Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Ұрпаққа өнеге болған мерейлі отбасылар

Ұрпаққа өнеге болған мерейлі отбасылар

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Отбасы – мейірім мен мерейдің, ізгілік пен ілтипаттың ордасы.Әр шаңырақтың ынтымағы мен татулығы – елдің іргесін бекем ететін ең қымбат құндылық. Осы қасиетті ұстанымды ұлықтаған дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауы биыл да елорда төрінде өз жалғасын тапты. Республика күні қарсаңында өткен марапаттау салтанатында еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген ең өнегелі 20 отбасы көпшіліктің құрметіне бөленіп, берекелі тіршілігі мен бірлігі арқылы жұртқа үлгі болды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Қырмызы Жұмағалиқызы

Бүгін Астана қаласындағы Astana Ballet театрында дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.  Салтанатты жиында Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев жеңімпаз отбасыларды арнайы құттықтап, лауреаттарға марапат табыс етті. Өз сөзінде ол байқаудың Республика күнімен тұспа-тұс келуінің символикалық маңызына тоқталды.

«Қазақ – қашанда отбасын қасиетті ұғым санаған халық. Отбасының беріктігі мен ынтымағы – ұлттың бірлігі мен тұрақтылығының кепілі. Сондықтан ата-ананы ардақтау, туыстық қатынастарды нығайту сияқты құндылықтар ұлт мәдениетінің өзегіне айналды. Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен осы сабақтастықты әрі қарай сақтау үшін ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Бұл ретте отбасы институтын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға және қоғамда дұрыс құндылықтар жүйесін насихаттауға баса мән беріліп отыр.Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да отбасыларды қолдауға, ана мен баланың құқықтарын қорғауға арналған маңызды міндеттер жүктеді. Бұл әлеуметтік бастамалардың бәрі елімізде отбасықұндылықтарының нығаюына және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді деп сенеміз», деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы өз сөзінде ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруда отбасы институтының маңызды рөлін атап өтті. Оның айтуынша, «Мерейлі отбасы» жобасы – ұрпақтар сабақтастығын сақтау мен ұлттық рухты дәріптеудің айқын алаңы. Сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға», «Келешек мектептері» сияқты жобалар қоғамның болашағына бағытталған кешенді істердің бірі екенін де тілге тиек етті. Сондай-ақ, салтанатты кеште Мәулен Әшімбаев қатысушыларға азаматтық жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп, адамгершілік және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосқаны үшін ризашылық білдірді.

Айта кетейік, биылғы байқау Егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толған мерейлі жылмен тұспа-тұс келді. Бұл дата – ел тәуелсіздігі мен отбасы құндылығының өзара сабақтастығын айшықтап тұрғандай. «Мерейлі отбасы – 2025» байқауында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 отбасы жеңімпаз атанды. Олардың қатарында: Ақмола облысынан келген шығармашылық отбасы – Мекебаевтар, Алматы облысынан келген қолөнершілер әулеті – Бекдайырлар, Ақтөбе облысынан келген Төремұратовтар, Абай облысынан Сыдықбаевтар бар. Республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жеңімпаздары сәйкесінше,Айтқожиндер, Дүйсебаевтар және Нұртаевтар отбасылары. Ал, Батыс Қазақстан облысынан Сүйінғаровтар отбасы үздік деп танылды. Қарағанды облысының үлгілі отбасы болып кеншілер әулеті – Ключниковтар атанды. Солтүстік Қазақстаннан механизаторлар отбасы – Өзбековтер, Атырау облысынан теміржолшылар отбасы – Өтеповтер, Қостанайдан жұмысшылар отбасы – Егембердиевтер, Жамбылдан теміржолшылар әулеті – Бектасовтар жеңімпаз деп танылды. Сонымен бірге Жетісу облысынан мәдени және спорттық мұраны насихаттауға үлес қосып жүрген Бектеновтер отбасы, Павлодар облысынан шахтерлер әулеті – Тұрсынбаевтар, Ұлытау облысынан аграршылар отбасы – Қапбасовтар, Қызылорда облысынан еңбек сіңірген жұмысшылар отбасы – Әбсадықовтар, Маңғыстау облысынан қоғам қайраткерлері және шаруалар әулеті – Шолтамановтар, Түркістан облысынан агрономдар отбасы – Молдабековтер және Шығыс Қазақстан облысынан ғұмыр жолын табиғатты қорғауға арнаған Жақыповтар отбасылары бар. Бұл шаңырақтардың барлығы өз өңірінде еңбегімен танылған, ұлт рухын асқақтатуға үлес қосқан өнегелі әулеттер.

Биылғы байқауда бас жүлдені иеленген Ақмола облысының Мекебаевтар әулеті еңбегімен елге өнеге, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздық жолды темірқазық еткен жанұя.

«Мұнда біздің келген мақсатымыз – осы еңбегіміздің нәтижесін көру. Отбасымда тоғыз балам бар: бес ұлым, төрт қызым, бес келінім, 30 немерем және 3 шөберем бар. Бәріміз бақытты, баянды ғұмыр кешіп келеміз. Ұрпақтарымның көбі ұстаз, », дейді әулеттің ақсақалы.

Оның айтуынша, әулеттің ең басты ерекшелігі – ұстаздық рух пен ұлттық қағиданы берік ұстану.

»Біз қазақ болған соң қазақша сөйлеп, әдет-ғұрпымызды сақтау – парызымыз. Ұрпағымызды саналы, даналы қазақ болып өсіруге бар күшімізді саламыз. Бұл байқауға қатысу бүкіл жанұямыздың ортақ шешімі болды. Ұл-қыздарымның алтауы – мұғалім. Келіндерім де жоғары санаттағы ұстаздар. Ал ең бастысы бәріміз тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатырмыз»,дейді ол.

Мекебаевтар отбасы облыстық кезеңде 30-дан астам үміткердің арасынан суырылып шығып, бірлік пен білімге деген адалдықтың арқасында жеңімпаз атанған.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жыл сайын ел ішінде өнегелі өмір салтын дәріптеп, ұрпақ сабақтастығын нығайтуға зор үлес қосып келеді. Осындай жобалар арқылы қоғамда отбасы құндылығының мәні артып, әр шаңырақтың жауапкершілігі мен ынтымағы тереңдей түседі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 18:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары