TikTok та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен 5 тәулікке қамалды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Алматыда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан екі қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Әлеуметтік желілерде екі қыздың тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып отырған бейнежазбасы тараған.
Тексеру барысында бейнежазбаның көлік базары аумағында түсірілгені анықталды. TikTok-тағы тікелей эфирге 19 жастағы Жұлдызай Мұратбаева мен 21 жастағы Гүлмира Қанатова қатысқан.
Осы факті бойынша екі қызға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
Сот шешімімен құқық бұзушылардың әрқайсысына бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
— Қоғамдық орындар, оның ішінде әлеуметтік желілер мен тікелей эфирлер азаматтарды қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. Бұл жағдайда құқыққа қайшы әрекет бейнежазбаға түсірілген, эфирге қатысушылардың жеке басы анықталып, жинақталған материалдар сотқа жолданды. Әкімшілік жаза түрін сот белгіледі, — деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Полиция әлеуметтік желілер жауапкершіліктен тыс аймақ емес екенін еске салады. Қоғамдық тәртіпті бұзатын және әкімшілік заңнама талаптарына қайшы келетін әрекеттер үшін заңда тиісті жауапкершілік көзделген.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қыркүйек 2026 21:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















