Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Ұлт жылнамасының жаңа парағы ашылды Жанарбек Әшімжан

Ұлт жылнамасының жаңа парағы ашылды Жанарбек Әшімжан

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Құрылтай депутаты, журналист Жанарбек Әшімжан бүгін қазақ елі аса маңызды саяси кезеңге қадам басқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты.

Оның айтуынша,  бүгін – ұлт жылнамасының жаңа парағы ашылған күн. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясының ресми ашылуы — елдің саяси жүйесіндегі кезекті институционалдық өзгеріс қана емес, халықтың үнін билікке тікелей жеткізуге, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты жаңа сапалы деңгейге көтеруге бағытталған маңызды тарихи кезең деуге болады, – деді ол. 

Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжан жаңа Құрылтайдың жұмысын бастауы — қоғамның мемлекет басқару ісіне белсенді араласуына мүмкіндік беретінін, халықтың сенімі мен мүддесін заң шығару деңгейінде қорғауға жол ашатын жаңа саяси кеңістіктің қалыптасуы дейді.

– Президент өз баяндамасында еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындап, қоғам алдында тұрған негізгі басымдықтарға тоқталды. Әсіресе, ұлттың тұтастығын сақтау, рухани құндылықтарды дәріптеу және әлеуметтік әділдікті орнықтыру мәселелері әрқайсымызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Еліміздің болашағы тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейтіні анық. 

Мемлекеттің қуаты ең алдымен оның рухани тұғырының беріктігімен, ұлттық құндылықтарының өміршеңдігімен айқындалады. Сондықтан өскелең ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, тарихымызды түгендеу, мәдениетімізді жаңғырту — кейінге қалдыруға болмайтын маңызды міндет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мәселелерді елмен кездесулерінде үнемі атап өтіп келеді. Демек, ұлттың темірқазығы саналатын руханият мәселесі мемлекеттіліктің күн тәртібінен бір сәтке де түскен емес. Сонымен қатар халықтың әл-ауқатын арттыру, әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау мемлекеттік саясаттың басты өзегі. Әлеуметтік теңсіздікті азайту, өңірлердің дамуындағы алшақтықты қысқарту, әрбір азаматтың мәселесіне назар аудару Құрылтай депутаттарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі, – дейді Жанарбек Әшімжан. 

Құрылтай депутаты халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, ел игілігіне бағытталған әділ әрі тиімді шешімдер қабылдау жолында аянбай еңбек ету  өз парызы санайтынын айтты.

– Мемлекет басшысы атап өткендей, алдымызда заңнаманы заман талабына сай жаңғырту және қоғамда жаңа этиканы қалыптастыру міндеті тұр. Депутаттар тек заң қабылдаумен шектелмей, қоғамдағы жаңа құндылықтар мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға да үлес қосуға тиіс.

Президент айтқандай, «қазіргі заманда жаттанды шешім, ескірген көзқарас, жалаң популизм ешкімге керек емес». Сондықтан биліктің барлық тармағында кадрлық жаңғыруды жалғастырып, саясатқа жаңашыл ойлайтын, жасампаз әрі жауапкершілігі жоғары азаматтарды тарту — жүзеге асырылып жатқан реформалардың маңызды бағыты.  «Реформаларды аяғына дейін жеткізбей, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы тарихи мүмкіндікті мүлт жіберсек, болашақ ұрпақ бізді ешқашан кешірмейді», - деді Президент өз сөзінде.

Президент сөзі баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейтін, уақыттың талабын дәл аңғартатын маңызды үндеу. Осы орайда түрлі саланың тәжірибелі мамандары мен жаңа буын өкілдерінен құралған депутаттық корпус халықтың сенімін ақтап, ел игілігі жолында табанды еңбек етеді деп бек сеніммен айтуға болады.

Жаңадан өз жұмысын бастаған Құрылтай — ортақ мақсатқа жұмылған елдің бірлігі мен саяси кемелдігінің көрінісі. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Ең бастысы - халықтың сенімін ақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін адал әрі нәтижелі еңбек етуге бар күш-жігерімізді саламыз, – деді Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжан.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Тамыз 2026 18:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары