады. Олардың айтуынша, спектакль маңызды философиялық мәселелер туралы ойландырады және алаңдатады. Сахналандырылған оқиға кез-келген ұлттың көрермені үшін түсінікті болды, бұл оның жалпыға арналған көркемдік туынды екенінің куәсі.

Айта кетейік, Абай облысының театрлары екі бірдей халықаралық байқауда топ жарды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 17:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары