Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ерлан Қошанов, Мәжіліс Төрағасы: Ауыл өміріне жаңа серпін береді

Ерлан Қошанов, Мәжіліс Төрағасы: Ауыл өміріне жаңа серпін береді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алғаш рет екі жарым мың ауыл әкімі Астанада бас қосты. Форум бүкіл басқару жүйесін біріктірді. Жиында Президентіміз сөз сөйлеп, ауылдың болашақ дамуы, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру бойынша өз ойын ортаға салып, алдымызға бірқатар міндет қойды.

Жиында ашық та мазмұнды әң­гіме өрбіді. Ауыл әкімдері өз ойы мен ұсынысын Президентке тіке­лей жеткізуге мүмкіндік алды. Ауылдың келешегіне қатысты хал­ықты толғандыратын ең өзекті мәсе­л­елер қозғалды. Көтерілген та­қырыптардың дені бұған дейін де депутаттардың өңірлерге сапа­ры кезінде қозғалған болатын. Мем­лекет басшысы бүгін соларға нақты жауап қатып, тиісті мемле­кеттік органдарға тапсырма берді. 

Өздеріңіз білесіздер, ауыл әкім­дерін тікелей сайлау – саяси рефор­малардың ажырамас бір бөлігі. Биыл Президенттің осы страте­гиялық бастамасына бес жыл толып отыр. «Жергілікті әкім­дер бүкіл билік жүйесінің тірегі сана­лады», – деді Мемлекет бас­шы­сы. Олар ауылдағы ахуалды, жұрттың мұң-мұқ­тажын біледі, те­рең түсі­неді. Халық та әр әкімді жақсы таниды, үміт артады. Сон­дықтан сайланған ауыл әкімдері­нің жауап­кершілік жүгі тіптен жоғары.

Аз уақыт ішінде сайлаулар еліміздегі саяси өмірдің маңызды, қалыпты элементіне айналды. Бұл жай ғана институционалды шешім емес. Бұл жергілікті басқару жүйе­сін толықтай жаңартқан қадам бол­ды. Мемлекеттік қызметке жаңа адамдардың келуіне жол ашыл­ды. Жаңа толқын алдыңғы шепке шықты. 

Еліміздегі оң өзгерістер қазір ауыл халқының көзқарасын, ты­ныс-тіршілігін де өзгертіп жатыр. Жаңа саяси мәдениет қалыптаса бастады. Сайлауға қатысу – міндет немесе дәстүр емес, өз өңірін, өз ауылын өркендетудің тікелей мүм­­кіндігі екенін жұрт сезінуде. Бұл конституциялық реформаның басты принципі – азаматтардың ел өміріне еркін және белсене ара­ласып жатқанының көрінісі.

Біз азаматтардың мемлекет ісіне шын пейілімен, жан-жақты атсалысып жатқанын көріп отыр­мыз. Яғни, елдің әкімдік инс­ти­тутына деген сенімі нығайып ке­леді. Халық пен билік арасындағы осындай бекем байланыс ұзақ уақыт қордаланып қалған мәсе­лелердің біртіндеп шешілуіне мүм­кіндік туғызып отыр. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» қағидатының жергілікті жер­дегі нақты дәлелі. Осының бәрі ауылдың өркендеуіне тың сер­пін беруге тиіс. 

Мемлекет басшысы өз сөзінде аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиім­сіз тұстарын мұқият саралау қа­жеттігін де айтты. Өйткені аудан әкімдерін сайлауға қатысты қо­ғам­да әртүрлі көзқарас бар. Бұл жайтты жақында бір топ Мәжіліс депутаты да көтерген болатын. Расымен де, аудан әкімдерін сай­лау жүйесін қайта қараған жөн деп санаймыз. Өңірлерде осы мәселе сайлаушылар тарапынан да қолдау тауып жатыр. Бүгін Президент Үкімет пен Парла­мент­ке осыны жан-жақты қарап, әділетті, дұрыс шешім қабылдауды тапсырды.

Жалпы, ауылдың дамуы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың әрдай­ым ерекше назарында. Мемлекет басшысының алғашқы Жарлы­ғының бірі  Ауылдық аумақтарды дамыту концепциясы болғаны бекер емес. Сол тұжырымдаманың аясында қыруар жұмыс атқарыл­ды. Мыңдаған әлеуметтік нысан бой көтеріп, инфрақұрылым жа­ңар­ды. Бұл жұмыс қарқынды түрде жалғаса береді. 

Ауыл мен қала тұрмысы ара­сын­дағы алшақтықты жойып, ауыл халқының өмір сүру сапасын көтеру – бүгінгі күннің басты та­ла­бы. Осы орайда цифрлан­дыру­дың маңызы зор. Алдағы үш жыл­да Цифрлық мемлекетке айналу жоспары ауылдарды да қамтитыны анық. Цифрландыру мен жасанды интеллект ауылдағы ағайынның тұрмысын арттыруда ерекше рөл атқарады. Ауыл әкімдері осы жұмыстың бел ортасында жүруі қажет. Форумда ол туралы да айтылды. 

Қазір жергілікті өзін-өзі бас­қарудағы кедергілер заңнамалық тұрғыда біртіндеп жойылып келе­ді. Мемлекеттік сатып алу проце­дурасы жеңілдетілді. Ауыл әкім­дері үшін бір көзден сатып алу шегі ұлғайтылды. Бұл жергілікті про­блемаларды шұғыл шешуге жол ашуда.

Ауыл әкімдерінің қаржылық дербестігі мәселесі де кезең-кез­еңімен шешіліп жатыр. Бюджет­тің төртінші деңгейі кеңейтілуде. Ал­ғаш рет бірқатар салық түрі тіке­лей ауыл бюджетінде қалатын бол­ды. Бүгін осы салық түрлерін одан да арттыру жайы қозғалды. Кәсіпорындар өздері жұмыс істеп, табыс тауып отырған жерде салық төлеуі керек. Әділетті Қазақстан дегеніміз – осы. Мемлекет басшы­сы бұған баса мән берді. 

Келесі қадам – ауыл әкімдері­нің өкілеттіктерін күшейту. Бүгін ол туралы Президент жеке тап­сыр­ма берді. Қазір Мәжілісте «Жер­гілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заң­ға енгізілетін түзетулер қарасты­ры­лып жатыр. Бұл жұмысқа деп­ут­аттармен бірге сарапшылар, қо­ғам белсенділері, ауыл, аудан әкім­дері де атсалысуда. Заңда әкім­дердің өкілеттігін кеңейту көзделген. 

Президент айтқандай, жергі­лік­ті мемлекеттік басқарудың түр­­лі деңгейі арасындағы жауап­кершілік шегі анықталмаған, бұл өңірлердегі жағдайға кері әсер етеді. Ауыл әкім­дері еркін жұмыс істеп, жергілікті проблемаларды өз бетінше шешуі үшін олардың өкілеттігін нақты­лауымыз керек. Сонда әкімдердің мүмкіндігі де, жауапкершілігі де артады. Бұл – Мемлекет басшысы­ның берік ұста­нымы. 

Сонымен қатар ауыл әкім­дік­тері қызметкерлерінің жұмыс іс­теуіне, олардың кәсіби тұрғыдан өсуіне де жағдай жасауға тиіспіз. Халық пен билік арасында диалог орнатып, жұртшылықпен тікелей жұмыс істейтін де солар. Бұл мін­деттерді әкім жалғыз өзі орындай алмайды. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің санаттарын нақ­ты белгілеу бойынша жеке тап­сыр­ма берілді.

Мемлекет басшысы «AMANAT» партиясының жоба­ларына жеке тоқталып, оң баға бер­ді. «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты» тұрғын­дар­дың сұранысы мен талап-тіле­гіне толық сай келеді. Бұл жобалар ауыл әкімдері үшін халықтың тұр­мысын көтеруге, кірісін арт­ты­руға зор мүмкіндік туғызып отыр. Партияның «Әкімдер мектебі» жобасы да өз тиімділігін көрсетті. Сондықтан Президент осы бағыт­тағы жұмыстарды әрі қарай жал­ғас­тырып, күшейтуді тапсырды.

Әкімдік институтын реформа­лау қазір осындай ерекше қарқын­мен жүргізілуде. Өзгерістер жал­ғасып келеді. Алдымызда парла­­­мент­тік реформа кезеңі тұр. Оны бүкіл Қазақстан жұртшылығы қызу талқылап жатыр. Болашақ Пар­ламенттің құрылымына қа­тысты сұрақ­тар да аз емес. Бүгін Мемлекет басшысы солардың бір­азына жауап берді. Прези­дент­тің пікірінше, депутаттардың са­нын тым көбей­тудің қажеті жоқ. «Кері­сінше, оң­тай­ландыру керек, Парл­аменттің жұмысын жетілдіру қажет» деді. Мәселен, бір пала­талы жаңа Пар­ла­ментте Прези­дент квотасы бол­майды. Барлық депутат бірдей тәртіппен сайлана­ды. Онда жаңа комитеттер ашуды да ұсынды. 

Жалпы, бүгін еліміздің келе­ше­гіне қатысты маңызды пікірлер, бас­тамалар ортаға салынды. Фо­рум­ға қатысқан бүкіл билік тар­мақ­тары оларды іске асыру бой­ынша жұмылып жұмыс атқарады.

Мен өз ойымды Президенті­міздің мына бір сөзімен түйіндегім келіп отыр: «Қазақстанның еге­мендігі, дербестігі, тәуелсіздігі – бәрінен қымбат. Бұл – ұлтымыз­дың алдында тұрған ең биік мақ­сат». Қазіргі атқарылып жат­қан игі істер мен реформалардың түп­кі мәні осы деп білемін.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 03:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары