Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

Алматы облысында мектептер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

Қазақстанда жекеменшік мектептерді қаржыландырудың тұрақты мөлшері белгіленбек

Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде миллиардтаған қаржы тартылған 215 жоба іске асырылуда

Алматы облысында 3 мың метр биіктікке шыққан турист қыз адасып қалған

Вице президент Ерлан Карин туралы не белгілі

Вице президент Ерлан Карин туралы не белгілі

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ерлан Қарин ресми түрде Қазақстанның вице-президенті болды. Ол туралы не белгілі – Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.

Бұл қызметке Ерлан Қариннің кандидатурасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Құрылтай депутаттары оны 31 тамыздағы отырыста қолдады. Тағайындау туралы жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Ерлан Қариннің өмірбаяны

Ерлан Қарин 1976 жылы Түркістан облысының Ақсу ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін, 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аспирантурасын бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 1996 жылы Ақтөбедегі №33 орта мектепте тарих және география пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1998 жылы Қазақстан даму институтының Саяси зерттеулер орталығына жұмысқа ауысып, Ресей және Қытай институты директорының орынбасары болды.

2000 жылы Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры болып тағайындалды.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қызылорда облысында жыл басынан бері 88 мыңнан астам ағаш көшеті егілді

29 тамыз 15:33 1

2002 жылдан бастап Қазақстан Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі болды.

2003 жылы "Асар" партиясы төрағасының бірінші орынбасары және Халықаралық заманауи саясат институтының бас директоры қызметтерін атқарды.

2004 жылы Лаңкестікке қарсы бағдарламалар орталығын басқарды, ал 2006 жылы Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды.

2008 жылдан бастап Қазақстан Президенті Әкімшілігінде ішкі саясат бөлімін басқарды. Сол жылдың қарашасында "Нұр Отан" партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы болып тағайындалды.

2014 жылдан 2017 жылға дейін Қарин Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын басқарды. Кейін, 2017 жылдың ақпанында "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы болды.

2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Президентінің кеңесшісі, ал 2020 жылдың шілдесінен бастап Президент көмекшісі болып жұмыс істеді.

2022 жылдың қаңтарында Ерлан Қарин Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Сол жылдың маусымында Мемлекеттік кеңесші болды.

2026 жылғы 30 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қарин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Жалған тарихшылар мен ақпараттық рэкет. Ерлан Қариннің мәлімдемелері

Ерлан Қарин ел үшін өзекті тақырыптар бойынша жиі пікір білдіріп тұрады.

Мәселен, шілдеде Қазақстан тарихы жөніндегі редакциялық алқаның қорытынды отырысында Қарин жалған тарихшыларды сынға алды. Оның пікірінше, олар қоғамға өздерінің үстірт көзқарастары мен негізсіз теорияларын таңып, популизм арқылы жалған тарихи мифтерді қалыптастыруға тырысады.

"Тарих – бұл, ең алдымен, ғылым. Сондықтан тарихты зерттеуде әлеуметтік желілер арқылы түрлі жалған тарихи мифтерді тарататын жалған тарихшыларға емес, кәсіби мамандардың еңбектеріне сүйену қажет. Өйткені кәсіби тарихшылар ғылыми интеллигенция өкілдері ретінде қоғамға тарихымыз туралы дұрыс, объективті түсінік беріп, сол арқылы жалпы тарихи сауаттылықты арттыра алады", - деді сол кезде Ерлан Қарин.

Сонымен қатар ол блогерлердің немесе белсенділердің танымалдылықты қысым жасау, бопсалау және ақша талап ету үшін пайдалануы – "инфо-рэкет" туралы айтты. Қарин мұндай әрекеттерді қолдауға болмайтынын мәлімдеді.

"Мен жекелеген блогерлер мен белсенділердің қызметі кәдімгі бопсалауға айналып кеткен "инфо-рэкет" құбылысына баса назар аудардым. Мұндай тәжірибе өткен кезеңдердегі деструктивті элементтермен "жағыну саясатының" нәтижесінде пайда болып, түрлі жалған қоғам белсенділерін, блогерлер мен "қолбала оппозиционерлерді" тудырды. Қазір олар кезіндегі құдіретті патрондары мен жомарт клиенттерінің қамқорлығысыз қалса да, ескі әдетімен әлі де бұрынғы әдістермен табыс табуға тырысып жатыр. Қазір елімізде мүлдем басқа саясат жүргізіліп, басқа құндылықтар дәріптеледі. Біз "инфо-рэкетті" қандай да бір жеңілдіктермен, марапаттармен немесе келісімшарттармен ынталандырмауымыз керек", – деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ Қарин треш-стримерлерді жазалау қажеттігі туралы мәлімдеме жасады. Ол бейәдеп және орынсыз контентпен күресу қоғамдағы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру үшін маңызды екенін айтты. Оның пікірінше, өзгерістерге ұрандармен емес, нақты шаралармен және заңның сақталуымен қол жеткізу керек.

