Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Вице президент институты Қазақстанға не береді

Вице президент институты Қазақстанға не береді

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Вице-президент қандай функция атқарады?

Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедтің айтуынша, вице-президент лауазымын енгізу арқылы Мемлекет басшысы басқару жүйесінің тұрақтылығын күшейтпек.

– Ең алдымен, вице-президент басқару тұрақтылығының кепілі ретінде көрінеді. Ол қызметін Президент айқындайтын мандат шеңберінде жүзеге асырады. Бұл басқару жүйесінің икемділігін арттыруға мүмкіндік береді, – дейді ол.

Сарапшының пікірінше, вице-президенттің негізгі функцияларының бірі – Президент пен Парламент арасындағы институционалдық байланысты күшейту.

– Парламенттің рөлі күшейген жағдайда заң шығарушы мен президенттік биліктің өзара әрекеті шешуші мәнге ие болады. Вице-президент осы байланыста жүйелі диалогты қамтамасыз етеді, – дейді Бөріхан Нұрмұхамед.

Фото: Facebook / Бөріхан Нұрмұхамед

Сыртқы саясатта да институттың маңызы ерекше болмақ.

– Халықаралық форумдар мен келіссөздерде мемлекеттің атынан өкілдік ету Президенттің уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және елдің халықаралық белсенділігін арттырады. Бұл ретте вице-президент Мемлекет басшысын алмастырмайды, оның толық өкілетті өкілі ретінде әрекет етеді, – деп атап өтті сарапшы.

Институционалдық тұрғыдан алғанда, вице-президент лауазымы билік иерархиясын нақтылай түседі.

– Көп жағдайда бейресми ықпал орталықтары өкілеттіктердің айқын бөлінбеуінен пайда болады. Ал вице-президенттің мәртебесі басқаруды ашық әрі түсінікті етеді, – деді Бөріхан Нұрмұхамед.

Оның айтуынша, бұл институт президенттік билікті әлсіретпейді.

Билік транзиті: әлемдік тәжірибе және Қазақстанның жолы

Мемлекет тарихы институтының директоры, саясаттанушы, PhD, қауымдастырылған профессор Нұрбек Пұсырманов бастаманы президенттік модельдің эволюциялық дамуы ретінде бағалайды.

– Соңғы бес жылдағы реформаларды ескерсек, бұл «суперпрезиденттік» модельден кезең-кезеңімен кетудің белгісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Президент билігінің ұжымдық сипатын арттыру азаматтық сенімді күшейтеді. Вице-президент өз кезегінде президент институты ішінде тепе-теңдік сақтаушы рөл атқаруы ықтимал, – дейді ол.

Сарапшы бұл өзгерісті «жеке биліктен – институционалдық басқаруға» көшу деп сипаттайды.

Фото: Мемлекет тарихы институты

Профессор Қазақстан Конституциясының тарихына да назар аударады.

– Конституция 7 рет өзгертілді. Бірақ 94-баптың 2-тармағындағы вице-президентке қатысты норма өзгеріссіз қалды. Демек, бұл лауазым жойылғанымен, негізгі заңда сақталып келді. Бұл норманы қайта жандандырудың уақыты жеткенін білдіреді, – дейді ол.

Оның пікірінше, вице-президент лауазымы билік транзитін заңды әрі үйлесімді жолмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Президент мерзімінен бұрын орнынан кеткен жағдайда Құрылтай спикерінің билікті алуы логикалық қайшылық тудыруы мүмкін. Себебі Президент сайлауында басқа саяси күш ұсынған кандидат жеңуі мүмкін, ал парламент сайлауында оппозициялық күш алға шығуы ықтимал. Қарама-қарсы ұйымдардың өкілдері бір-бірін тек сайлауда алмастыруы тиіс. Сол себепті вице-президент билік арасындағы үйлесімділікті жалғастырушы тұлға ретінде көрініс табады. Осы тұрғыдан алғанда, ол қазіргі Сенат төрағасы мен Мемлекеттік кеңесші лауазымдарының кейбір функцияларын өзіне алады, – дейді ол.

Әлемдік тәжірибеде институт тиімділігін дәлелдеген.

– АҚШ-та вице-президенттік механизм бірнеше рет дағдарыссыз іске асты. Түркияда бұл институт президенттік вертикальды нығайтты. Латын Америкасында тұрақтандырушы рөл атқарды, – дейді Нұрбек Пұсырманов.

Ғалым Венесуэлладағы соңғы жағдайды мысал ретінде келтіреді.

– Биыл Венесуэлада ел президенті Николас Мадуроның билігі дүрбелеңге ұшыраған кезде вице-президент Делси Родригес Конституциялық нормаларға сәйкес уақытша мемлекет басшысы міндетін атқарды. Осы арқылы елдің әкімшілік басқару жүйесінің толықтай тоқтап қалуына жол берілмеді. Салыстырмалы талдау көрсеткендей, вице-президент институтының тиімділігі тек конституциялық нормалармен емес, саяси өзара әрекеттесу тәжірибесімен анықталады, – дейді ол.

Қазақстанда вице-президент институты бұрын да болған. Ол 1991 жылы енгізіліп, 5 жылдан соң қайта жойылды. Сарапшы бұл қызметті ел тарихында жалғыз рет Ерік Асанбаев атқарғанын еске салды.

– 1991-1996 жылдары вице-президент лауазымы балама билік орталығы болған жоқ. Ол өтпелі кезеңде заңдылықты қамтамасыз етуге және өкілдік функцияларды орындауға бағытталды. Сондықтан 1996 жылы бұл институт саяси шешіммен оңай жойылды, – дейді сарапшы.

Саясаттанушының пікірінше, араға 30 жыл салып лауазымды қайта жаңғырту идеясының көтерілуі елде саяси жүйенің дамып келе жатқанын көрсетеді.

Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы қандай мәселелер көтергенін мына жерден оқуға болады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 20:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары