Өскелең ұрпаққа өнеге
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ұрпақ тәрбиесі ел тағдырына тікелей әсер ететін аса маңызды міндет. Осы орайда партия филиалы ұйытқы болған мәдени бастама балалардың шығармашылыққа және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырды.
Бұл қойылымды белгілі театр және кино актері Кендебай Темірбайұлы жетекшілік ететін «Жас актер» жастар театры ұсынды. Мұндағы басты мақсат – балалардың ұлттық өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, ұрпақ тәрбиесіне қоғам назарын аудару.
– Осындай игі бастамаға атсалысқан барша азаматқа алғысымды білдіремін. Балалардың қуанышын бөлісіп, олардың рухани дамуына үлес қосу – баршамызға ортақ міндет, – деді «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшысы Амангелді Есбай.
Театр ұжымының айтуынша, мұндай кездесулер балалар үшін аса маңызды. Себебі театр сахнасында адамгершілік, отансүйгіштік, мейірімділік және жауапкершілік сынды қастерлі құндылықтар дәріптеледі. Қойылым соңында жиынға қатысқан 250 балаға балмұздақ таратылды. Бүл игі іске партия филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі Римма Салықова қолдау көрсетті.
Бекбол АМАНГЕЛДІ
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:66
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қыркүйек 2026 03:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