Айта кетейік, Ерлан Қарин Қазақстанның жаңа Конституциясын әзірлеуге және Ата заңдағы негізгі өзгерістерді түсіндіруге белсенді қатысты. Қариннің 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституция туралы бірнеше пікірі:

"Түптеп келгенде, жаңа Конституция оны қолдағандарға да, күмән келтіргендерге де бірдей қорғау мен тең кепілдік береді. Егер ертең азаматымыз әлемнің кез келген нүктесінде қиын жағдайға тап болса, мемлекет оны жалғыз қалдырмайды. Жаңа Конституцияда "әрбір азамат – мемлекеттің басты құндылығы" деген принцип нақты бекітілген". "15 наурыз – бұл жай ғана референдум күні емес, бұл – Жаңару күні. Егер азаматтар қолдау көрсетсе, біз жаңа дәуірге қадам басамыз. Адамдар баспанасынан заңсыз шығарылмайды, дербес деректер қорғалады, ал халық егемендіктің бірден-бір иесі деп танылады. Жаңа Конституция ауқымды инновациялар мен игі істердің бастауы болсын!". "Жаңа Конституциямен бірге біз жаңа дәуірге аяқ басамыз. Бұл – мыңжылдық тарихтың тынысы сезілетін Конституция. Онда жас ұрпақтың қуаты мен талпынысы көрініс тапқан. Бұл – халықтың үні естілетін Конституция. Жаңа Ата заңнан Президенттің қолтаңбасы, өмірлік ұстанымдары мен реформаторлық стилі анық байқалады. Ашығын айту керек: Мемлекет басшысы өзінің бүкіл тәжірибесін, білімі мен күш-жігерін елге және халықтың болашағына қызмет етуге жұмсап отыр".

Сонымен қатар Қарин "Заң мен тәртіп" қағидатын үнемі еске салып отырады. Ол заң бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығын және заңның бәріне ортақ болуы тиістігін баса айтады. Атап айтқанда, ол есірткі таратқаны үшін жазаны жеңілдетуге қарсы шығып, мұндай мәселелерде қоғамдық пікірді манипуляциялауға жол бермеуге шақырды.

Сондай-ақ Ерлан Қарин "Құрмет", ІІ дәрежелі "Достық", ІІ және І дәрежелі "Барыс" ордендерімен, "Отан" орденімен марапатталған. Бұдан бөлек, ол Қазақстанның бірқатар мемлекеттік наградасын және Өзбекстан Республикасының "Дуслик" (Достық) орденін иеленген.

Қарин ғылыми және публицистикалық жұмыспен де айналысады. Ол "Халифат сарбаздары: аңыз бен ақиқат", Джейкоб Зеннмен бірлесіп жазған "ДАИШ пен Әл-Каида арасында: Сирия соғысындағы Орталық Азия содырлары", "Балбалтас. Орхоннан Каспийге дейін", Галина Ксенжикпен бірлесіп жазған "XVII - XX ғғ. басындағы Қазақстан тарихы бойынша картографиялық материалдардың жиынтық каталогы" сынды кітаптардың авторы.

Еске сала кетейік, вице-президент институты 2026 жылғы 15 наурызда референдумда қабылданған жаңа Конституцияда пайда болды. Биыл қаңтарда Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президентті Президенттің өзі тағайындайтынын және оның өкілеттігін айқындайтынын мәлімдеген болатын.

Президент сол кезде: "Ол белгілі, сіздер жақсы білетін адам болады ", – деп атап өткен еді.

Тағы оқыңыз: “Зор мәртебе“: Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалғаннан кейін сөз сөйледі

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:61
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Тамыз 2026 19:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see163

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see161

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

29 Тамыз 2026 21:14see157

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

29 Тамыз 2026 21:13see155

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

29 Тамыз 2026 21:13see149

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

29 Тамыз 2026 21:14see147

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

30 Тамыз 2026 11:40see147

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

29 Тамыз 2026 21:27see142

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

29 Тамыз 2026 21:14see140

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

30 Тамыз 2026 17:24see138

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

31 Тамыз 2026 00:46see129

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

30 Тамыз 2026 22:45see129

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

31 Тамыз 2026 07:42see122

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

30 Тамыз 2026 20:52see120

Алматы облысында мектептер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

30 Тамыз 2026 11:02see119

Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

31 Тамыз 2026 11:59see118

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

30 Тамыз 2026 15:49see116

Қазақстанда жекеменшік мектептерді қаржыландырудың тұрақты мөлшері белгіленбек

31 Тамыз 2026 14:20see109

Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде миллиардтаған қаржы тартылған 215 жоба іске асырылуда

31 Тамыз 2026 09:06see107

Алматы облысында 3 мың метр биіктікке шыққан турист қыз адасып қалған

30 Тамыз 2026 18:26see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары