Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

Аяғын қолын жоғалтқан адамдардың жүрегіне жалау болармын... : Тамара Асар маңызды шешім қабылдағанын айтты

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

Қоғамдық іс шара кезіндегі әрекеті үшін астаналық спортшыға айыппұл салынды

Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

Қазақстан ІІМ делегациясы БҰҰ Полиция саммитіне қатысуда

Түркістан облысында жүздеген мемлекеттік мекеме экологиялық заңнаманы бұзған

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

Астанада Аманжолов көшесі толығымен жабылады

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

Үлкен жеңілдіктер күдікті белгі. Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыны қалай тексеруге болады?

Ерлан Қошанов, Мәжіліс Төрағасы: Ашық диалог айқын сенім кепілі

Ерлан Қошанов, Мәжіліс Төрағасы: Ашық диалог айқын сенім кепілі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жұртшылықты толғандырып жүрген ең өзекті сұрақтарға өзіне тән парасатпен әрі байыпты мәнермен боямасыз, бүкпесіз жауап берді. Бұл оның халықпен тікелей диалогқа ашықтығын, дайын екенін тағы да көрсетеді. 

Өткен жылдың басты қорытындысы ретінде Президент ұлттық экономи­каның орнықты әрі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Жан басына шаққанда елдің ішкі жалпы өнімі ұзақ жылдан бері алғаш рет 15 мың доллардан асты. Осыдан екі жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газетіне берген бастапқы сұхбатында Мемлекет басшысы Халық­аралық валюта қорының болжауынша, аталған көрсеткіш 2028 жылға қарай 16,8 мың долларға дейін өсетінін айтқан еді. 

Қазіргі уақытта мұның қолдан келетін шаруа және жете ойластырылған, жүйелі саясаттың тікелей жемісі екенін анық көріп отырмыз. Президенттің ал­дыңғы сұхбаттарында көтерілген барлық мәселе мен бастама тек сөз жүзінде қалмай,  дәйекті түрде іске асып, ел бола­шағына біртұтас негіз болып қаланып жатқанын атап өткен жөн. Жақ­сы нәтижелермен және зор жетіс­тіктермен қатар Президент халық ара­сында кеңінен талқыланып отырған ең түйткілді тақырыптарға да тоқталып өтті.

Әсіресе, жуырда қабылданған Салық кодексі қоғам мен іскерлік топтардың ерекше назарында болды. Бұл былтыр ең көп пікірталас тудырған мәселенің бірі десек, артық емес. Осы құжатты әзірлеу барысында шын мәнінде ауқымды жұмыс атқарылды. Мәжілістегі жұмыс тобы мүшелерінің саны 300 адамға дейін жетті. Бес мыңнан астам түзету енгізілді.

Талқылаулар орталықтағы және өңірлердегі түрлі диалог алаңдарында өтті. Атап айтқанда, қосылған құн салы­ғының мөлшері мен шегі төңірегінде көп пікір айтылды. Жоғарғы шекті 4 сатыға төмендетіп, бұл өзекті мәселенің нүктесін Мемлекет басшысының өзі қой­ды. Бүгін Президент салық рефор­масының идеологиясын түсіндіріп, ендігі жерде басты басымдық серіктес­тікке берілетінін айтты.

Негізгі мәселе – мемлекеттің де, азаматтардың да, бизнестің де өз міндеттемелерін адал және саналы түрде орындауы. Бұл – бүкіл әлемде қалыптасқан тәжірибе: адам неғұрлым көп салық төлесе, соғұрлым мемлекеттен жоғары сапалы қызмет көрсетуді талап етуге құқылы. 

Былайша айтқанда, салық төлеу – жақсы жол, сапалы медицина мен білім деген сөз. Осы қарапайым әрі түсінікті формула азаматтық жауапкершіліктің негі­зін қалап, қоғамдық сананы біртіндеп өзгертеді. 

Президент тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының көңіл көншітпейтін жағдайы, тарифтердің көтерілуі сынды түйткілді мәселелер бойынша да мемлекет мүддесі тұрғысынан тұшымды жауап берді.Мемлекет басшысы бұл күрделі де қиын тақырыпты айналып өтпей, керісінше осы мәселеге ашық тоқталып отыр.

 Көп жыл бойы арзан жанармай, электр қуаты мен төмен тарифтерден түскен пайда жекелеген олигополия мен жосықсыз делдалдардың қалтасына түсіп келді.Оның үстіне, бұл жайт эко­номиканы тұралатып, өзекті мәселе­лердің шешілуін кешеуілдетті. Бүгінде сол саясаттың салдары ерекше сезілуде.

Президент ондай теріс тәжірибені тоқтатып, барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, қордаланған мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс істеп жатыр.

Мемлекет тарапынан, соның ішінде заңнамалық деңгейде де жаңа ережелер енгізілуде. Негізгі ұстаным – ашықтық және бірінші басшылардың тікелей жауапкершілігі. Енді қаражат жылу электр орталықтары мен коммуналдық желілерді жаңғыртуға жұмсалады.  «Тарифті инвестицияға айырбастау» тәсілі де тиімділігін көрсетуде.

Алғашында халыққа тосындау көрінген тарифтерді өсіру шаралары да өз нәтижелілігін, белгіленген бағыттың дұрыстығын көрсете бастады.

Сонымен қатар Мемлекет басшы­сы­ның бастамасымен қолға алынған конституциялық реформа Мәжіліске Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңдау құқығын берді. Бастапқы есептің тақырыбы дәл осы жылумен қамту сала­сының аудиті болды.

Бүгінде осы шаралардың бәрі өз жемісін беріп жатқанын көріп отырмыз. 2025 жыл тұрақтылық жылы болып, айтарлықтай коммуналдық ақауларсыз өтті. Бұл – жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігінің айқын дәлелі.

Қасым-Жомарт Кемелұлы пре­зиденттік қызметіне кіріскен күннен бастап ауылды дамытуға баса көңіл бөліп келеді. Ауылдың инфрақұ­ры­лымдық және институционалдық дамуына оның сайлау алдындағы бағ­дарламасында айтылған бастамалар тың серпін берді. Президент сайлауынан кейін бірден қол қойылған жарлықтың бірі «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2027 жылға дейінгі тұжырымдамасы» болуы кездейсоқ емес.

Екі жыл қатарынан диқандарымыз рекордтық өнім алуы – осындай жүйелі қолдаудың тікелей нәтижесі. Бүгінде 70 елге экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы сомасы 5 млрд АҚШ долларынан асады. 

Қазір агроөнеркәсіптік кешенге елді сапалы жұмыс орындарымен қамта­масыз етіп, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығара отырып, эконо­миканы тұрақты дамытудың негізгі драйверінің біріне айналуы үшін қажеттінің бәрі бар.

Президент өз сұхбатында агроөнер­кәсіптік кешенді дамытудың келесі қа­дамы және миллиондаған ауыл тұрғы­нының табысын арттыруда негізгі аспектісі ретінде ауыл шаруашылығы кооперациясының маңыздылығын тағы да еске салды.

Мемлекет басшысының табанды­лығы негізсіз әлеуметтік жеңілдіктердің тым көбеюі мәселесінен де көрінді. Бұл тақырып оның Жолдауында да қозғалған еді.Осы тұста Президенттің түпкі ойының астарына үңілген жөн. Ол қазақстандықтарды еңбекқор ұлт ретінде көргісі келетінін бірнеше рет айтқан болатын.

Алайда, өткен жылдар тәжірибесі, керісінше, қоғамдағы масылдықтың күшеюіне түрткі болды. 

Соның салдарынан елімізде жүзден астам түрлі жеңілдік енгізілді. Оны миллиондаған қазақстандық пайдала­нуда. Бұл елдің дамуын тежейтін, мемле­кеттің қыруар ресурсын басқа жаққа бұрып әкететін ауыртпалыққа айналды.

Кейбір отбасылар азды малданып, әлеуметтік төлемдермен ғана күн көруге көшкен тұтас бір тұтынушылық мә­дениет қалыптасты. Мемлекет басшы­сының реформалары осы бұрмаланған түсінікті өзгертуге және азаматтарды табанды еңбек етіп, лайықты жалақы алуға ынталандырады. 

Өткен жылдың «Жұмысшы маман­дықтар жылы» деп жарияланып, барлық дең­гейде еңбек адамына, еңбек динас­тияларына құрмет көрсетілуі бекер емес. Олар өз заманының ерен ерлеріне айналды. Бұл мысалдар жастарымыз үшін жарқын үлгі болды. Жас буын жұ­мысшы мамандықтарға қызығушылық таныта бастады. Жалпы, қазіргі жастар – еліміздегі көптеген әлеуметтік оң өзгерістің қозғаушы күші.  Мәселен, Президентіміздің «Таза Қазақстан» идеясын алайық. Бірінші кезекте, бұл бастама жастардың арқасында жай ғана экоация емес, санаға серпіліс берген өмір салтына айналды. Бүгінде мемлекет тарапынан қазақстандықтардың өзін-өзі толыққанды танытуы үшін барлық жағдай жасалуда, оларға кез келген мүм­кіндіктер ашық және олар өз болашағы­ның иелері. Біздің жастар қиындықтан қашпайды. Оған су тасқыны, алапат өрттің кезінде көз жеткіздік. Президент пен жастар алдыңғы шепте жүрді. «AMANAT»  партиясының жастар қанаты да осы істердің бел ортасынан табылды. 

Бүгінде жас толқынның өмір­ден өз орнын табуына жан-жақты жағдай жасалуда. Олардың алдында барлық мүмкіндікке жол ашық. Жастардың өз тағдыры өз қолдарында. Бұл ретте жаһандық цифрлық трансфор­мация дәуірінде жастарды назардан тыс қалдырмай, оларға жол көрсетіп, дұрыс тәрбие беріп, жігерлендіру – маңызды міндет. Атом электр стансасын салу, жа­сан­ды интеллектіні енгізу, жаппай цифрландыру – жастардың алға қарай нық қадам басып, дамуына жасалған жаңа мүмкіндіктер.

Президент жаһандық үрдістерді жақсы түсініп, қажетті бағыт-бағдарды дер кезінде айқындап беріп отыр. Ал бұл әлемнің дамыған елдерімен батыл бәсекелесуге мүмкіндік береді. 

Біз алғашқылардың бірі болып Жа­санды интеллект туралы заңды, Цифр­лық кодексті қабылдадық. Осы са­лаға қажетті кадр даярлап, ақпараттық тех­но­логиялар инфрақұрылымын дамы­тып, ақпараттық технологиялар индус­триясы көшбасшыларының келуіне жағдай жасап жатырмыз.

Oxford Insights британдық консал­тингтік компаниясының елдердің жа­сан­ды интеллектіні енгізуге даярлық рейтингісі бойынша, Қазақстан 188 мемлекет арасында 76-орында тұр. Бұл – біздің қазіргі ұстанымымыз бен әлеу­етіміздің көрінісі.

Мемлекеттік дерекқорлар, Smart Data Ukimet цифрлық платформасы, жаңа суперкомпьютердің іске қосылуы және дамыған инфрақұрылым еліміздің мықты тұсы ретінде аталды. 

Мұның бәрі Қазақстанның Орталық Азиядағы «озық» ел қатарынан өңірдің цифрлық көшбасшысына айналу кезеңінде тұрғанын айғақтайды. Соным­ен қатар, Президент тапс­ырмасымен Digital Qazaqstan бірыңғай тұжырым­дамалық құжаты әзірленуде.

Жасанды интеллектіні дамыту дербес міндет ретінде емес, техно­ло­гиялық прогрестің ұлттық страте­гия­сының ажырамас бөлігі, азаматтары­мыздың тұрмысын жақсарту құралы ретінде қаралатынын атап өткен абзал. Президенттің сыртқы саясат саласын­дағы қызметі де ерекше назар аударуға тұрарлық.

Баршамыз алмағайып өзгерістердің куәсіміз. Мұндай жағдайда барлық елмен теңгерімді қарым-қатынас сақтай білу аса маңызды. 

Мемлекет басшысының шетелдік әріптестермен тұрақты байланысы, өзара сапарлары, жоғары деңгейдегі кездесулері еліміздің халықаралық деңгейдегі беделін нығайтуға және ұлттық мүддені қорғауға бағытталған.

Біз Президенттің шетелдік көшбас­шылармен бейресми қарым-қатынасын үнемі көріп жүрміз. Халықаралық күн тәртібіне терең үңілуі, дипломатиялық протоколды білуі, әңгімені екінші тарап тілінде жүргізе алуы басқа мемлекеттер тарапынан Қазақстанға деген қызығу­шылық пен сенім туғызады. Дәл осын­дай «галстук­сыз» жүздесулер елдің тұр­ақ­ты дамуына, шетелдік инвести­ция­лардың келуіне кепіл болып отыр.

Халықаралық белсенділікпен бірге мемлекетіміз жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл сұхбаттың атауының өзі соны меңзейді. Мемлекет басшысы жариялаған парламенттік реформа қоғамда талқыланып жатқан басты тақырыптың бірі болып отыр. 

Конституциялық реформаның жаңа кезеңіне дайындық жұмысы қызу жүріп жатыр. Алдымызда референдум, Ата заңға кешенді түзетулердің тұтас жиын­тығын енгізу ісі күтіп тұр. Жаңа Парла­мент тек партиялық тізім бойынша жасақталатыны белгілі. Қазіргі Мәжі­ліс – ел тарихындағы ең көппартиялы Парламент. Бүгінде бізде қоғамның әртүрлі жігін қамтитын алты партия жұмыс істейді. 

Осы жылдары фракцияаралық диал­ог мәдениеті қалыптасты. Ол ел дамуы­ның ең маңызды мәселелері бойынша дұрыс шешім қабылдауға септеседі. Біздің жиған тәжірибеміз болашақ бір палаталы Парламентке жақсы негіз болады деп сенемін. Сұхбатты оқып шыққанда Президент еліміздің дамуына бағытталған және кезең-кезеңімен халық тұрмысын жақсартатын біртұтас саясатты дәйекті түрде жүзеге асырып жатқанына тағы да көз жеткіземіз.  Мемлекет басшысы алған бағыттан таймай, күллі қазақстандық үшін тең мүмкіндіктер елін құру жолында межелі мақсатқа қарай беттеп келеді.

Жалпы, Президенттің жаңа жылды халықпен емен-жарқын сұхбаттан бас­тауы азаматтардың ел тағдырынан өздерінің тысқары еместігін сезінуіне, тари­хи процестердің тереңдігін ұғыну­ына, қабылданған маңызды шешімдерді Президентпен бірге байыптауына мүмкіндік береді.

Ал Мемлекет басшысының жеке қызығушылықтары, денсаулығы, әріп­тес­терімен қарым-қатынасы, қарапайым адами тіршілігі жайындағы ой-толғаныстары халықты көшбасшы­сына етене жақындастыра түсетіні сөзсіз.

Қасым-Жомарт Кемелұлының осындай ашық әңгімесі оның адалды­ғын, терең парасаты мен жауапкер­ші­лігін, «Таза Қазақстан», «Адал Азамат», «Заң мен тәртіп» идеяларымен үндес құндылықтар иесі екенін көрсетеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 05:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

09 Шілде 2026 08:19see117

Аяғын қолын жоғалтқан адамдардың жүрегіне жалау болармын... : Тамара Асар маңызды шешім қабылдағанын айтты

08 Шілде 2026 22:14see116

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

09 Шілде 2026 14:20see115

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

09 Шілде 2026 19:58see115

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

09 Шілде 2026 09:11see113

Қоғамдық іс шара кезіндегі әрекеті үшін астаналық спортшыға айыппұл салынды

09 Шілде 2026 08:18see112

Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

09 Шілде 2026 11:59see110

Қазақстан ІІМ делегациясы БҰҰ Полиция саммитіне қатысуда

09 Шілде 2026 00:22see108

Түркістан облысында жүздеген мемлекеттік мекеме экологиялық заңнаманы бұзған

08 Шілде 2026 22:41see108

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

10 Шілде 2026 10:12see108

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

09 Шілде 2026 10:12see108

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

09 Шілде 2026 21:10see107

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

10 Шілде 2026 16:08see106

Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

09 Шілде 2026 08:16see106

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

10 Шілде 2026 10:52see106

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

10 Шілде 2026 10:12see105

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

09 Шілде 2026 13:35see105

Астанада Аманжолов көшесі толығымен жабылады

09 Шілде 2026 10:31see105

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

10 Шілде 2026 10:08see104

Үлкен жеңілдіктер күдікті белгі. Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыны қалай тексеруге болады?

10 Шілде 2026 10:42see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары