Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

ЖИ дәуіріндегі мектеп: Оқушыларға пайдасы мен қаупі қандай?

ЖИ дәуіріндегі мектеп: Оқушыларға пайдасы мен қаупі қандай?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектепке жасанды интеллект технологияларын енгізу туралы тапсырмасы – кешенді реформа. Мектеп болашағына тікелей қатысы бар байыпты бастама. Өйткені бүгінгі білім саясаты енді жекелеген шешімдермен емес, сапалы білім, заманауи инфрақұрылым, мұғалім даярлығы, дерек қауіпсіздігі және балалардың тең мүмкіндігі біртұтас жүйе ретінде қарастырылатын жаңа деңгейге көтеріліп отыр.

Фото: pixabay

Бұл мәселенің Қазақстан үшін маңызы ерекше. Себебі мектеп – елдегі ең ауқымды әлеуметтік жүйелердің бірі. 2024-2025 оқу жылының басында елімізде шамамен 8 мың мектеп, 3,9 миллионнан астам оқушы және 406 мың мұғалім болды. Демек, жасанды интеллектіні білім саласына енгізу белгілі бір шағын тәжірибелік алаңмен шектелмейді. Бұл әрбір отбасыға тікелей қатысы бар ауқымды өзгеріс.

Президент көтерген бастаманың негізгі мәні – жасанды интеллектіні сәнге айналған технология ретінде емес, нақты білім мәселелерін шешуге көмектесетін құрал ретінде пайдалану. Қазақстан мектебі кейінгі жылдары жүйелі түрде жаңарып келеді. Инфрақұрылым жақсарып жатыр, педагогтердің кәсіби даярлығына көңіл бөлініп жатыр. Заманауи оқу материалдарына қолжетімділік кеңейіп, білімді бағалау тәсілдері жетілдірілуде. Енді осы жаңғырудың келесі кезеңі ретінде жасанды интеллект мектептегі оқыту процесін анағұрлым дәл, икемді әрі әр баланың қажеттілігіне бейім етуге жол ашады.

Халықаралық зерттеулер де бұл бағыттың өзектілігін көрсетіп отыр. PISA-2022 нәтижелері бойынша оқушылар математика, оқу сауаттылығы және жаратылыстану бағыттарында ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткішінен төмен нәтиже көрсетті. Математика бойынша функционалдық сауаттылықтың ең төменгі деңгейіне Қазақстанда оқушылардың 50 пайызы жетсе, ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш орта есеппен 69 пайызды құрайды. Оқу сауаттылығында бұл арақатынас – 36 пайызға қарсы 74 пайыз, жаратылыстану бағытында – 55 пайызға қарсы 76 пайыз. Бұл деректер мектепке әр оқушымен нақты, жүйелі және дербес жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жаңа құралдар қажет екенін аңғартады.

Осы тұста жасанды интеллектінің пайдасы айқын көрінеді. ЖИ баланың біліміндегі олқылықтарды ерте анықтауға, жеке тапсырмалар ұсынуға, оқу қарқынын бақылауға, мұғалімге тек қорытынды бағаны емес, оқушының сол нәтижеге қалай келгенін көруге көмектеседі. Мысалы, бала белгілі бір есеп түрінен жиі қателессе, цифрлық жүйе оның себебін тезірек көрсетеді. Ал оқушы бағдарламаны оңай меңгеріп, алға озып отырса, оған күрделірек тапсырма беруге мүмкіндік туады. Осылайша, оқыту әр баланың жеке ерекшелігіне бейімделе түседі.

Сонымен бірге Президент тапсырмасында аса маңызды тепе-теңдік сақталған. Жасанды интеллект мұғалімді алмастыратын күш емес, оның жұмысын күшейтетін қосымша құрал болуы тиіс. Бұл да өте орынды әрі жауапты ұстаным. Ең озық технологияның өзі ұстаздың тәжірибесін, балаға деген жанашырлығын, тәрбиелік ықпалын, шынайы қарым-қатынасын алмастыра алмайды. Керісінше, технология мұғалімді қағазбастылықтан, қайталанатын техникалық жұмыстан жеңілдетіп, оның басты миссиясына, балаға білім беру мен тұлға қалыптастыру ісіне көбірек көңіл бөлуіне жағдай жасауы керек.

Мектептерімізде мұндай модельге негіз болатын мықты әлеует бар. PISA деректері бойынша еліміздегі оқушылардың 77 пайызы математика мұғалімі әр баланың оқуына қызығушылық танытатынын айтқан. Ал 82 пайызы қажет болған жағдайда мұғалім қосымша көмек көрсететінін атап өткен. Бұл ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткішінен жоғары нәтиже. Яғни, Қазақстан мектебінің басым тұсы – мұғалім мен оқушы арасындағы адамдық байланыс. Ендеше мемлекеттің міндеті де осы артықшылықты технология арқылы әлсірету емес, керісінше күшейту.

Әлемдік сарапшы Ли Кай Фу Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді

Жасанды интеллект мұғалімге оқушылардың үлгерімін талдауға, оқу материалдарын таңдауға, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар әзірлеуге, сабақ барысын тиімді жоспарлауға көмектесе алады. Бірақ баламен қалай сөйлесу, күрделі тақырыпты қалай түсіндіру, оның ынтасын қалай ояту және сенімін қалай арттыру керектігін бәрібір мұғалім шешеді. Сондықтан жаңа реформадағы басты тұлға бұрынғыдай ұстаз болып қала береді.

Мемлекет басшысы ауыл мектептеріне де ерекше назар аударып отыр. Бұл да құжаттың әлеуметтік салмағын арттыра түседі. Қала мен ауыл баласының білім мүмкіндіктеріндегі айырмашылық көбіне инфрақұрылымға, заманауи ресурстарға және интернет сапасына байланысты. Соңғы жылдары бұл бағытта елеулі ілгерілеу бар. Ұлттық баяндама деректеріне сәйкес, 2022 жылы интернетке қосылған мектептер саны 2 306, яғни 30 пайыз болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 7 120 мектепке немесе 89,9 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш цифрлық және жасанды интеллект шешімдерін кеңінен енгізуге негіз болары сөзсіз.

Бадминтон Федерациясы ЖИ негізіндегі цифрлық рейтинг жүйесін іске қосты

Сондықтан пилоттық жобаға қатысатын мектептерді 2026 жылғы 1 тамызға дейін қажетті техникамен және тұрақты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырма реформаның өзегіне айналып отыр. Бұл жерде әңгіме тек компьютер немесе интернет туралы емес. Мәселе қазіргі заманның білім құралдары ірі қалалардағы таңдаулы мектептерге ғана емес, өңірлердегі, ауылдардағы балаларға да қолжетімді болуында. Осы арқылы цифрлық жаңғыру әлеуметтік теңдікті нығайтатын нақты тетікке айналады.

Бұл бастама мектеп инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы ауқымды жұмыстармен де сабақтасып жатыр. 2025 жылы 69 мыңнан астам оқушыны қамтитын 1 000 ауыл мектебін жаңғырту жоспарланды. Сонымен қатар 245 мектепке күрделі жөндеу жүргізу көзделді, оның 145-і ауылдық жерлерде орналасқан. 2026 жылы химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1 000 заманауи пән кабинетін жабдықтау жоспарланып отыр. Ал 2029 жылға дейін 1 300 мектепті, соның ішінде 900 ауыл мектебін жаңарту көзделген. Осы тұрғыдан алғанда, жасанды интеллект туралы тапсырма мектеп ғимаратын жөндеуден білім мазмұнын жаңартуға өтетін маңызды кезең.

Жаңа технологияны енгізуде ортақ тәртіп пен айқын талаптың болуы да аса маңызды. 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітілуі тиіс. Бұл стандарттар білім беру контентін әзірлеу, оқу нәтижелерін бағалау және академиялық адалдықты сақтау мәселелерін қамтиды. Мұндай талаптар мектептерге, мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға жасанды интеллект қай жерде көмектесетінін, қандай жағдайда қолданылатынын және оқу еңбегінің дербестігі қалай қорғалатынын нақты түсінуге мүмкіндік береді.

Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады

Тағы бір маңызды мәселе – балалардың дербес деректерін қорғау. Мектеп оқушы туралы үлгерімі, оқу қарқыны, қабілеті, қиындықтары, жетістіктері, жеке білім траекториясы деген сияқты өте көп мәліметтермен жұмыс істейді. Егер мұндай деректер цифрлық ортада қолданылатын болса, олардың қауіпсіздігі мемлекет тарапынан сенімді қорғалуы керек. Сондықтан оқушылардың жеке деректерін қорғауды күшейту жөніндегі тапсырма реформаның тек технологиялық емес, құқықтық негізі де қатар қаланып жатқанын көрсетеді.

Президент тапсырмасының басты артықшылығы – оның үш деңгейді бір арнаға тоғыстыруында. Біріншісі – стратегиялық деңгей. Бұл жерде әңгіме елдің адами капиталын дамыту, болашақ ұрпақтың білім сапасын арттыру туралы болып отыр. Екіншісі – институционалдық деңгей. Үкімет пен әкімдіктерге нақты мерзімдер, міндеттер және жауапкершілік жүктеледі. Үшіншісі – мектеп деңгейі. Яғни, барлық өзгерістің түпкі нәтижесі нақты оқушыға, мұғалімге және сыныптағы білім сапасына әсер етуі тиіс.

Осы байланыс Қазақстанның білім саясатындағы жаңа кемелдікті көрсетеді. Бұл есеп үшін жасалатын цифрландыру емес, мектепті мазмұнды, қауіпсіз және әділ түрде жаңарту жолындағы жүйелі қадам. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы орта білім берудің жаңа моделіне негіз қалайды. Ол модельде технология білім сапасын көтеруге, мұғалімнің еңбегін жеңілдетуге, баланың қабілетін ашуға және қала мен ауылдағы оқушыларға тең мүмкіндік беруге қызмет етуі керек.

Соңғы жаңалықтар

Серхио Рамос «Севилья» клубын сатып алды

Футбол • Бүгін, 11:03

Жас ғалым жолдағы ақауды табатын құрылғы ойлап тапты

Ғылым • Бүгін, 11:00

Мәжіліс Мұрат Ергешбаевтың депутаттық өкілеттігін тоқтатты

Парламент • Бүгін, 10:44

Еуроодақ балалардың әлеуметтік желіге кіруін шектеуді жоспарлап отыр

Технология • Бүгін, 10:37

ЖИ дәуіріндегі мектеп: Оқушыларға пайдасы мен қаупі қандай?

Технология • Бүгін, 10:33

Алматыда 700-ге жуық суық қару мен тыйым салынған заттар тәркіленді

Оқиға • Бүгін, 10:20

Террористік қылмыс жасады деген күдікпен шетелден 4 азамат елге қайтарылды

Оқиға • Бүгін, 10:18

Атырау облысындағы отбасының өлімі: Ақбаянға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

Оқиға • Бүгін, 10:06

Қамшыбек Ташиевтің ісі сотқа жолданды: Процесс жабық өтеді

Әлем • Бүгін, 09:54

Қатар Премьер-министрі Иранға үндеу жасады

Әлем • Бүгін, 09:43

«Қазақмыстан» бір тоннадан астам жанармай ұрлаған топ ұсталды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:39

Бұршақ жауып, күн күркірейді: 13 мамырға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:20

Қазақстан шахматының жаңа жұлдыздары: Сауат пен Зарина ел біріншілігінде үздік атанды

Шахмат • Кеше

Нидерландыда 12 медицина қызметкері хантавирусқа байланысты оқшауланды

Әлем • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Мамыр 2026 11:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see154

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see152

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see145

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see132

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see128

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see126

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see124

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see122

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see121

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see121

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see121

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see121

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see119

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see118

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

24 Қыркүйек 2026 17:43see118

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see118

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see118

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

24 Қыркүйек 2026 17:43see117

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see116

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

25 Қыркүйек 2026 22:07see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары