Балық және теңіз өнімдерін тұтыну көлемі он жылда 29% ға жуық өсті
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда кейінгі он жылда балық және теңіз өнімдерін тұтыну көлемі өсті, алайда көрсеткіш жылдар бойынша біркелкі болмаған, деп хабарлады Energyprom.kz.
2015 жылы бір адамға жылына орта есеппен 11,3 келі балық және теңіз өнімдерінен келсе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 10,7 келіге дейін төмендеген. Кейін тұтыну көлемі қайта өсе бастады. 2020 жылы ең жоғары көрсеткішке жетіп, бір адамға 15,1 келіден келген. 2023 жылы бұл көрсеткіш 14 келіге дейін төмендеді.
"2025 жылы бір адамға шаққандағы тұтыну 14,6 келіні құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 2,8%-ға, ал он жыл бұрынғы көрсеткіштен 28,9%-ға көп. Дегенмен 2020 жылғы деңгей әлі де ең жоғары көрсеткіш болып отыр", - деп жазды портал.
2026 жылдың бірінші тоқсанында бір адам орта есеппен 3,6 келі балық және теңіз өнімдерін тұтынған . Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға көп. Қала мен ауыл тұрғындарының көрсеткіші бірдей – 3,6 келі.
Қай өңірде балық көп тұтынылады?
2026 жылдың бірінші тоқсанында балық және теңіз өнімдерін ең көп тұтынған Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болды – бір адамға 5,8 келі.
Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы – 5,4 келі, Ақмола облысы – 4,8 келі және Батыс Қазақстан облысы – 4,7 келі.
Ең төмен көрсеткіш Шымкентте тіркелді – 1,8 келі. Бұл орташа республикалық көрсеткіштің дәл жартысы. Маңғыстау облысында 2,5 келі, Ұлытау облысында 2,7 келі, Астанада 2,8 келі болды.
Балық бағасы 12,3%-ға қымбаттады
2026 жылғы тамызда Қазақстанда балық және теңіз өнімдерінің бағасы бір жылда орта есеппен 12,3%-ға өсті.
Бағаның ең жоғары өсімі Жетісу облысында – 24,5%, Ұлытау облысында – 22,6% және Шымкентте – 22,4% болды. Ал Маңғыстау облысында баға 6,5%-ға, Атырау облысында 3,9%-ға төмендеді. Жамбыл облысында баға айтарлықтай өзгермеген.
Балық өндірісі
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында жаңа, салқындатылған және мұздатылған балық өндірісі 30,4 мың тоннаға жетіп, бір жылда 4,5%-ға өсті. Ал дайындалған немесе консервіленген балық, оның ішінде уылдырық және оның алмастырғыштарын өндіру 24,8%-ға төмендеп, 7,7 мың тоннаны құрады.
Сонымен қатар сыртқы нарыққа жеткізілім көлемі өсті. 2026 жылдың бірінші жартысында Қазақстан 12,9 мың тонна өңделген және консервіленген балық, шаянтәрізділер мен ұлулар экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 35,7%-ға көп.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:87
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қыркүйек 2026 20:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















