Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Қазақ әдебиетінің жауһарлары Үндістанда

Қазақ әдебиетінің жауһарлары Үндістанда

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақ әдебиетінің туындылары Үндістанда таныстырылды. Нью-Делиде дәстүрлі халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр.

Үнді жұртшылығының назарына ұсынылған шығармалардың жанрлары сан алуан. Көрмеге Қазақстанның тарихынан сыр шертетін туындылар, балалар әдебиеті, қазіргі заман жазушыларының еңбектері қойылған. Шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кітапхана және Қазақстанның Үндістандағы елшілігі атсалысты. 

Халықаралық кітап көрмесіне келушілердің қарасы қалың. «Қазақ әдебиетіне, әсіресе, жастардың қызығушылығы жоғары» дейді қатысушылар. Шара барысында Мұхтар Әуезов, Әбіш Кекілбаев, Сайын Мұратбеков, Дулат Исабеков сынды шоқтығы биік жазушылардың шығармаларын қосқанда жалпы 20-ға жуық кітап ұсынылған. Ал Ұлы Абайдың қара сөздері хинди тіліне аударылды. Осылайша, үнді оқырмандары әдебиет арқылы қазақ халқының болмысымен, тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Саттар Мәжитов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Дели университетінен, Неру университетінен, Индира Ганди университетінен және басқа жоғары оқу орындарынан біздің көрмеге келіп жатқан көрермен өте көп. Олардың қызығушылықтары біздің тарихымызбен, этнографиямызбен, мәдениетімізбен байланысты болып жатыр. Бүгінгі таңда бұл көрмеге мен Қазақстан тарихының бес томдығын, Мырза Хайдар Дулаттың өмірбаянына байланысты екі кітабымды әкеп отырмын.

Дүниежүзілік кітап көрмесі Нью-Делиде 53 жыл бойы ұйымдастырылып келеді. Дәстүрлі көрме баспа индустриясындағы маңызды шаралардың біріне айналған. Үндістан әлемде баспа және кітап саудасы бойынша үшінші орын алатын мемлекет. Сондықтан бұл көрмеге қатысу авторларға қарқынды дамып келе жатқан нарыққа шығу мүмкіндігін береді.

Айнұр Ахметова, әдебиеттанушы:                             

- Ұлыбританиядағы Кембридж университеті баспасынан ХХ-ХХІ ғасырлардағы Қазақстан жазушыларының прозасы қамтылған екі антологияны таныстырып отырмыз. Бірінші антологияда проза қамтылған, екінші антологияда поэзия қамтылған.

Әлішер Рахат, жазушы:

- Біз қазақ әдебиетінің ағылшын тіліне аударылған және Абайдың хинди тіліне аударылған кітаптарын алып келдік. Сонымен қатар Әл-Фарабидің «Қайырымды қала» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасын алып келдік. Алдағы уақытта көптеген классик жазушыларымызды, ақындарымызды ағылшын тіліне аударып, осындай халықаралық деңгейдегі кітап көрмелеріне алып келіп, қазақтың әдебиеті мен мәдениетімен жақсылап таныстыру керек деп санаймыз.

«Көрме 18 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл шара Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайта түседі»,- дейді мамандар.

Авторы: Мөлдір Жақан

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қаңтар 2026 15:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары